Достық » Қазақша білім сайты
Жарнама



Достық

Қарағанды облысы, Бұқаржырау ауданы, Навостроика ауылы

С.Т.Елгезек атындағы негізгі мектебінің психологі

Мергенова Карлыгаш Сайлауовна.

 

Психологиялық сабақ бастауыш сыныптарда

Тақырыбы:Достық

Мақсаты: Достық, дос сөздерінің мағынасын ашып түсіндіру , оқушылардың ойларын ашық айту,қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру.

Құрал жабдықтар:қағаз, қалам

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу. Көңіл-күйлерін сұрау

Барысы:

Ең алдымен оқушыларды сабақтың ережесімен таңыстыру:

·бір-бірін тындау

·уақыт үнемдеу

·белсенділік таныту

·достық қарым-қатынас

·жағымды эмоция тудыру

Ережелерді оқушылар хормен оқиды, жазылған ережелерді тақтаға ілеміз.

Оқушылар дөңгеленіп тұрып, өз аттарын айтады және қасындағыға адамға жағымды көңіл күй білдіреді (тілек айтады)

Оқушыларды IV-топқа бөлеміз. (күн, ай, жұлдыз, аспан болып 4-ке бөлінеді) және топпен столға отырады.

I-жаттығу:«Ойға шабуыл» әдісі.

Оқушыларға сұрақ: «Дос», достық сөзін қалай түсінесің?

(Оқушылар пікірі)

Психолог:

-Сонымен достар! Біз досқа сенеміз,досты сатпаймыз ,көмктесуге, көңіл білдіруге әрқашан дайынбыз. Біз досымызға өз құпиямызды сене аламыз. Өздерің ойлап көрдіңдер ме? «Дос»-деген мағынаға ие бола аласың ба? Сіз қалай ойлайсыз? Сізді сенімді дос деп санайды ма?

ІI. Тақырып бойынша жұмыс:

Оқушыларға аяқталмаған сөйлемді жалғастыру ұсынылады.(парақ таратылады) Тақтада сөйлемнің басы жазылған:

 

Ашық айтқанда, маған әлі қиын…

Ашық айтқанда, мен үшін өте қымбат…

Ашық айтқанда, маған ұнамайды…

Ашық айтқанда, мен қуанамын…

Психолог:

-Біз бәріміз барлық адамға ойымызды ашық айта аламыз ба?

-Қолдарыңды көтріңдер, кімде сенімді дос бар?

ІІI.Хабарландыру «Дос іздеу».

Психолог:

-Әр адамға әрқашанда дос керек. Достары болмағанда ,онда адам оларды табуға тырысады. Қазір көптеген газет-журналдарда хабарландырулар басылып, өзіне дос немесе бірге болатын адам табуға тырысады. Біз де барынша сіздермен қосылып,

хабарландыру жазамыз. Оның аты «Дос іздеу».

-Сіз өзіңіз жөнінде мәлімет бере аласыз өзіңіз немен айналысатыныңызды жазуға болады.

Хабарландыру жиналып алынады, одан кейін оқылады.Оқушылар хабарландыруды кім жазғанын табады. Егер оны тапса, онда қосымша автордың жақсы жақтарын көрсетеді.

ІV. Талдау.- өз ойын ашық айту оңай ма? — Өзің туралы жазу оңай ма?

V.Үй тапсырмасы.Оқушыларға «Мен кіммін, болашақта мен кім болғым келеді» деген тақырыпта эссе жазу ұсынылады.Әр оқушы өз ойларын жазып оқиды.

 

Қорытынды:Оушылар бүгінгі сабақ жайлы өз ойларын айтып, қолдарынан ұстап тілек айтып сабақты аяқтаймыз.

 

 

Достық

 

Достық

 

Достық

 

 

Ілмек сөздер: Достық
Автор: dauke | 29-02-2016, 22:24
Қарау саны: 1384
    
Жарнама

Пікірлер -
2


fulcountDeek - 4 наурыз 2016 01:18
Замечательно, это очень ценный ответ

---

Выбор дилингового центра тут

Этого не может быть!

---

Лучший брокер здесь

quidocdell - 23 наурыз 2016 01:59
Жалко их всех.

---

Али экспресс здесь

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :