Жай сандар, құрама сандар » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Жай сандар, құрама сандар


Жай сандар, құрама сандар

Қарағанды облысы

Бұқаржырау ауданы

«Заречный жалпы білім беру орта мектебі» КММ

М атематика пәнінің мұғалімі: Карибекова Бахшагуль Мангеловна

Сабақтың тақырыбы: Жай сандар, құрама сандар.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Жай сандар мен құрама сандар туралы ақпарат беру.Жай сан мен құрама санды ажыратуға үйрету.

2. Дамытушылық:Жай сандар және құрама сандар ережелерін пайдалана

отырып , есептер шығару дағдыларын қалыптастыру,өзіндік

жұмыс, өздігінен білім алу қабілетін, топта жұмыс істеу жəне

жеке тапсырмаларды орындаудағы өзіндік бағалау дағдыларын

дамыту.

3. Тәрбиелік мәні: Топта бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: слайд, жеке жұмыс парағы ,жапсырма қағаздары, түрлі-түсті қағаздар.

І. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут).

Психологиялық дайындық.

Қайырлы күн достым, - 1 топ

Қайырлы күн болсын. -2топ

Сәрсенбінің әр кезі, -1 топ

Сәттілікке толсын. -2 топ

Біздің алар бағамыз, -бәрі

Кілең бестік болсын. -бәрі

 

1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

Көңіл-күйлерің қалай?Мен сендерге сәттілік тілеймін!

2.Сыныпты топқа бөлу(2 топқа бөлемін.Жұп сандар, тақ сандар)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (5 минут)

№642. Жұлдызшаның орнына тиісті цифрларды қойып, 3-ке еселік сандардың ең кішісін жазыңдар:

І) а) 5*9* -5091 ; ә) 30*4*- 3141 ; б) *71*_ 1710; в)2**71-21171; г)**41-1341; д )*4*21-14121:

е ) 6*7*-6273; ж ) 6*23*- 60231

ІІ) Жұлдызшаның орнына тиісті цифрларды қойып, 9-ға еселік сандардың ең үлкенін жазыңдар:

а) 2*76*-23760; ә)38*6*- 38160; б) *47*3-44703; в)73*8*- 73080; г) 30*1*- 30510;

д)2*3*0- 24300

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында « ой қозғау» бойынша алынады.

1. Егер сан 2-ге де,3- ке де бөлінсе, онда ол сан 6- ға да бөлінеді.

2. Егер сан 3-ке де, 5-ке де бөлінсе, онда ол сан 15-ке де бөлінеді.

3. Егер сан 5-ке де, 9-ға бөлінсе, онда ол сан 45-ке де бөлінеді.

4. Егер сан а санына да, в санына да бөлінсе, онда ол сан ав санына да бөлінеді.

Үйге берілген № 642 есептердің жауабын интерактивті тақта арқылы тексеру.

Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Жай сандар, құрама сандар.

( Тақырыпты бүгінгі күнге жазады)

 

III..Жаңа материалды игеру. (10 минут )

«Миға шабуыл» 1. Мына натурал сандардың барлық бөлгіштерін табыңдар:2,5,6,8,11,15,16,19,20,31,45,53

2.Мына натурал сандарды 2,5,6,8,11,15,16,19,20,31,45,53

топтарға бөліңдер.

3.1- ге және өзіне ғана бөлінетін 4 екі таңбалы санды жазыңдар.

4.Не себепті бұлай бөлдіңдер? Әр топтағы натурал санның неше бөлгіштері бар?

Ескерту: классификациялау негізін балалар өздері таңдайды. Топтық жұмыс. Топтар мәтінді оқиды, өзара талқылайды.Топ болып бірігіп, тапсырманы орындайды.

Оқушыларға өз беттерімен жай және құрама сандарының анықтамасын тұжырымдап жазуға ұсыныс жасау.

Мысалы, 5 және 31 сандары жай сандар деп аталады.15 және 45 сандары құрама сандар деп аталады.

IV.Интерактивті тақтаны пайдаланып жаңа сабақты түсіндіріп өтемін.

(5 минут)

Кестеде 35,41,26,11,1,18 сандарының бөлгіштері келтірілген.

Натурал сан

Бөлгіштері

Бөлгіштер саны

35

1,5,7,35

4

41

1,41

2

26

1,2,13,26

4

11

1,11

2

1

1

1

18

1,2,3,6,9,18

6

 

1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды.Жай сандар шектеусіз көп. Кітап мұқабасының астар бетінде 1000-ға дейінгі жай сандар кестесі келтірілген.

Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар құрама сандар деп аталады.

Натурал 1санының бір ғана бөлгіші бар, ол сол санның өзі-1саны. 1саны жай сандарға да, құрама сандарға да жатпайды.

Айырмасы 2-ге тең екі жай санды егіз сандар деп атайды. Мысалы; 5 пен 7; 11 мен 13 ; 17 мен 19.

V.Құрастыру (7 минут)

Жүк машинасы кірпіш әкелді. 

 

Жүк машинасында қандай сан-кірпіштер бар?

Сан-кірпіштерден басқа сандарды құрастырамыз.

 2, 5 және 7 үш сан-кірпіштерді алып, олардағы сандардың көбейтіндісін табамыз.

Қандай сан шықты, жай сан ба әлде құрама сан ба?

2, 2 және 11 сан-кірпішті аламыз, ондағы сандардың көбейтінділерін былай табамыз: 2 * 2 * 11. Қандай сан шықты, құрама сан ба әлде жай сан ба?

Әрі қарай оқушылар өз беттерімен құрастырулар орындайды (Құрамында сан-кірпіштердің саны әр түрлі болатындай 2 мысалдан құрастырады). Жаттығудан кейін оқушылар өз беттерімен (ауызша) мына сұрақтарға жауап береді: "Жай сандарды көбейткенде қандай сан шығады?"

VІ.Жұптық жұмыс. Оқушы оқушыларға сұрақтарды қойып, оқушылар жауап береді. (5минут) «Сен маған, мен саған». Әр топ бес мысалдан дайындап келесі топқа сұрақтар қояды, қатесі болса түзетіп отырамыз.

VІІ.Сергіту сәті. (2 минут)

1)-Мен тақ сандарды атағанда – сендер тұрасыңдар,ал жұп санды атағанда отырасыңдар.

 

VIІІ.Оқулықпен жұмыс. «Қай топ жылдам?»(3 минут)

№648.Жай сандар кестесін пайдаланып,

66,97,128,139,201,311,450,502,503,641,864,879,991

сандарынан жай сандарды бір жолға, құрама сандарды екінші жолға теріп жазыңдар.

IX.Сабақты қорытындылау. Кері байланыс. (3 минут)

1,3,5,7 цифрларының әрқайсысын бір рет қана пайдаланып сандарды жазыңдар. Осы сандардың: 1) қайсысы жай сан? 2) қайсысы құрама сан?

X.Үйге: №651,655(1 минут)

XI. Рефлексия. – Енді «Табыс» ағашын отырғызайық. (ағаштың суреті)

(1 минут)

Ағаш діңі жаңа сабақта өтілген тақырып, жасыл желек – экология, ал ағаштың жемісі сендердің алған білімдерің(оқушылар өздері таңдаған алманы алып, ағашқа жапсырады).

Жасыл алма: Маған сабақ ұнады. Тақырыпты меңгердім.

Сары алма: Тақырыпты түсіндім, бірақ тез ұмытамын..

Қызыл алма: Сабақ маған түсініксіз.

 Қарағанды облысы

Бұқаржырау ауданы

«Заречный жалпы білім беру орта мектебі» КММ

 Тақырыбы: «Жай сандар, құрама сандар».

( ашық сабақ)

 Пәні: математика

Сыныбы: 5

 Өткізген: математика пәнінің мұғалімі

Карибекова Б.М.

 2015-2016 оқу жылы

Автор: dauke | 29-02-2016, 22:31
Қарау саны: 1997
    
Жарнама

Пікірлер -
2


Қолданушы offline HortafLag - 3 наурыз 2016 16:05
---

Вождь восстания рабов и ссылка
--------------------
Фараон Египта или по этой ссылке

fareSill - 4 наурыз 2016 02:14
Неплохой топик

---

Лучшие дилинговые центры здесь

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :