» » Тәуелсіздік- тағдыр тартуы


Тәуелсіздік- тағдыр тартуы

Тәрбие сағатының тақырыбы:«Тәуелсіздік- тағдыр тартуы»

Кештің барысы: әуен ойналады.2 жүргізуші сахнаға шығады.

1-жүргізуші \Нұрбек\:Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Қазақ хандығының 550 жылдығына» және «Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына» арналған «Тәуелсіздік – тағдыр тартуы атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші \Жазира\: Қазақ елі тәуелсіздікке жету жолында талай қиындықты басынан өткізіп, ұлан-ғайыр жерімізді сұқ көздерден қорғау жолында тебінгіні терге шірітіп, мұз жастанып, қар жамылып, ақ білектің күші, ақ найзаның ұшы, сұңғыла саясаты арқасында бүгінгі күнге жетіп отырмыз.

1-жүргізуші \Нұрбек\: Ендеше, тарихы тереңде жатқан тәуелсіздік тарихына қысқаша шолу жасап көрмекпіз.

І бөлім. «Керей мен Жәнібек хандар»

Көрініс. «Сұлтандар кеңесі»

(Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан әңгімелесіп отырады, үйге бір топ ақсүйектер кіреді)
- Ассалаумағалейкум, ағалар.
- Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы:

- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей-берекетсіздік басып алды. Хан-екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен осы?

Жәнібек: - Иә, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

Жәнібек: - Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?
Керей: - Иә, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: - Біз дайынбыз, бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз!
Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Бата беріңіз. (Жәнібек қолын жайып, бір тізерлеп отыра кетеді)
Керей: Иә, Құдайым оңдасын,
Жаманшылық болмасын.

Жортқанда жолдарың болсын,

Жолдастарың Қыдыр болсын.

Барған жерлерің баянды болсын,

Бақ қонып, ырыс дарысын.

Тек жақсылармен танысқын,

Бағың жанып ұшқан құспен жарысқын.

Көңілің шат, ат-көлігің арымай,
Халқыңмен аман табысқын.
Әумин. (Отырғандар бәрі беттерін сипайды)
2-жүргізуші \Жазира\: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алып, Іле өзенінің бойында қуатты «Қазақ хандығын» құрады.Алайда тәуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады.Ұлан байтақ елімізге жан жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннан қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қан қақсатты.

Қазақ биі: Аскербекова Айгерімнің орындауында тамашалаңыздар!

2.бөлім. «Истатай мен Махамбет».

1-жүргізуші\Нұрбек\: Рухы мен тілін жанындай сүйген,
Адамдар неге санаулы?
Ұлт үшін дәуір отына күйген,
Аталар болды алаулы.

2-жүргізуші \Жазира\: Армандай асқар,

Жолдарға бастар,
Ісіңнен ұрпақ от алар.
Қалмайсың көштен,
Шықпайсың естен,
Тағдыры шыншыл аталар.

2-жүргізуші \Нұрбек\: Иә, тәуелсіздіктің ақ таңын батыр бабаларымыз да жырына қосып, қасиетті тұмарындай пір тұтып өтті. Бабадан қалған байтақ даланы өзгеге таптатпаймыз деп, шекарадан ешкімді аттатпаймыз деп, «егеулі найзасын» қолынан түсірмеген, егемендік жолында жанын берген Исатай мен Махамбеттер де тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалды.

 Махамбет\ Адилхан\: (Батыр киімін киген бала Махамбеттің өлеңін оқиды).

1-оқушы:Ереуіл атқа ер салмай,

Егеулі найза қолға алмай,

Еңку-еңку жер шалмай,

Қоңыр салқын төске алмай,

Тебінгі терге шірімей,

Терлігі майдай ерімей,

Алты малта ас болмай,

Өзіңнен туған жас бала

Сақалы шығып жат болмай,

Ат үстінде күн көрмей,

Ашаршылық, шөл көрмей,

Өзегі талып ет жемей,

Ер төсектен безінбей,

Ұлы түске ұрынбай,

Түн қатып жүріп, түс қашпай,

Тебінгі теріс тағынбай,

Темір қазық жастанбай,

Қу толағай бастанбай

Ерлердің ісі бітер ме?

--------Күй 9б сынып ұлдары: Түркімен күйі.

 3 бөлім. Алаш қайраткерлері

\Слайд\

1-жүргізуші\Жазира\: Тәуелсіздік жолында Алаш қайраткерлері де тер төкті, Кеңестің қылышы жалмаңдаған кезінде де еш қорықпастан, алған бетінен еш жаңылмады. Ұйқыдағы алашын оятуға, көкірек көзін ашуға күш салды. 1937 жылы Алаш зиялыларын қуғын-сүргінге ұшыратып, «халық жауы» атандырды. Олардың 105 мыңы абақтыға жабылып, 27 мыңнан астамы атылды.

2-жүргізуші \Нұрбек\:

Енді бізге қайта оралды заңғарлар,

Сталиннің тозағында жанғандар.

Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,

Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар...

Слайдта\ Мағжан портреті\

Мағжан\ Нұрлан 9 б\:(өлеңі жатқа оқылады, Мағжанша киінсе жақсы болады.)

 Сағындым

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
«Қарашығым, құлыным», - деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым…

Алтын күнді, қара жерді сағындым,
Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым.
Асау тайдау еркелетіп өсірген –
Ағайынды, туған елді сағындым…

Бостандықта өткен күнді сағындым,
Желдей заулап кеткен күнді сағындым.
Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті –
Ойдағыны еткен күнді сағындым…

Уға толы жас жүрегім, жабықтым,
Таныс дауыс ести алмай зарықтым.
Не дегенін, не істегінін біле алмай,
Қоры болдым ғой азат жүрген халықтың!..

 4. бөлім. Ұлы жеңіске 70 жыл

 Слайд көрсетіліп ,әуен естіледі. Сахнаға жүргізушілер шыгады.

Нұрбек: Тарих беті үнемі жаңарып отырады.Деседе умытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген Екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетін,батыр ағаларымызбен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашанда ұмытпақ емес.

Жазира:Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес.Сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды,бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді ..күте берді.

Көрініс: «Соғыс қасіреті» \ әуен ойналып тұрады\

Төрде далада әкесі мен әжесі отырады. Әжесі жіп иіріп отыр, ал әкесі пышақ қайрап отыр.

Немересі\ Жанар\: Әже ,әже! Бүгін менен бақытты адам жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келед.\ әжесін құшақтап еркелей күледі\

 

Әжесі\ Камила\: боласың құлыным дәрігер. Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет құлыным! \ маңдайынан сүйіп қасына отырғызады\ әкесі жымиып күліп пышағын кайрап отыра береді.,келіні ыдыс алып келе жатады да кенет тоқтап радиодағы хабарды тыңдап тұрып қалады.\

Радио\Айда\: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва,Бүгін таңғы сағат 4-те неміс Фашистері Германия мен Совет Одағының арасындағы шабуыл жасамау туралы шартты опасыздықпен бұзып,біздің еліміздің территориясына басып кірді.

 Әуен ойналады.ән « Свещенная война» \ Келіннің қолындағы ыдыс түсіп кетеді.ол жылап бетін басады.\

 Немересі\ Жанар\: - Аттан! –деді,

Ол кәзір аттанады

Жауынгердің ролін атқарады.

Аттан, әке,

Жолыңнан кешігесің,

Кеудесінде жаны бар пақырларың,

Тауып жейді сенсіз несібесін, Аттан әке! \әкесін құшақтайды\

 Әкесі\ Айбек\: Тыңда балам, тыңда күнім,

Болуға жара қолғанат

Кәрі анам сәби інің

Барлығы саған аманат.

Әжесі\ Камила\: Оралсын аман жеріне

Көріссін туған елімен

Келін –ау көздей қалтаға

Топырақ салып бересің!

Келін\ Жанель\: Кебін киген өледі

Кебенек киген келеді

Туған жерден дәм татса

Кешікпей дейді келеді!\ жарының соңына жылап қалады\

 Әкесі: Қош аман бол жұртым.. елім, отбасым саған аманат!

 Оқушы\Даиана\: Соғыс деген кайдан шықты

Авторы кім алғашқы?

Есіл адам, есі кетіп

Оған несін жармасты?!

Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?

 Соғыс деген –аққан соры ақсұйектің ,құлдың да

Соғыс деген- төққен ары ұлдың және қыздың да

Соғыс деген – сотқарлардың қолындағы найзасы

Соғыс деген- соғыс деген- зұлымдықтың айнасы.

 Оқушы\ Айдана\: 70 жыл- бейбіт көктем таңатқалы

70 жыл- шауакты күн таратты әнін

Талай құс содан бері қайта оралды

Талай бақ әлеміне қайта оранды.

Соғыста өлгендер еш оралмайды

Тек ұрпақ олар жайлы айтад әнді

70 жыл- жауыздықтың ажал оғы

Біздің елдің үстінен ұшпағалы.

 Нұрбек :1945 жылдың 30сәуірінің кешінде 6сағат 30минутта Жеңіс туы тігілді. 4жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9мамыр— Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20миллионнан астам адам қайтқан жоқ, алсоның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.

 Жазира :Иәаспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне— 70жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанынада — 70жыл.

Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өзтөрешісі бар.

 -------Ән: \Ата- мекен\

Орындайтын: Мергенбай Зәуре

5 бөлім. «Желтоқсан оқиғасы»

Слайд- Желтоқсан.

Нұрбек: Тәуелсіздікке жетудің тар соқпағында талай батыр ағаларымыз бен әпкелеріміз жас жандарын қиды. . Қазақ деген елді тек қазақ қана басқару керек деп, елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттың намыс құдыретін паш етті.Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді.Тарихта аты қалған өмірі қыршынынан қиылған Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаев сынды аяулы апаларымызбен ,ер жүрек ағаларымыздың есімі біздің жүрегімізде мәңгі сақталмақ.

\Баяу әуен шығып тұрады.\

2-жүргізуші: (басын ақ дәкемен ораған, жыртық көйлек киген, ақ дәкесі қызыл қанға боялған)
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық
Атам десең, атыңдар!»

Мен не етермін не етермін

Мен келмеске кетермін

Көрмеген қош бол таңдарым

Көре алмай менде кетермін

Көрмеген қош бол таңдарым

Көре алмай мен өтермін

Қош аман бол артымда

Ағайын туған азамат

Артымда қалған ата-анам

Ел-жұртым саған аманат!

 6 бөлім. «Тәуелсіздік туралы»

Слайд: Тәуелсіз Қазақстан\

Нұрбек: Осындай бірнеше ғасырға жалғасқан бостандық , Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып 1991 жылдың 16 желтоқсаны Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді . Осындай сан ғасырлық тарихында қаншама бейнет көрсе де халқымыз ешқашанда мойыған емес..Айта берсек Қазағымның басынан кешбеген тар жол тайғак кешу аз болған жоқ. Тәуелсіздік таңы атып , еліміздің қанаты жайылды , төбемізде туымыз желбіреп , өз Елтаңбамыз төрімізден орын алды. Тұңғыш өз Отанымыздың Елбасы сайланды. Ордабасы- Астана бой көтерді.

Жүргізуші \Жазира\:Биылғы жыл яғни 2015жыл ерекше жыл болмақ.Жыл ең басты ортақ құндылықтарымыз – Тәуелсіздігімізді,егемендігімізді,бірлігімізді, Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісімін сақтауға арналады. Сондықтан да Ассамблея жылы- 17 миллион қазақстандықтардың ортақ мерекесі.Бұл жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Конституцияның 20 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығы сияқты маңызды оқиғаларға толы болмақ.

Жазира: Ел болдың ерік алдың астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттік шежіресі

Нұрсұлтан атымен басталады

 Сахнаға оқушылар шығады:.

1-оқушы:/ Жұлдыз\

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
3-оқушы:\Ерболат\
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
4-оқушы:\Айда\

Қазақстан- сан ғасырлық тарихы бар

Қазақстан- бұл озат ел танысыңдар

Көк байрағы, елтаңба әнұраны,

Қазақ елі егеменді сан ұлты бар

Тәуелсіздік бабалардың ұраны

Бейуақытта бойға тартқан тұмары

Тәуелсіздік- түнектерде түн шығып

Ызгар болып жанбай қалған шырағы.

 Нұрлан :Барлық қазақ осындай, бар қанында,

Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...

Әлия : Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: « Қазақстан »

Орындайтын:

 Жүргізуші:Ата бабаларым армандаған тәуелсіз елім, қазақ халқым,ата заңым,тілім, дінім берік орнаған әлем таныған қазақ елі- мәңгілік ел!. Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант пен талап керек.

Қазақ елінің абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ мына біздер мен ұлағатты ұстаздар сіздер екенімізді мақтанышпен айта аламын..Отанымыз тыныш,достығымыз берік болсын! Назарларыңызға көп рахмет! Сау саламатта болыңыздар!

Автор: dauke | 30-01-2016, 21:04
Қарау саны: 1634
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :