Өнерлі бала сүйкімді » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Өнерлі бала сүйкімді


Өнерлі бала сүйкімді

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мұғалiм Қайырғазина Інжу Қойшыбайқызы

Мектеп № 31 қазақ орта мектебі

Ақтөбе қаласы

Мерзiм 05.02.16

20 Тақырып Өнерлі бала сүйкімді

Құндылық Дұрыс әрекет

Қасиеттер таланттылық, зеректілік, өнерпаздық

Класс 3б Оқушылар саны 30

 

Сабақ мақсаты: «Өнер» ұғымының дұрыс әрекет

құндылығы ретіндегі мәнін ашу

 

Міндеттері:

- Таланттылық екенін түсіндіру;

- Өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру;

- Өнерді сүюге, зеректілікке, өнерпаздыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Слайд, түрлі - түсті қарындаштар, ақ бет, бейнебаян

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

«Күннің нұры»

Сабақ барысын талқылау:

2. Үй тапсырмасын тексеру

№20 сабақ «Құмға салған сурет» К. Сегізбай

Топқа бөлінеді: І топ «Суретшілер» - сурет салады

ІІ топ «Әншілер» - көрініс көрсетеді

ІІІ топ «Ақындар» - Әбілхан Қастеев

(ассоциация әдісі)

 

3. Сергіту сәті

«Би терапиясы»

 

4. Дәйексөз

 

«Адамның сәні – өнер, білім, ақылы»

 

Жетес шешен

Мағынасын талдау.

Дәйексөзді ұл балаларға, қыз балаларға жеке-жеке қайталату. Барлығы бірге айту

 

 

5. Мұғалім сыйы

Мүмкіндігі шектеулі жандардың биі (бейне ролик)

1.Бейне роликті көргенде қандай әсерде болдыңдар?

2.Бұл жастардың бойында қандай қасиет басым деп ойлайсыңдар?

3.«Өнерлі өрге жүзер» дегенді қалай түсінесіңдер?

4.Өздерің өнердің қандай түрін жақсы көресіңдер?

 

6. Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс)

 

І топ «Суретшілер» (өлеңді аяқтау)

ІІ топ «Әншілер» (мақалдарды аяқтау)

ІІІ топ «Ақындар» (жұмбақтарды шешу)

 

 

7. Топпен ән айту

Бала тілегі

Сөзі: С.Молдасанұлы

Әні: Ф.Лұқпанова

Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2 рет)

 

Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан-байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2 рет)

 

Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2 рет)

 

 

8. Үй тапсырмасы

№21 сабақ «Ақын деген кім?» Қ.Қайымов

Мәтінін оқып, түсінігін айту, талдау. Сұрақтарға жауап беру

 

 

 

9. Соңғы тыныштық сәтi

Енді көзімізді жұмып, осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші. Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық. Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Сау болыңдар! Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!

 

 

 

Автор: dauke | 5-02-2016, 21:46
Қарау саны: 1606
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :