Ал,қанекей біз » Қазақша білім сайты
Жарнама



Ал,қанекей біз

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы

Сарыобалы ауылы №34 негізгі мектеп

Түсіпова Құралай Бекешқызы технология пәні мұғалімі

Тақырыбы: Ал,қанекей біз!

Мақсаты: Оқушыларды шеберлікке баулу. Өз ұлтының мәдени мұрасын қадірлеп , қастерлеуге , ұлттық дәстүрді сыйлауға,ұлттық тағамдарды әзірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі :плакат ,бұйымдар, бүктемелер, азық-түліктер,құрал-жабдықтар.

Пән аралық байланыс:әдебиет, тарих, матиматика, сызу.

Сабақ түрі: сайыс сабақ

І.Ұйымдастыру бөлімі:

1.Сайыстың тақырыбымен таныстыру.

2. Сайысқа қатысушы топтармен таныстыру.

3.Әділқазы алқаларымен таныстыру.

4.Сайыстың шарттарымен таныстыру.

Жүргізуші: Өнер-білім икемді болсын деп Өрен – өршіл өркенді болсын деп, Жақсы жолды таңдайық

Жаманды тәлім алмайық

Дарынды мектеп дәстүрін

Жаңалайық,жалғайық.

Ары адал , жаны жаз.

Мұғалім: Армысыздар қадірменді көрермен қауім! «Өнерлінің өрісі кең» демекші, 8-9 сынып оқушыларын өткелі отырған «Өнерлі», «Шеберлі» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Өнер мен шеберліктің сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты- деп бүгінгі сайысымызды саралайтын әділқазылар алқасын сайлап алайық.

Жүргізуші: Бүгінгі сайысымызға қатысуға келіп отырған екі топтың оқушыларын ортаға шақырамыз. Сонымен қадірменді көрермен қауім, өнерімен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға баршаңыз да қош келдіңіздер.

Ендігі сәтті бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

1-шарт. «сәлем сөздің атасы» - деп аталады, әр топ атымен, ұранымен, эмблемасымен таныстырады. /4мин/

2-шарт. «Бәйге » құрақ-жауап сайысы. 5 сұрақ технология пәнінен /15 мин/

3-шарт. «Кім жылдам?» /8 мин/

Әр топ мүшелері өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.

а/ «Ою ойғанның ойы ұшқыр» /қағаздан ою ою /

ә/ Картоп ашу

б/ Инені сабақтан түйіндеу

в/ Түйме қадау

г/ 1 минут ішінде инеге бисер өткізу.

4- шарт. «Тіл өнері» /5 мин/

Мақал-мәтелдерден , жұмбақтардан жасырылған сөздердің жауабын табу.

5-шарт. «Ас адамның-арқауы» /10мин/ салат түрлерін дайындау.

6-шарт. «Білімді мыңды жығар» әр түрлі пәндерден сұрақтарға жауап беру.

7-шарт. «Он саусағы майысқан шебер болар ұрпағымыз»- қол өнер бұйымдарын көрсету.

8-шарт.Шаш үлгісі

Сайыстың 1-шарты бойынша әр топ өздері таныстырады.

2-шарт »Бәйге»

Әр топқа 10 сұрақтан.

1-топ 8- сынып.

1.Ұлттық баскиімді ата./Сәукеле,тақия,бөрік т.б./

2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам / құрт/

3.Азық-түлік тапшы болғандағы жұт түрі. / Аштық/

4.Үш арсызды ата. /Ұйқы, күлкі, тамақ/

5.Ою өрнек түрлері нешеге бөлінеді ? /4: жануар тектес, өсімдік тектес, геометриялық, космогониялық/

6.Химиялық талшықтар нешеге бөлінеді? /Жасанды, синтетикалық/

7.Мал сүйегінен шығарылатын дәмі,иісі жоқ мөлдір тағам желіні, ұнтақ немесе сары түстес кесек түйіршектері. / Желетин/

8.Киізге ою өрнек басып жасалған аілемше. /Тұскиіз/

9. Кестелеуге ине мен жіптің қандай түрін алған жөн? /Жіңішке ине, кесте жіп/

10.Қандай қолданбалы өнер түрлерін білесіңдер?/Кілем тоқу, құрақ құрау, киіз басу, сырмақ сыру/

«Бәйге» 2-топ. 9-сынып.

1.Табиғи жүнді неден алады. /Қой,ешкі/

2.Кешкі жатарда асты неше сағат бұрын ішу керек? /3 сағат/

3.Қамырдың негізгі шикі заты? /Ұн/

4.Көкөністен дайындалатын салқын тағам. / Салат/

5.Тамақ әзірлеу өнері. /Кулинария/

6. Тігін машинасының әкесі кім? /Элос Хоу/

7.Иық киіміне жататын қазақтың ұлттық киімі. /Камзол/

8.Шым кесте тігу үшін қандай маталар түрі пайдаланады? /Мақта мата, сиса,кенеп, жібек/

9. Тағамның энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? /Каллория/

10.Шыт,атлас,жібек. /Мата/

3-шарт «Кім жылдам?»

а/ «Ою ойғанның ойы ұшқыр» /бір оқушы шығып түрлі түсті қағаздан ою ойып беруі керек/

ә/ Картоп ашу. /1 оқушы шығып картопты жұқа және үзбей ашу керек/

б/ Инені сабақтап, түйіндеу. /Тез әрі дұрыс істеуі керек/

в/ Түйме қадау /Түйме мата түріне сәйкес келу керек/

г/ Бисер тізу /1минут ішінде бисер тізеді ,ұзындығына қарау керек/ 4-шарт. Жұмбақ шешу.

1-топ

1.Бар екен дүниеде жалғыз көзді,

Сол көзбен дүниенің бәрін кезді,

Әлемді он сегіз мың киіндіріп

Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. /Ине/

Оқу инемен құдық қазғандай

2.Құрғақ жерде сақтайсың,

Онсыз тамақ татпайсың /Тұз/

Доссыз адам тұссыз ас.

3.Екі семсер айқасқан ,

Оқта-текте шайқасқан. /Қайшы/

Асыл қайшы пішуге – сән

Күміс қасық-ішуге сән.

4.Арық ат қарны қабысқан

Бір көлді ішіп тауысқан. /Қасық/

Құрғақ қасық ауыз жыртар.

5.Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. /Дастархан/

Қоныс көркі – там,

Дастархан көркі-нан.

2- топ

1.Бір сусын бар жұртымда,

Ішсең уыз ұртыңда

Бәрі содан шығады

Ірімшік май құртыңда. /Сүт/

Жылқыда өт жоқ, құстасут жоқ.

2.Дастарханға шуылдап

Күніне үш жиылар,

Жарты сағат қимылдап,

Жарты сағат жуынар . /Ыдыс – аяқ/

Шешесін көріп қызын ал, ыдысын көріп асын іш.

3.Қимылдаса қос шебер,

Қырау-қырау іс өнер /Қол/

Көз қорқақ, қол батыр.

4.Инеден өзі бір елі де қалмайды,

Бөлшектерді тігіспен ол жалғайды. /Жіп/

5.Киім деуге жатпайды,

Киімді кірден сақтайды. /Алжапқыш/

5-шарт «Ас –адамның арқауы»

Ендеше іске сәт сайыскерлер!

Ас көңілдің ажары деген ырым

Жақсы ғой тағамның сырын білген,

Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер.

Олай болса ,келесі кезекті тамақ әзірлеуге берсек.

Өнер-білім тұңғиығынан нәр алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да жетті. Әр топ салат жасайды. /5 мин/

Келесі кезекте 6-шартымыз «Білімді мыңды жығар» деп аталады. Әртүрлі пәндерден сұрақтар беріледі.

1-топ

Биология. Таза табиғаттан алынатын талшық түрлері. /Мата,зығыр, жібек,жүн/

Қолөнер:Киіз үйдің жабдықтарын ата.

География:Кофенің Отаны. /Африка/

Технология:Өлшемді қай жақтан бастаймыз? /Оң/

Сурет: Байлықпен молшылықты бейнелейтін ою-өрнек. /Қошқармүйіз/

Әдебиет:Үйірілген сары алтындай сары қымыз,

Ауруға – ем ,сауға – қуат, дәрі қымыз.

Елімніңсоциалистік сүйген асы,

Шығаршы тағы нең бар дәрі қымыз,- деп жырлаған бір ғасырлық тарихы бар ақынымыз кім? /Ж.Жабаев/

2-топ

География: Төрт түліктің киелісі – түйе малының шыққан жері . /Орта Азия, Қазақстан/

Сурет: Магиялық ою. /Тұмарша/

Медтцина: Микробтар неден жұғады. /Өз ойлары/

Биология: Етте қандай дәрумендер тобы бар? /А, Д, РР, В/

Медицина:Ұзақ уақыт толық құнды тамақтанбаудың, тамақта тиісті, дәрумендердің болмауынан адам қандай ауруға ұшырайды? /Авитаминоз/

Технология: Киімдегі қосымша пайдаланатын бөлшектерді ұалай атаймыз? /Аксессуарлар/

Медицина: Тамақтың энергетикалық құндылығы немен өлшенеді? /Каллория/

Жүргізуші: Қолдарынан бал тамған,

Таң қалдырған ,нұрланған,- деп сайысымыздың соңғы шарты бойынша оқушылардың қолөнер бұйымдарын тамашалап бағалайық.

8-шарт. Шаш үлгісін көрсету

Мұғалім: Осымен «Ал , қанекей біз» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Оқушыларымыздың жыл бойы алған білімдерін саралау үшін сөз әділ қазылар алқасына беріледі.

Автор: dauke | 29-01-2016, 20:11
Қарау саны: 1187
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :