Көпжақтар » Қазақша білім сайты
Жарнама



Көпжақтар

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНЫП ӨТКІЗІЛГЕН САБАҚ ЖОСПАРЫ

Амантаева Рашида Абдрашитовна

Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы,

Дубовка жалпы білім беру орта мекетбі

Мұғалім — өзінің білімін үздіксіз

көтеріп отырғанда ғана мұғалім,

ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда

оның мұғалімдігі жойылады.

К.Д.Ушинский.

Пәні: Геометрия

Сынып:

Сабақтың тақырыбы: Көпжақтар.

Сабақтың мақсат: Көпжақтар тақырыбын сыни тұрғыдан ойлау, алдын ала оқыту технологияларының элементтерін және Блум таксономиясының құрылымын қолдану арқылы оқушыларға түсіндіру.

Міндеті:

- тақырып бойынша білімдерін қалыптастыру ;

- өз беттерімен ізденіп, жұмыс жасауға баулу;

- ойларын сауатты түрде жеткізе білуге үйрету;

- есте сақтау, денелерді кеңістікте кескіндей, бейнелей алу іскерліктерін дамыту;

- өзгенің пікірін тыңдай білуге ықпал ету.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы.

Әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап түрінде, ойын элементтері.

Көрнектілігі: Көпжақ денелері, таратпа материалдар, слайд-презентация.

Қолданатын модуль:

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2.Сын тұрғысынан ойлауға үйрету.

3. Оқытуды бағалау және оқуды бағалау.

4. Алдын ала оқыту технологиясының элементтері.

Қолданылатын әдіс - тәсілдер:

1.Екі түрлі түсініктеме күнделігі;

2.Венн диаграммасы;

3.Еркін жазу;

4.Блум таксономиясы.

Күтілетін нәтиже:

-Өз беттерімен іздене біледі;

-Топпен жұмыс істей біледі;

-Ойлай, кескіндей, бейнелей алады;

-Білімдерін практикада қолдана алады;

-Ойларын қағазға түсіре біледі.

 

Сабақтың жоспары

Сабақтың барысы

Уа-қыт

Оқытушының іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1

 

Ұйымдастыру

кезеңі

2

мин

-амандасу,

-сабаққа дайындықтарын тексеру

-мақсат-міндетпен таныстыру;

-топқа бөлу. Топқа бөлу кезінде оқушыларға әртүрлі фигуралар таратылады, солардың бейнелеріне қарап, кеңістікте немесе жазықтықта зерттелетінін анықтап, сәйкесінше «Планиметрия» және «Стереометрия» топтарына бөлу

-сабаққа көңіл аударады;

-сабақтың мақсат-міндеттерімен танысады.

2

Білу

Үй тапсырмасын

қайталау

3

мин

Ойын түрінде «Қатесін тап». Презентцияда есептің шығару жолында қателік жіберіп жазу.

Оқушыларға алдын ала оқыту технологиясының элементін қолданып, үйге «Көпжақтар» тақырыбын оқып келуге тапсырма берілген.

 

Слайдта көрсетілген тапсырмалардың қатесін табады, түзетеді және түсіндіреді.

 

 

3

Түсіну

 

 

 

Білімді меңгеру

 

 

 

11

мин

 

 

- Көпжақтардың мадельдерін тарату;

-Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтырту;

- Күнделікті толықтыру;

Оқушылардың берген жауаптарынан кейін жауаптарын толықтыру.

- Алдын ала оқыған тақырып бойынша негізгі сұрақтарын қою.

-Екі түрлі түсініктеме күнделігін толтыру ;

- Күнделікті толықтыру.

4

Қолдану

Білімді тиянақтау

15 мин

«Кім жылдам» ойыны ойнатылады.

Оқушылар жарыса отырып есептерді шығарады.

 

5

Талдау

 

Білімді қалыптастыру

 

3

мин

«Жүргізуші және автомобиль» ойыны ойнатылады. Ойын барысында бір топқа жүргізушінің бейнесі, ал екінші топқа автомобильдің бейнесі таратылады. Берілген сұрақ бойынша жүргізуші жауап ретінде автомобилін тауып алу керек.

Оқушылар таратылған сұрақтарға жауап іздейді.

6

Топтау

Білімді

жүйелеу

7

мин

Меңгерген білімдерін жүйелету.

 

- Кластер толтырады;

- Венн диаграммасын құрастырады;

- А деңгейлі тапсырмалар құрастырады және шығарады.

7

Бағалау

Рефлексия

2 мин

Бағалау картасын толтырту.

Сабақты қысқаша бағалайды.

8

Үйге тапсырма

1 мин

№275(2), 277(2) №720 №723 номерлары үй тапсырмасына беріледі.

Оқушылар жәшіктен тапсырмалардың номерлері жазылған карталар алады.

9

Оқушылардың білімін бағалау

1 мин

Сабаққа қатысқан әр оқушының біліміне қойылған бағаға қысқаша түсінктеме беріп өту.

 

 

Бағалау қартасы:

Сабақтың ұнаған кезеңі:

 

 

Ұнамаған кезеңі:

 

 

Түсініксіз сәті:

 

 

Қандай қиындықтар болды?

 

 

Тақырыпты қаншалықты

меңгердің?

 

 

Қосымша 1.

№1.АВСД А1В1С1Д1 тік параллелепипеді берілген. АС=8 см СС1 =6см.

Параллелепипедтің диагоналін табу керек.

№2. АВСД А1В1С1Д1тік бұрышты параллелепипедтің параллель жақтарының барлық жұптарын атаңдар.

№3. АВСД А1В1С1Д1тік бұрышты параллелепипедтің С1С=13см.

АД=10см. АВ=4см берілген өлшемдері бойынша толық бетінің ауданын табу керек.

№4. АВСД А1В1С1Д1Тік бұрышты параллелепипедтің үш өлшемі 7см, 4см, 3см Т/к: V=?

№5. DABC пирамидасында AD қыры биіктігі болады, АС=18, AB=12, AD=5, CAB=900 болса, пирамиданың төбесінен табанының медианаларының қиылысу нүктесіне дейінгі қашықтықты табыңыз.

№6. АВСА1В1С1 көлбеу призмасы АА1С1С және СС1В1В жақтары тік бұрыш жасайды. Бүйір қыры 5 см, АА1В1В және СС1В1В жақтарының аудандары 130 және 50 см2 болса, бүйір бетінің ауданын табыңыз.

Қосымша 2.

№1. Қабырғасы 5 см болатын кубтың көлемн табу керек.

№2. Қабырғасы 8 см болатын кубтың диагоналін табу керек.

№3. Көлемі 64дм3 болатын кубтың қабырғасын табу керек.

№4. Толық бетінің ауданы 96см2 болатын кубтың қабырғасын табу керек.

№5. Қабырғасы 2 см болатын кубтың диагоналін анықта

№6. Дұрыс төртбұрышты призманың диагоналы 9 см, ал бүйір қыры 7 см. Оның табанының қабырғасын табу керек

Қосымша 3.

Сұрақтар.

1.ЖазықтықтыңО нүктесі мен ОА және ОВ сәулелерімен шектелген кеңістіктегі бөлігі дегеніміз не?

2.Жазық бұыштың О нүктесі қалай аталады?

3.ОАжәне ОВ сәулелері қалай аталады?

4.Көпжақты бұрыш дегеніміз не?

5.Стереометрияда бірнеше жазық көпбұрыштармен шектелген фигураны қалай атайды?

6.Параллелопипед дегеніміз не?

7.АВСДА1В1С1Д1 параллелепипедінің табанын атау керек.

8.АВСДА1В1С1Д1 параллелепипедінің жақтарын, қырларын атау керек.

9.Тік параллелепипед дегеніміз не?

10.Призма дегеніміз не?

11.Тік және көлбеу призма дегеніміз не?

12.Дұрыс призма дегеніміз не?

13.Пирамида дегеніміз не?

14.SABCD пирамидасының төбесін, қырларын, бүйір жақтарын, табанын атау керек.

15.Дұрыс пирамидадегеніміз не?

16.Қиық пирамида дегеніміз не?

17.Тетраэдр дегеніміз не?

18.Қиық пирамиданың биіктігі дегеніміз не?

Ілмек сөздер: Көпжақтар, көпжақ, көп
Автор: dauke | 23-02-2016, 23:09
Қарау саны: 1155
    
Жарнама

Пікірлер -
2


milburgquah - 25 ақпан 2016 01:48
У кого-то буквенная алексия )))))

---

Имплантология тут

ynodMix - 4 наурыз 2016 01:41
Зачёт и ниипёт!

---

Лучшие брокеры здесь

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :