Наурыз думан

Қарағанды облысы

Қарқаралы ауданы

Сарыобалы ауылы

№34 негізгі орта мектептің

Тәлімгері

Ахметжанова Айнұр Серікбайқызы

 

Тақырыбы: «Наурыз думан»

Мақсаты: Білімділік-оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.

Дамытушылық-оқушының санасына халқыны деген мақтаныш сезімін ұялату, өнерін, мәдентетін қастерлеп дамыта отырып үйрету.

Тәрбиелік-мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай оқушыларды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, буклеттер, Абай,Қасым,Мәдилердің суреті.

 

Би: «Адай»

1ж: Құрметті ұстаздар ата-аналар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз құтты болсын. Бүгін мектебімізде өткелі отырған «Наурыз-думанға» қош келдіңіздер. Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. Той құтты болсын!

Халқымыз ұлыс күні «жыл басы» деп санайды. Тілімізде наурызға қатысты «жер бетінде жақсылық ұялаған күн», «ұзақ ұшып келген күн», «жыл басы», «жылқышы торғай (нәузірек) келген күн» деген бейнелі сөздер сақталып келеді.

2ж: Наурыз мейрамы Шығыс халықтарының көпшілігінде мұсылман діні қабыл болғанға дейін көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі. Тәжіктер мұны Гульнавруз, татарлар Нардуган, өзбектер Новруз, гректер Патрих деп атаған.

Шығыс күн тізбесі бойынша жыл басы болып саналатын Наурыз күн мен түн теңелетін Наурыздың 22-де, жер бетіне тіршілік біліне бастайтын мезгілмен тұстас келетін мереке.

Келесі сөз кезегін мектеп директорына береміз.

1ж: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығыңмен, шуағыңмен күн-ана,

Алып келді жер бетіне гүл көктем-демекші, кезекті таныстыруға береміз.

2ж: Кел, Науыз, келешекті жарқын шолып,

Барыстай ұрпақтарға даңқың қонып.

Қазақстан болғанда-Ғажапстан,

Қол соғып қуаналық халық болып.

Халық әні: «Сәулем-ай»

1ж: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік қадіріңді білдік те.

Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған,

Бәрімізді ынтымақпен бірлікке.

Көрініс: «Бастаңғы» Қасым ауылында

2ж: Ана жақта аттың дабыры естіледі, кім екен келе жатқан?

Қожанасыр:Уа, бәрекелді, алыстан ат арытып, атты шаршатып, етікті тоздырып жеткенде мынадай мейрамға тап болғанымды кім білген?

Ассалаумағалейкум, халқым менің,

Ардақты Наурыз тойлы салтты елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбектің жемісін бәрің жегін!

1ж: Анда тағы біреулер сөйлеп, әндетіп келеді.

Алдар көсе: Мен Алдармын!

Досымын адал жандардың.

Жақсыларға серік боп,

Жаманды талай алдадым.

(Кеудесіне қол қойып, басын иеді)

Тазша бала: Оу, амансыңдар ма, балалар, қадірменді аға, әпкелер?! Ұлыстарың оң болсын, қуаныштарың мол болсын!

2ж: Айтсын. Рахымет тілегіңе. Бірақ сені танымай тұрмыз. «Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл» деген бар құрдас. Атынды айт.

Тазша бала: Айналайын-ай! Баяғыда Әйтеке би:

Әкемді сұрасаңыз жетесіз,

Шешемді сұрасаңыз-некесіз.

Туа салған бір баламын,

Тегімді сұрап нетесіз?-деген екен. Сол айтқандай түптеп келсек бәріңе таныс Тазшаның дәл өзі боламын.

1ж: Оу, Тазша бала, сұрауға рұқсат ет жалғыз келемісіз?

Тазша бала: Қайдан жалғыз шығайын. Халқымызға асыққан жалғыз мен ғана емес екенмін. Қарашаш, Жиренше, Көктем қыз тағыда бар.

Қожанасыр: Ә, бәрекелді. Әй, осы менің билегім келіп тұрғанын қарандаршы.

Тазша бала: Иә, Қожеке, ойымыз бір жерден шықты. Кішкене бізге музыка қойса, аяқ қолымызды сілкіп-сілкіп алсақ.

Ардақ: Жоғары шықсын қонақтар,

Келіп тұрған алыстан.

Жақсылықтың жолында,

Жан аямай алысқан.

Би: «Шашбаулым»

2ж: Наурыз жырын жырлаймыз,

Онымен де тұрмаймыз.

Шыңдалып жеткен бұл күнге,

Ел дәстүрін сыйлаймыз.

Көрініс: «Көрісу» Абай ауылында

1ж: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірін танысын деп тасып өткен.

Наурыз-сән-салтанат, ұлттық рух,

Бақытты наурызы бар халқым неткен.

Халық әні: «Қазақы дастарханы» (Мәди ауылы)

2ж: Иә, Наурыз өзі нау-«жаңа», рыз-«күн» деген сөзден шыққан. Яғни бұл қазақша күнтізбеде жаңа жыл мейрамы. Жыл басы Наурызда айтылған ақ тілектің бәрі толық орындалады деп ата-бабамыз айтып кеткен.

1ж: Наурыз келсе құт келгені халайық,

Есік ашып, шашу шашып.

Ел боп қарсы алайық!

Қош келдің, Наурыз!

Наурыз қыз: (Наурыз қыз ортаға шашу шашып шығады)

Сәлеметсіздер ме, халайық! Тойларыңыз тойға ұлассын. Мейрамдарыңызға әдемі бір өлең оқып берейін және өзім- мен бірге Жаңа жылды ала келдім.

Бәйшешектей қар астынан табылған,

Бар халықты қуанттың сен, Наурыз.

Келер күннен бар үміті табылған.

Көңілдерді жұбаттың сен Наурыз,

Тоғыз түрлі дәмнен жасап көжесін.

Оған баптап құрт қатады әжелер,

Мезгілі ғой бұл жинап алар ел есін.

Ырзық болар тұқымыңды еге бер,

Даңқың жетсін болашаққа зорайып.

Береке мен құт әкелсін Наурыз,

Ағарғаным көл суындай молайып.

Қарық болсын халқың мынау, Наурыз.

Жаңа жыл: Рахымет, балалар! Мені бөтенсімей шын ықыласпен қарсы алғаңдарыңа рахмет.

Биылғы жыл мені де қуантар деп ойлап келдім,

Өзіммен бірге тарихымды арқалай келдім.

Жақсылығымды ала келдім,

Жаманды жөнге салар.

Жақсының жақсылығын танытар,

Халқыма тыныштық.

Көршілес елдермен тату болар

Құтты жыл мен боламын.

Ескі жыл: Ал мен болсам сендермен қоштасқалы келдім.

Ескі жылың есіркеп,

Жаңа жылың жарылқап.

Бейбіт күнің жарқырап,

Қоштасамын мен бүгін.

Сіздерді қимас көңілмен,

Тарихтың еніп қойнына.

Айтамын жүрек сөзін мен!

Келген мешін жылында,

Дән көп болсын қоймада.

Тыныштық пен бейбіт күн,

Болсын деп тілеп әмәнда.

Қоштасып қол былғаймын,

Қош сау болыңыздар.

2ж: Естиміз жыр мен сазды,

Қарамай мол мен азыңа.

Өн бойы шаттық, ән мен күй,

Наурызым ұлттық қазына.

Ән: «Наурыз көктем» Қасым ауылы

1ж: Салт-дәстүрмен жараса,

Қайта құрып жаңаша.

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша.

Көрініс: «Қымызмұрындық» Мәди ауылы

Алдар көсе: Уа, тоқтаңдар, жарандар!

Анау жаққа қараңдар.

Той қазанын күрпелеген.

Бұл не қылған адамдар?

Қожанасыр:Жай адамың бұл емес,

Меңсұлуы қасында.

Шығайбай ғой Шықбермес,

Бұған не көрінген?

(Шығайбай қазанды шапанымен жауып отыр, қасында Меңсұлу, Алдар көсе қасына келіп)

Алдар көсе: Не істеп отырсыз байеке?

Жұмыртқа басқан тауықтай,

Қазанға жапқан шапаның.

Отқа жапсаң қауіп қой.

Шығайбай: Қазан жоқ бұл жерде қазан жоқ.

Тазша бала: Қуын қара байекеңнің Наурыз тойының да қазанын қорғамақ (осы кезде дабыл қағылады).

Алдар көсе: Аттан, аттаныңдар.

Байеке бол тез аттан,

Қасқыр шапты қойыңа.

Шығай бай: Ойпырмай-ай бұл қалай?

(алқына жүгіріп шығып кетеді)

Алдар көсе: Бай асығыс кетті қой,

Ас алыңдар қалмасын тамақ суып.

Би: «Балбырауын»

Жиренше: Құлпырған даламызда жасыл желек,

Қызғалдақ гүлге оранған елден ерек.

Мәуелі жеміс бағы, суы шипа,

Тек қана біздің елде болса керек.

Қарашаш: Жүріндер наурыз тойға басып аяқ,

Қалыс адым болмасын некен-саяқ.

Ән шырқап би билейік қауым болып,

Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.

Жиренше:Алқа-қотан той думан,

Ортамызды ашайық.

Ән мен күйді толтырып,

Інжу-маржан шашайық.

Халық әні: «Гүлдерайым»

2ж: Халқымыздың аңыздары бойынша 21-Наурыз түнінде сағат үште даланы Қызыр ата аралайды екен. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге кіргенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп қос шырақ жағылып қойылады. Ыдыс атаулыны «ырысқа» деп 7 тағамға толтырып қояды. Жыл бойы ырысымыз мол болсын деп тілейді.

(Ортаға Қызыр ата келеді)

Қызыр ата: Сұрасаң бата берейін,

Үстем болсын мерейің.

Ықыласпен қол жайсаң,

Ақ тілекті төгейін.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Қайда барсаң жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын.

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын.

Уайым-қайғы жоқ болсын,

Қуаныштарын көп болсын!

Аумин!

1ж: Халықтың пейілінен жаралғандай,

Сұлу күн шуағынан таралғандай.

Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,

Наурызда ажар қандай, арай қандай!

2ж: Айтыс, айтыс болады,

Өлең айтса жөнімен.

Наурыз ойын қыздырып,

Кім айтысар менімен?-демекші, айтыскерлерді кезекпен ортаға шақырамыз. Айтысты Абай ауылынан бастаймыз.

Айтыс түрлері: «Қызбен жігіт», «Әзіл айтыс», «Жұмбақ»

Халық әні: «Ахау, керім» Қасым ауылы

Қожанасыр: Алдар көсені көрмедіңіздер ме?Мені алдап кетті. Қайда жүр екен, ә? Қазір кездессін, Бәлем! Алдар! Алдар! Қайдасың? Менің жаңа шапанымды алдап киіп кетіпті.

Алдар көсе: Ей, Қожеке не болды, сонша айқайлап? Неге шақырдың? Өзің бердің ғой сол шапанды.

Қожанасыр:Әкел шапанымды, бер деймін шапанымды.

1ж: Қойыңыздар ағалар, не болды сіздерге? Бүгін мейрам, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні адамдар ренжіспейді. Ренжіскен адамдар төс қағысып татуласады.

Алдар көсе: Кешіріңіз Қожеке, келіңіз татуласайық. Ренжімеңіз.

Қожанасыр: Татуласайық. Татуласайық,

Жиренше: Қоғамдық өмір өрістеп,

Сан ғасыр зулап өтседе.

Наурыз тойын теріс деп,

Айтпаған ешкім әйтседе.

Қарашаш: Өйткені оның бойында,

Еңбек, бірлік, достық бар.

Халықтық дәстүр ойынға,

Болмақ емес орын тар,-деп кезекті ұлттық ойынға береміз.

2ж: Шыға келді сылаңып сылаң керлер,

Қиядағы қиылды қияға ерлер.

Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында,

Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.

Би: «Ақ торғын»

1ж: Келесі кезекті Абай ауылына бермеміз.

Ән: «Наурыз»

Қожанасыр: Ұлстың ұлы күні 7 түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған ет, қойдың басы, сүт, бидай, тұз, су қосылады. Көжені ішіп болған соң үй иесіне бата беріледі.

Алдаркөсе: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жгіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын ерекше дәм дайындайды.Ал, жігіттер, қыздарға селтеткізер, діреткізер деген айна-тарақ , иіс судан тұратын сыйлықтар сыйлаған.

Жиренше: Наурыз негізінен адамдардың көрісуінен басталған. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққан күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.

Қарашаш: Қараңғы түсе от жағылып, алтыбақан басына жастар түнімен ұлттық ойындар ойнап, айтысады. Бұл кеште айтылмаған ән, тартылмаған күй, танылмаған шешен қалмайды. Таң ата төбеге шығып, таңды қарсы алады. Ұлыстың ұлы күні Наурыздың құты дариды деген ұғым қалыптасқан.

Тазша бала: Мол болсын ер азамат келешегі,

Еңбекшіл болсын жасың-ересегің.

Шаруашылық өркендеп, алға бассын,

Орындалсын Отанға берешегің.

Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,

Басын қосқан сан халық сол ғұрыпты

Белгісін достық пенен мәңгіліктің.

2ж: Сонымен, Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз-думан» атты концерттік бағдаламамыз осымен аяқталды. Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет.

 

Автор: dauke | 20-02-2016, 23:39
Қарау саны: 3361
    
Жарнама

Пікірлер -
2


sforalFag - 25 ақпан 2016 02:59
будем посмотреть

---

Велосипед Bergamont здесь

fareSill - 4 наурыз 2016 02:04
Это просто бесподобно :)

---

Лучшие ДЦ тут

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :