Психикалық даму деңгейі тежелген балалар » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Психикалық даму деңгейі тежелген балалар


Психикалық даму деңгейі тежелген балалар

Психикалық даму деңгейі тежелген балалар

/даярлық сынып/

Жартылай топтық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Кел, ойнайық! («Бауырсақ» ертегісінің желісі бойынша)

Мақсаты:

І. Білімділігі:

Балаларға түзеу-дамыту сабақтарын өткізе отырып, даму қабілеттерін жетілдіру.

ІІ. Түзете-дамытушылығы:

Ертегі айта білуге үйрету. Ақыл-ойын, тілін, дүниетанымдық көзқарасын дамыту.

ІІІ. Тәрбиелілігі:

Тапқырлыққа, адамгершілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

 

Әдісі: ойын әдісі, сұрақ-жауап

Түрі: аралас

Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу

Көрнекілігі: пирамида, тақырыпқа қажетті суреттер, бау тағылған шот, пішіндер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі

Баламен амандасу: Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шапағын.

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Қуанышты күн бүгін!

Балалардың көңіл-күйлерін тексеру.

 

-Біз бүгінгі сабағымызда «Бауырсақ» ертегісімен танысамыз. Осы ертегімен таныса отырып, бауырсақты аңдардан құтқару үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз, ойындар ойнаймыз.

Ерте заманда ата мен әже болыпты. Олар бауырсақ пісіріпті. Бауырсақты суысын деп терезенің алдына қойғанда, бауырсақ терезеден сырғып түсіп қашып кетіпті.

Қашып келе жатып жолда қоянға кездесіпті. Қоян: «Бауырсақ, мен сені жеймін»,-депті. Бауырсақ: «Қоян, мені жемеші»,-деп жалыныпты. «Ендеше, сен менің тапсырмамды орында, сонда мен сені босатамын»,-депті қоян.

-Бауырсақты қояннан құтқару үшін оның тапсырмасын орындап, «Лото» ойынын ойнайық.

 

«Лото» ойыны.

Мақсаты: Балалардың ойлау және көру қабілетін дамыту.

Ойынның барысы: Үй жануарлары мен құстардың бірдей суреттерін тауып орнына дұрыс қою.

-Балалар, жарайсыңдар! Бауырсақты қояннан құтқардыңдар.

Бауырсақ одан әрі қарай домалап-домалап азулы қасқырға кезігеді. Қасқыр: «Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеп қоямын»,-дейді.

-Бірақ менің сендерге беретін тапсырмам бар, соны орындасаң, мен бауырсақты жемеймін».

-Бауырсақты жемеу үшін қасқыр бізге пирамиданы дұрыстап құрастыруды тапсырып отыр. Соны орындап көрейік.

Пирамида құрастырту.

Мақсаты: Көлемді ажырата білуге, түстерді айыруға, ойлау қабілетін арттыруға бағыттау. Санау дағдыларын қалыптастыру.

Ойынның барысы: Пирамиданың сақиналарын өзегіне үлкеннен кішісіне қарай ретімен орналастыру. Сақиналарын санату.

Бауырсақ одан әрі домалап жолдан аюды кездестіреді. Аю да бауырсақты ұстап алып, тапсырманы орындамаса, бауырсақты жеп қоятындығын айтады.

-Балалар, бауырсақ сендерден көмек сұрап отыр. Не істейміз? Аю сендерге кеспе суреттер берді. Сол суреттерді құрастырып, қандай әдемі суреттер шыққанын атап көрейік.

Кеспе суретті құрастыр.

Мақсаты: Ойлау қабілетін дамытып, суретте бейнеленгендерді қатесіз айта білуге үйрету.

Тапсырманың орындалуы: Барабанның, қуыршақтың және поездың кеспе суреттері беріледі. Бала суреттерді дұрыс орналастырып, қандай суреттер екенін айту керек. Аю тағы бір пішіндерге байланысты тапсырманы қоса беріп отыр, әйтпесе, қарны қатты ашып тұр. Бауырсақты жеп қойғысы келеді.

«Пішіндерді тап» танымдық тапсырмасы.

Мақсаты: Пішіндерді ажырата білуге үйрету. Түстерді айыра біліп, ойлау қабілетін жақсарту.

Тапсырманың орындалуы: Дөңгелек, үшбұрыш және шаршы пішіндерін орнына орналастырып, түстерін айту керек.

-Енді, бауырсақ жол жүргенше, тапсырмаларды орындап шаршаған боларсыңдар, сергіту жаттығуын орындайық.

Сергіту жаттығуын орындату:

Орнымыздан тұрайық,

Қолды алға созайық.

Бір отырып,бір тұрып,

Демімізді алайық. (терең дем алу)

 

Бауырсақ шаршап келе жатса, алдынан түлкі шығып: «Бауырсақ, мен сені жеп қоямын»,- деп қорқытады. Бауырсақ: «Түлкі, жемеші»,-дегенде, түлкі оған шотты баудан өткізіп, санауды тапсырады.

-Балалар, бауырсақты біржола аңдардан құтқару үшін осы соңғы тапсырманы орындайық.

Ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жаттығу жасату: «Шотты баудан өткізу».

Мақсаты: Қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту. Математикалық сандарды санай білуге үйрету.

Жаттығудың орындалуы: Шотты баудан 10-ға дейін санай отырып, өткізіп шығу.

Сабақты бекіту:

Әне, кетті бауырсақ,

Міне, кетті бауырсақ.

Тапсырмаларды орындап,

Құтылып кетті бауырсақ.

-Балалар, сендерге бауырсақты құтқарғандарың үшін көп рахмет. Тапсырмаларды өте жақсы орындадыңдар.

 

Қорытынды: Балаларды белсенді қатысқаны үшін мадақтау.

Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданы

Жымпиты ауылы

Жалпы білім беретін Қ. Мырзалиев

атындағы орта мектептің мұғалім-дефектологі Беленова Райхан Жаскеленқызы

Автор: dauke | 18-02-2016, 22:01
Қарау саны: 1120
    
Жарнама

Пікірлер -
1


derprooa - 21 ақпан 2016 23:02
На мой взгляд, это интересный вопрос, буду принимать участие в обсуждении. Я знаю, что вместе мы сможем прийти к правильному ответу.

---

Смотреть порно фильмы онлайн тут

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :