Туған ел

Сәкен Сейфуллин "Туған ел"

Ершина Айнұр Жиентаевна №31қазақ орта мектебі

Мақсаты: Окушыларға С.Сейфуллин туралы жалпы мағлұмат беру. Өлеңдегі автордың берген ойын, идеясын ашу.

Міндеттеріа)білімділік: дұрыс түсініп, мәнерлеп, сауатты оқуларын жетілдіру.ә)дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту. Пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.б)тәрбиелік:туған елін, жерін суюге, Отанын қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:слайдтар, нақыл сөздер, портрет

Түрі: дәстүрлі сабақ

Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

а) Сынып оқушыларының оқу-құралдары түгелденіп, дайындықтары тексеріледі.
ә) Сабақтың тақырыбы, мақсаты хабарланады.

Психологиялық тренинг

-Балалар жер бетіне жылу не арқылы таралады?

-Күн болмаса жер бетінде не болар еді? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)

- Олай болса, Күн анаға тілек айтып көрейік.

Көк аспанда күн күлсін!

Бірге күлсін бүлдіршін.

Көк аспанда Күн күлсін,

Жерге ұдайы нұр құйсын!

Күн анаға ризашылығымызды білдіре отырып,бүгінгі сабақты жарқыратып өткіземіз деп сенемін.Сондықтан күн ананың суретін класқа іліп қоямыз.

Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген «Үш бақытым», «Туған тілім» өлеңдері жатқа сұралады.

Бекіту сұрақтары:күн ананың нұрының артынды сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы үй тапсырмасын бекітеміз.

- М.Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталған?

- Д. Әбілевтің өлеңі не туралы?

- Екі өлеңнің ұксастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасы арқылы көрсету.

Үй тапсырмасын бекіту. Екі өлеңде де ақын ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке шақырады. Жалпы Отан дегеніміз не?

Жаңа сабаққа дайындық. Отан дегеніміз - туған жер. Туған жерін жырламайтын ақын-жазушы жоқ.Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін. Суретшілердің тілі - бояу, музыканттардың тілі - музыка, ал ақын, жазушылардың тілі - сөз.Сондай бір туған жерін тебірене жырлаған аса көрнекті ақын, жазушы, белгілі қоғам қайраткері С.Сейфуллин.
(С. Сейфуллиннің суреті, кітаптары, өлең шумағы.)

Жаңа сабақты меңгерту.

-С.Сейфуллин туралы толықырақ мәлімет алу үшін бізді Ислам ақынның өмірбаянымен шығармашылығымен өзінің дайындап келген мәнжазбасы арқылы таныстырады.

-Бүгін осындай көрнекті ақынның "Туған ел" өлеңімен танысамыз. Өлең мәнерлеп оқылып, мазмұны түсіндіріледі.

(Туған жер, табиғат туралы сурет)

Оқу түрлері: жеке оқу, тізбектей оқу,

Дәптермен жұмыс.

а) Тақырып, авторы жазылады.
ә) Туған ел туралы 2-3 сөйлеммен эссе жазу.

б)Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айту.

Бекіту бөлімі.

Поэзия минуты. Туған жер,ел,табиғат тақырыптарынан өлең оқу.

Қорытынды бөлім. Туған жер, табиғат байлығын тиімді пайдалана білуге міндетті, - деген болатын Қазақстанның Республикасының ата заңында. Сондықтан табиғатты, туған жерімізді қорғау - бәріміздің борышымыз. Өйткені қазір суымыз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлесіміз сортаңданып қалды, жан- жануар, өсімдіктеріміз "Қызыл қітапқа" ене бастады. Ал, енді, балалар, біз әруақытта табиғаттағы әрбір тіршілік иесінің қамқоршысы бола білейік, Туған жерімізді қорғай білейік.

Бағалау.

Үйге тапсырма.
Өлеңді жаттау


 

 

Ілмек сөздер: Туған ел, туған ел, ел, туған
Автор: dauke | 31-01-2016, 23:43
Қарау саны: 1922
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :