» » «Білім әлеміне саяхат»


«Білім әлеміне саяхат»

Кузнецкий жалпы білім беру орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Чоягийн С.

«Білім әлеміне саяхат»

 

Мақсаты: Эмоцианалды қанық, дұрыс сөйлеуді дамыту.

Білімділік: сұрақтарға толық дұрыс жауап беруге, дәстүрден тыс сурет салу әдісін өз беттерімен көрсете білуге.

Дамытушылық: зейін, есте сақтау, таным процесін дамыту, ұсақ моторикасын, логикалық ойлау дағдысын бекіту. Тазалық, ұқыптылық дағдысын бекіту.

Тәрбиелік: балаларда ұжымдық жағымды эмоция қалыптастыру.

Алдын – ала жұмыс: Алтын әженің хаты топқа келеді. Хаттың мазмұнымен танысып, көмек ұшын беруге дайын екендігін жеткізеді.

Қажетті құрал - жабдықтар: Интерактивті тақта, қарындаштар, таратпа материалдар (кеме, ағаштың суреті дыбыстық талдауға және жоғалған сандар), текшелер, А3 – форматта қағаз – 3 дана, моншақтар, пластмасс бөтелке, ою ойылған картоп, музыкалық аспаптар (жетіген, домбыра, сылдырмақ, тұяқ),

Оқу іс – әрекетінің барысы:

Балалар әуенмен залға кіреді.

Шеңбер бойымен тұрады.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Күнімізді бастамас бұрын «Сәлем – сөз атасы», - демей ме, келген қонақтармен амандасайық.

- Жарайсыңдар, балалар! Енді, бір – бірімізге жылы лебізімізді білдірейік.

Мынау - менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.

- Балалар, осында келмес бұрын біздің топқа хат келген еді. Хат кімнен келіп еді?

- Алтын әжеден келді. Бізден көмек сұрапты.

- Иә, дұрыс айтасыңдар. Алтын әжеден хат алған болатынбыз. Алтын әжеге бармас бұрын барлығымыз білімізді сынап «Білім еліне» барып қайтайық!

- Мұнда екі топқа бөлініп отырып білім жарысын ұйымдастырайық. /балалар екі топқа бөлініп отырады/.

- Бірінші топ «Сұңқар» тобы болсын!

- Екінші топ «Тұлпар» тобы болсын! /Ойын шартын түсіндірледі/.

Сұрақтар ұяшығы

-

«Білім әлеміне саяхат»

 - Келесі ұяшықты «Сұңқар» тобы таңдайды.

- Біз таңдаймыз кітапты таңдаймыз.

Логикалық есептер

І – топтың тапсырмалары

1.Аспан көгілдір, ал шөп қандай?

2.Ит тауыққа ма, әлде мысыққа көп ұқсай ма?

3.Жазда 5 аққала жарысты, екеуі озып кетті, нешеуі қалып қойды?

ІІ – топтың тапсырмалары

1.Аспанда 4 тауық ұшып бара жатыр еді. Қонақтап қалып қойды. Нешеуі ұшып кетті?

2.Қыз мезгілі. Ағашта 3 алмұрт өсіп тұр. Оның 2 жұлып алды. Нешеу қалды?

3. Шанамен қай кезде сырғанауға болады?

ЖОҒАЛҒАН САНДЫ ЖАЗ

І – топтың тапсырмасы

1 3 5 7 9

ІІ – топтың тапсырмасы

2 4 6 8 10

- Келесі ұяшықты «Тұлпар» тобы таңдайды.

- Біз таңдаймыз киіз үйді.

Тапқыр болсаң шешіп көр!

Қолы бар, Күнде жейміз

Саусағы жоқ. Тәтті дейміз

Мойны бар, Қадір тұтып құрметтейміз. (нан)

Басы жоқ. (Көйлек)

 

Қабат – қабат қаптама, Бұрап қойған сағаттай,

Ақылың болса аттама. (Кітап) Айқайлайды таң атпай. (Әтеш)

 

Ішіне тамақ салынған, Сыртылдайды күнімен,

Есігі мықтап жабылаған (Жұмыртқа) Сыртылдайды түнімен.

Білгің келсе уақытты,

Көрсетеді тілімен. (Сағат)

- Келесі ұяшықты Сұңқар тобы таңдайды.

- Бізді таңдаймыз. Кеменің ұяшығын.

- Бұл ұяшықтың тапсырмасы «Дыбыстық талдау» Ағаш және кеме сөзіне дыбыстық талдау жаса.

 «Білім әлеміне саяхат»

 - Келесі ұяшықты «Тұлпар» тобы таңдайды.

- Біз домбыраны таңдаймыз.

- Домбыраның ұяшығында «Мен бастаймын, сен аяқта!» - деп аталады. Мен сендерге мақал – мәтелдің басын айтамын, сендер аяқтайсыңдар.

Тапсырма: «Мен бастаймын, сен аяқта!»

І – Топтың тапсырмасы

Ел іші – алтын бесік

Еріншектің ісі – екі

Ананың сүті – бал, баланың тілі де бал.

ІІ – топтың тапсырмасы

Бірлік болмай, тірлік болмас.

Көп сөз көмір, аз сөз алтын.

Жақсының жаттығы жоқ.

- Келесі ұяшықты «Сұңқар» тобы таңдайды.

- Біз Глобусты таңдаймыз.

- Глобустың тапсырмасы:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш ғарышкері кім?

 «Білім әлеміне саяхат»

 - Келесі ұяшықты «Тұлпар» тобы таңдайды.

- Біз ағашты таңдаймыз.

- Ағаш ұяшығының тапсырмасы:

Сөздерді ата және алғышқы дыбысын ата?

 «Білім әлеміне саяхат»

 - Осымен біздің «Білім әлемінің сендерге қояр сұрақтары аяқталды.

- Олай болса қай топтың жеңіс жеткенін білу үшін алдарыңдағы алған жұлдызшаларыңда санай қойыңдар!

- Енді денемізді сергітіп алайық.

Бой сергіту: Қара жорға әуенімен

- Ал, балалар, Алтын әжеге уәде еткенміздей, барып көмектесейік.

/ Шеберхана да Алтын әже отырады/.

Балалар: Сәлеметсіз бе әже?

Алтын әже: Есенсіңдер ме балалар. Қош келдіңдер! Менің хатымды алдыңдар ма?!

Балалар: Иә алдық. Біз сізге көмектесуге келдік.

Алтын әже: Жақсы болды. Сұраныстар өте көп, үлкермей жатырмын. Сендердің көмектерің өте қажет.

Мұғалім: Иә, әже! Біздің балалардың қолынан бәрі келеді.

Алтын әже: Олай болса, кім текемет жасағысы келеді, кім алқа жасағысы келеді, ал енді біреулерің кестеге келіңдер.

/балалар өз қалаулары бойынша үшке топқа бөлінеді/.

Алтын әже: балалар, қандай әдемі етіп жасағансыңдар! Текеметке қандай өрнекті қолдаңдыңдар?

- Алқа немен жасадыңдар?

- Кестеге қандай түсті гүл салдыңдар?

- Өнерлі балалар екенсіңдер. Алғысым шексіз.

Мұғалім: Алтын әже, біз тек қана қол өнері ғана емес, біздің балалар ұлттық аспаптарда ойнай алады.

Алтын әже: Бәрекелді! Олай болса тамашалайық.

Мұғалім: Балалар өнермізді көрсетейік.

/балалар аспаптарын алып, орындарына жайғасады/.

Оркестер: Музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен «Еркем - ай» әуеніне «Құлыншақ» әні орындалады.

/ сөзі құлыншақ тобына арналып шығарылған ән/.

Мұғалім: ал, балалар, әжемізбен қоштасып өзіміздің балабақшамызға қайтатын уақыт келді.

Алтын әже: Бәрекелді, өнерлеріңе тәнтімін. Көп рахмет!

Балалар: Сау болыңыз әже!

Алтын әже: сау болыңдар, балалар!

Қорытынды: міне, бақшамызға да келдік. Бүгінгі күн сендерге ұнады ма? Несімен ұнады? Біз қайд бардық? Кімге қолғабыс жасадық? Менде сендерге ризамын білімдеріңді, өнерлеріңді көрсете алдыңдар. Осымен бүгінгі білім әлеміне саяхатымыз аяқталды.

 

 

 

Автор: dauke | 22-02-2016, 22:38
Қарау саны: 3320
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :