Ас қорыту мүшелерінің құрылысы » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Ас қорыту мүшелерінің құрылысы


Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

№ 53 орта мектебі Тақырыбы: Ас қорыту мүшелерінің құрылысы  Өткізген: биология пән  мұғалімі Жалбакова А.С

Күні:

Тақырыбы: § 45. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

Мақсаты: ас қорыту жүйесінің құрылысы, тістің құрылысы және оның ас қорытудағы маңызы, ауыз қуысының гигиенасы туралы білім беру

Міндеттері:

Білімділігі – ас қорыту жүйесі құрылысының ерекшелігін көрсету; астың ауыз қуысында қорытылу процесін, асты қорытудағы ферменттердің рөлін түсіндіру. Тіс және ауыз қуысын күту ережелерін қалыптастыру.

Тірбиелілігі – тамақ ішу, оның сапасын және сақталу мерзімін, ыдыстың таза болу ережелерін сақтау жөнінде өзін өзі бақылау дағдысын қалыптастыру. Санитарлық гигиеналық дағдыға үйрету. Ауыз қуысының астың қорытылуына алкоголь мен темекі шегудің зиянды әсерін түсіндіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың талдау, синтездеу, салыстыру, қорытындылау, ойлау қабілеттерін дамыту.

 Құрал – жабдықтар: «ас қорыту жүйесі» кестесі, «ас қорыту мүшелері» рельефті кестесі, карточкалар.

Сабақ типі: Аралас сабақ

Әдістемелік шешім: Сұхбат, әңгімелесу, өзіндік жұмыс, кестелер мен суреттерді көрсету, сканворд шешу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі

·Оқушылармен амандасу;

·Түгендеу;

·Сабаққа дайындығын тексеру;

II.Үй тапсырмасын сұрау (ауызша кестені толтыру арқылы, сұрақтарға жауап беру арқылы)

Кестені толтыру:

 

Қоректік заттар

Анықтама

Адам орг.мөлшері

Қызметі

Азық – түлік

Нәруыз

Орг. нег. құрылыс материалы

15 – 20%

Жойылған жасушаларды қалпына келтіруге және жаңа жасушалардың түзілуіне қатысады

Ет, балық, жұмыртқа, сүзбе, ас бұршағы т.б.

Көмірсу

Орг. нег. энергия көзі

0,6%

Өсімдік текті өнімдерде крахмал түрінде болады

Картоп, ұн, жарма, қызылша,

Майлар

Энергия көзі

19%

Құрылыс материалы ретінде жасуша мембранасының құрамына кіреді

Сүт өнімдері, жұмыртқа, ет және өсімдік текті тамақта көп

 Сұрақтарға жауап бер:

1.Қоректік заттарды ата және оларға сипаттама бер.

2.Адам рационының құрамына кіретін өсімдіктекті және жануартекті өнім

3.Ол организмдегі негізгі энергия көзі.

Сөйлемді толықтыр:

1. Нәруыз ..., ..., ..., ..., ..., т.б. болады.

2. Көмірсулар ..., ..., ..., көп мөлшерде бар.

3.Майлар ..., ..., және өсімдік типті тамақта көп болады.

 

III.Жаңа сабақ түсіндіру. §45. Ас қорыту мүшелерінің құрылысы.

 

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

 

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

 

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

 

 Тіл ерінмен, жақпен бірге ауызекі сөйлеу қызметін атқарады.

 Ауыз қуысының артқы жағы ауызды өңешпен жалғастыратын жұтқыншаққа өтеді

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

 Төменгі жағы өнешкеөтеді

 

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

 

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

 

Тамақ асқазаннан –аш ішекке түседі.

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

 

 Астың қорытылуы аяқталып, астың сіңірілуі жүзеге асады.

Ас қорыту мүшелерінің құрылысы

 


5.Аш ішек

Ұзындығы – 5-7 м.

Ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі

Ұлтабар – ұзындығы 25 см.

Аш ішек

 

Ұйқыбез – асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан.

Ұйқыбез ас қорыту және ішкі секрециялық қызмет атқарады

Ұйқы безінде аралшықтар бар

Өз секретін - ұлпа сұйықтығына қанға бөледі

Бауыр – массасы 1500 г.

Ең ірі күрделі түтікшелі, қызыл – қоңыр түсті без. Оның көп бөлігі оң жақ қабырға астында орналасқан.

Бауырдың секреті – өт.

Өт қабына бауыр үздіксіз өндіретін өт жиналады. Бауыр көптеген улы заттарды тұтып, зиянсыздандырады. Бауырда көмірсулар қоры гликоген-жануарлар крахмалы түрінде жинақталады.

 IV.Бекіту сұрақтары. (Сөзжұмбақ шешу арқылы)

 Ас қорыту мүшелерінің құрылысыСөзжұмбақ: Ас қорыту мүшесі.

Сұрақтары мен жауаптары:

1. Онда тіл, тіс, таңдай орналасқан (ауыз).

2.Ас қорыту мүшелерінің кеңейген жері (асқазан).

3.Ол қорыту және тынысалу қызметін атқарады (жұтқыншақ).

4.Оның ұзындығы 1,5-2 м. (тоқ ішек).

5.Ол ең ірі ас қорыту безі (бауыр).

6.Бауырдың түсі (қызыл).

7.Тілдің ұшы сезедін дәм (тәтті).

8.Ағзаның негізгі энергия көзі (көмірсу).

9.Адам рационының құрамына кіретін өсімдіктекті және жануартекті өнім (тамақ).

10.Жануартекті өнім (сүт).

11.Ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі (аш ішек).

12.Ол жұтқыншақты асқазанға жалғайды (өңеш).

13.Ащыны, тәттіні, және қышқылды сезетін мүше (тіл).

14.Инсулин, гликоген гормонын бөлетін без (ұлтабар).

15.Аш ішектің бөлігі (ұлтабар).

16.Ас қорыту мүшесінің аяқталатын бөлігі(тікішек).

 V.Үйге тапсырма.

157 – беттегі §45 – ті оқып келу; 163 – беттегі кестені дәптерге түсіру; сол беттегі тесттерге аузша жауап беру.

 VI.Бағалау:

Сабаққа белсенді араласып отырған оқушыларды және сабақ айтқан оқушыларды бағалау.

 

Автор: dauke | 18-02-2016, 22:37
Қарау саны: 1645
    
Жарнама

Пікірлер -
1


dmarnoiMat - 21 ақпан 2016 23:53
ага типа гуд

---

Сельхозтехника здесь

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :