» » Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында тиімді қолдану


Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында тиімді қолдану

Абай аудандық білім бөлімі

«№10 мектеп гимназиясы» ММ

 Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында тиімді қолдану.

 Оқыған: №10 МГ қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Асауова Г.Р.Абай ауданы

 Абай қаласы, 2015 жыл

 

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында тиімді қолдану.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің алдында тұрған негізгі мақсат – тіл үйрету, мемлекеттік тілді меңгерту, осы тілде дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық ережелер мен сөйлем құрылысын меңгерту.

Міндетім: оқушылардың сөйлеу мәдениетін көтеру, сөздерді байланыстыра алуы, өз ойын ашық айтуға баулу, шығармашылық қабілетін дамыту.

Қазақ тілін оқыту барысында тілдің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып ертеңгі өмірден орын таба алатын, өзіне сенімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсуіміз қажет.

Оқушыларға қазақ тілін меңгертуде жақсы нәтижеге жету үшін мұғалім сабақтың түріне қарай әр түрлі әдістерді тиімді қолдану керек.

Өзге тілді оқытуда бірден-бір тиімді әдіс – коммуникативтік әдіс деп ойлаймын. Коммуникативтік әдіс оқушылардың ауызекі сөйлеуін, қарым-қатынас жасауын, сұрақ-жауап жүргізуін, әңгімелесуін, сөйлеу қабілетін қалыптастырып, сөздік қорын молайтады, тілді дамытады. Бұл әдістің ішінде ерекше орын алатыны – диалог. Диалог оқушылардың сөйлесу әрекетін, сұрақты дұрыс қоя білуде, ақпарат алмасуда, жалпы тіл үйренуде таптырмас жұмыс түрі. Әр түрлі тақырыпта диалог құрғызуда қол жеткізген жетістіктер.

Оқуға қызығушылық артты

Сабақта белсенділік жоғарылады

Сөздерді есте сақтау қабілеті дамыды

Дұрыс сөйлемдер құрауға дағдыланды

Сөйлеу тілі қалыптасты

Топпен, жұппен жұмыс жасауды үйренді

Сөйлеу іскерлігінің коммуникативтік бағыттары: оқу, тыңдау, сөйлеу, жазу.

Сабақта тілдік қарым-қатынас жағдайын ұйымдастырмай тұрып, мемлекеттік тілде сөйлеуге үйрету мүмкін емес.

Педагогикалық технология бойынша оқушының тіл мәдениетін білім, білік, дағды арқылы дамыту қажет. Әр оқушының деңгейіне қарай бағдарлама жасау керек. Әрбір жеке жұмыс қабілетін ескере отырып сынып тапсырмаларын, үй жұмысыфн баланың ерекшелігіне қарай беру керек. Осы міндетті атқару үшін біз өз тәжірибемізде Деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланамыз. Сыныптағы оқушылар өз деңгейіне сәйкес тапсырма таңдап алады. Бұл тапсырмалар оқушының білім деңгейін бағалауға, мүмкіншіліктерін байқауға, мұғалімнің әрі қарай қандай жұмыс атқару керектігін көрсетіп береді.

Осы мақсатта мен оқушылардың ойлау қабілетін арттыру үшін, сөйлеу тілін дамыту үшін мәтінмен жұмыс түрлерін әзірледім. Ол оқушының функционалдық сауаттылығын көтеруге септігін тигізеді. Балалардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында мен әріптесіммен бірге төмендегідей тапсырмаларды әзірледік.

Тапсырма 1

Мына мәтінді қай сөйлеммен аяқтауға болады?

Аналарды ардақтау, қамқорлық жасау – біздің парызымыз. Ана үшін бала – бақыт, бірақ оны өсіру оңай емес. Баланың қуанышын да, қиындығын да тартатын ана. Анаға қандай жылы лебіз білдірсек те, қандай қамқорлық жасасақ та жарасымды. Сондықтан адамзат әрдайым жақсылығын анаға арнамақ.

1.«Әлемде өзгермейтін үш – ақ зат бар: ол – ананың сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі».

2.Ағайын – алтау, ана – біреу.

3.Біздің отбасымыз тату тұрады.

4.Анам дүкенге кетті.

3-тапсырма

Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.


1. Мен өткен жексенбіде А. Құнанбаевтың өлеңдер жинағы мен қара сөздерін сатып алдым.

2. Жексенбіде өткен мен өлеңдер А. Құнанбаевтың сөздерін жинағы мен қара сатып алдым.

3. А. Құнанбаевтың өткен жексенбіде өлеңдер қара сөздерін жинағы мен сатып алдым мен.

4. сатып алдым мен өткен жексенбіде қара сөздерін А. Құнанбаевтың өлеңдер жинағы мен.

5-тапсырма

 Ребусты шешуін табыңыз.

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қазақ тілі сабақтарында тиімді қолдану

 


 1. Қазақстан

2. Қарағанды

3. Қарға

4. Қарамады

 12- тапсырма

Өткен шақ есімшенің жұрнағын қойыңыз.

Керекті қосымшалар: -ған,-қан,-ген.

1. Кітап оқы..... адам мен кітап оқыма..... адам бірдей болмайды.

2. Адамның біл... нәрсесінен білме... нәрсесі көп.

3. Отанын сат... адамға жақындама.

4. Оқы... адам бақытты болады.

 15- тапсырма

Сөйлемдерді жалғастырыңыз.

Мен өзімнің ата-анаммен келдім.

Сен ______ ____________ _________.

Сіз ______ ____________ _________.

Ол ______ ____________ _________.

Біз ______ ____________ _________.

Сендер ______ ____________ _________.

Сіздер ______ ____________ _________.

Олар ______ ____________ _________.

 Жоғарғы сыныптарда белгілі бір мәтін бойынша жұмыс түрлеріне тоқталамын. Мәтін бойынша сай келмейтін ақпаратты табу, сәйкес ақпаратты табу, сұраққа мәтін бойынша дұрыс жауапты табу, қандай тірек сөздер бар, асты сызылған сөздердің мағынасын ашыңыз тәрізді тапсырмалар беремін. Сол сияқты суреттер сөйлетеміз сияқты да тапсырмалар болады. Бұл жоғары сынып оқушыларынң қызығушылығын оятып, логикалық ойлануына, мәтінді түсінуге жетелейді. Мәтін бойынша тест тапсырмаларын да құрастырудамын.

Қазіргі заманғы әдіс-тәсілдердің ішінде ең қолайлысы – компьютерлік технология. Оқу үрдісінде компьютерлік техниканы, интернетті, интерактивті тақтаны, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін арттыруға болады.

Комьютерлік технологияны өз сабақтарымда мен биылғы жылы өткен аудандық және облыстық семинар барысында көрсеттім. Семинар барысында мен оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін, стратегияларын пайдаландым. Яғни сын тұрғысынан ойлау стратегиялары: «Алты қалпақ», «Венн диаграммасы», «Фишбоун», «қара-жап-жаз-оқы-айтып бер», «Веер» т.б. Интерактивті тақта арқылы әр түрлі тапсырма түрлерін орындатқыздым. Балалар қызығушылықпен тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар интерактивті тақтада мәтіндермен, жаңа сөздермен түрлі жұмыстар жүргізуге, сөздерге талдау жасауға, жаттығу көлемін ұлғайтуға, уақытты үнемді пайдалауға, балалардың ынтасын арттыруға қажетті әрі пайдалы құрал.

Қорыта айтқанда, сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді, жұмыс түрлерін қолдану мұғалімнің біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады, бірақ мақсат біреу-ақ: қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқыту арқылы әр оқушының рухани әлемін ашуға тырысамын, оның бойынан суретші, құрастырушы қасиетін тауып, шығармашылық әлеуетін арттыру болып табылады.

 

Автор: dauke | 17-02-2016, 21:01
Қарау саны: 9098
    
Жарнама

Пікірлер -
1


derprooa - 21 ақпан 2016 23:01
В этом что-то есть. Теперь всё понятно, большое спасибо за информацию.

---

Смотреть порно в качестве здесь

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :