» » Зат есімнен өткенді қайталау


Зат есімнен өткенді қайталау

Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Теректі ауылы

Жаман Ербулан,

Теректі ауылы,

№30 орта мектептің

қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің

мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Зат есімнен өткенді қайталау

Білімділік: оқушылардың зат есімнің мағыналық түрлері, құрамы, емлесі туралы білім өрісін кеңейту.

Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Функционалдық сауаттылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: рухани-адамгершілік қасиеттеріне баулу.

Сабақтың көрнекілігі: үлестірме қағаздар, кестелер, интербелсенді тақта.

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтерін қолдану.

І Ұйымдастыру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ Сабақтың барысы: зат есім. Жалқы есім мен жалпы есімді, деректі зат есім мен дерексіз зат есімдерді салыстыру.

Зат есімнен өткенді қайталау

 

 


 

 

жалқы есім жалпы есім деректі дерексіз

1-тапсырма . Сыныптастарыңның атын жазып шығыңдар. Өзіміз тұратын ауылдың өзен-көлдерінің, тауларының атын жазыңдар.

2-тапсырма. Жазған сөздеріңді қатыстырып шағын мәтін құраңдар. Мәтіндеріңдегі жалпы есімдердің астын бір сызықпен, жалқы есімдердің астын екі сызықпен сызыңдар.

3-тапсырма. Мәтіндеріңдегі жалқы есім мен жалпы есімді салысытырыңда. Венн диаграммасы.

 

 Зат есімнен өткенді қайталау

 Айырмашылығы Ұқсастығы Айырмашылығы

 

Зат есімнен өткенді қайталау

 

 

 

 

 

 


4-тапсырма. Терме диктант. Мұғалім оқыған сөздердің ішінен деректі зат есімдерді бір бөлек, дерексіз зат есімдерді бір бөлек жазыңдар. Деректі, дерексіз зат есімнің ережесін шығарыңдар.

Кітап, ауа, қалам, қағаз, сезім, бақыт, газет, ақыл, қайрат, портрет, жігер.

ІV Сергіту сәті.

 

 

 

5-тапсырма. Сызба бойынша ереже шығарып, мысалдар келтіріңдер.

 

Зат есімнен өткенді қайталау

 

 

 

 

 

 

 

 

 


6-тапсырма. Сөзжұмбақ.

1.Ұяң дыбыс

2.Біркелкі заттың біреуіне берілген арнайы атау.

3.Жұрнақ арқылы жасалған зат есім.

4.Түбір күйіндегі зат есім.

5.Зат есімге жалғанатын жалғау түрі.

6.Жеті септіктің бірі.

7.Үнді дыбыс.

 

З

 

 

А

 

 

 

 

 

Т

 

 

 

 

 

 

Е

 

 

 

 

 

 

С

 

 

 

 

 

І

 

 

 

 

М

 

 

V Қорытындылау. Семантикалық картамен жұмыс.

VІ Үйге тапсырма. Болжау стратегиясы. Ертегіні өздерің аяқтаңдар. Ертегіден зат есімдерді табыңдар.

Жалқау

Баяғыда бір жалқау адам болыпты. Оның ештеңе істегісі келмейді. Дем алып, ұйықтап, тамақ ішіп күнін өткізеді екен. Балларыма да осы жалқаулығым мұра болып қалады-ау, бұдан қалай құтылсам екен деп ойға батады. Ақыры ол бір көпті көрген қариядан жалқаулықтан құтылудың жолын сұрапты...

VІІ Бағалау.

 

Автор: dauke | 14-02-2016, 22:46
Қарау саны: 2695
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :