Баяндама » Қазақша білім сайты
Жарнама



Баяндама

Қазіргі заман талабына сай ұлттық біріңғай тестке дайындау әр пән мұғалімінің басты міндеті болып отыр. Осы орайда мен өзімнің математика пәні бойынша ұлттық біріңғай тестке дайындаудың тиімді жолдары туралы іс-тәжірибеммен бөліскім келеді.

Қазақстан Республикасындағы басты мәселелердің бірі – жастарға білім беру. Қазіргі күн тәртібіндегі өзекті мәселе – оқушылардың өзіндік қабілеттерін жетілдіріп, жеке тұлғаларды тәрбиелеу. Орта мектеп бағдарламасындағы негізгі пәндердің бірі – математика. Математика сабағында ҰБТ-ге дайындау барысында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, есептер шешімдерін өз бетінше шығара білу дағдыларын жетілдіру – ұстаздың басты міндеті.

Қазіргі кезде ҰБТ-нің енгізілуіне байланысты математикадан дайындық жұмыстарын 11-сыныптарда өткізудің өзіндік ерекшеліктері қалыптасуда. Математика пәні бойынша тестілеу материалдарының әрқайсысының мәні төмендегі параметрлердің үйлесімі бойынша сипатталады:

-танымдық әрекет түрлері білім мен білік дағдыларын өздеріне таныс жағдайларға қолдану;

-жаңа типті есептерге білім мен білік дағдыларын қолдану;

-күрделірек

Тест тапсырмаларының мазмұны:

-білім алуды жалғастыру үшін қажетті математикалық білімді меңгеруді;

-математикалық зердені танытуды;

-математикалық әрекетке тән және қоғамда толыққанды қызмет етуге қажетті ойлаудың сапасын қалыптастыруды тексеру.

Білім және ғылым министірлігінің әр жылғы ҰБТ қорытындылары жөніндегі талдауларын саралай келе қорытынды қайталау кезінде:

-тригонометриялық өрнектерді түрлендіру;

-иррационал теңдеулерді шешу;

-логарифмдік және көрсеткіштік теңсіздіктерді шешу;

-функцияны зерттеу;

-стереометрия

тақырыптарына берілген тапсырмаларды орындау деңгейі жеткіліксіз екені анықталды. Мұның себебі, математиканы оқып-үйренудегі ҰБТ-ге дайындаудағы кемшілікте деп ойлаймын:

-оқушының негізгі мектептің математика курсы бойынша бағдарлама материалдарын нашар білуінде;

-есептің шартын түсініп, оны түрлендіруді білмейді;

-өз бетімен есеп шығарудың жолын білмейді.

Ал, математикадан ҰБТ-ге дайындаудың кемшілігі - жоғары сынып оқушыларының өз бетімен оқып-іздену дағдылары қалыптаспаған. Бұған дәлел математика сабақтарында қабілетіне қарай саралау, жеке дара тапсырма беру, талдау т.б. жұмыстар жүргізілмеуінде. Қазіргі кезде ҰБТ-ге дайындау кезеңінде осындай себептердің алдын алу, оны болдырмау үшін оқушылардың өзіндік, танымдық ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру қосымша сабақтар жүргізілуі тиіс.

Жалпы білім беретін мектептердің түлектерін ҰБТ арқылы аттестациялау және оларды жоғары оқу орындарына түсуге дайындау мектеп ұжымдарын, жеке пән мұғалімдерін үлкен жауапкершілікке міндеттейді. Пәнді оқытудың жаңа әдістерін, тиімді тәсілдерін іздеуді талап етеді.

Математика пәні бойынша ҰБТ-ге дайындаудың ерекшелігі зор. Себебі, алда тұрған ҰБТ-ге дайындалу бұл сабақ үшін маңызды мәселе. Оқушылар ҰБТ-ге дайындалу барысында бүкіл математика курсын жүйелі қайталап, білімдегі олқылықты өз бетімен ізденіп оқып толықтыруды іске асырады.

Мен математика пәні бойынша 2003-2004 оқу жылынан бастап оқушыларды ҰБТ-ге дайындап келемін. Осы көп жылдық тәжірибемде өз оқушыларымның ҰБТ нәтижелеріндегі қателіктеріне көңіл аударып, саралап, талдау жасап, себептеріне тоқталдым. Мектеп түлектерінің көпшілігі есептерді шешуде дәрменсіздік танытады. Олар біріншіден орта мектептерде оқығанда күрделі қиын есептерге көп мән бермей, жеңіл есептердің жауаптарын жаттап алып отыр. Бұндай әрекеттер дұрыс емес, себебі балалардың пәнге деген қызығушылығы бәсеңдеп, математика пәнінен алшақтайды.

Көбінесе мектеп оқушылары ой қорытып, есепті шығаруға талпынбайды, керісінше немқұрайлық танытып, ҰБТ-де көзді жұмып белгілей салады. Сондықтан оларды ең болмағанда стандартты жолмен есеп шығара білуге үйрету керек. ҰБТ-ге дайындау барысында оқушылар мәселе есептерді шешуде көп қиналады. Себебі: шартын дұрыс құрмауында.

ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолы берілген жауаптарды орнына қойып тексеруге болады. Бірақ кей жағдайда болмай қалуы мүмкін. Жалпы, бақ шаба ма, бап шаба ма? дегендей, әр оқушы өз талабынан көреді.

Осы жылдар ішінде өз тәжірибемде ҰБТ-ге дайындау жұмысын 9-10 сыныптан бастап жүргіздім. Қолданбалы курс, факультатив сабақтар және қосымша сабақтарда 11-сыныпта өтілетін тақырыптарды таңдап алып, оқушыларға игерте бастаймын. Мұның тиімділігі 11- сыныпта оқушылардың математика курсын қайталауына уақыттары көбірек болады, әрі тестпен жұмыс жасауға дағдыланады және бақылау тестерін көбірек алып отыруға, оны талдауға уақыт табылады.

Түлектерді ҰБТ-ге дайындауда мен алдымен төмендегідей үлгідегі жоспар бойынша жұмыс жасаймын. Бұл есептерді шығаруда қайталауды ұйымдастыру әдісі болып табылады.

І. Өрнектер және оларға амалдар қолдану

Өрнектерді жазылу түріне қарай екіге бөлеміз: сандық өрнектер, әріпті өрнектер.

Мазмұнына қарай: бүтін-рационал, бөлшек-рационал, иррационал, көрсеткіштік, логарифмдік, тригонометриялық деп бөліп оқытамын.

ІІ. Теңдеулер мен теңсіздіктер

Сызықтық, квадраттық, иррационал, көрсеткіштік, логарифмдік, тригонометриялық.

ІІІ. Теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесі

Құрамындағы теңдеулердің түріне қарай сызықтық және аралас болып бөлінеді. Ал теңсіздіктер жүйесі туралы түсіндіріп айту қажет, кейбір мазмұнды есептер теңдеулер мен теңсіздіктердің аралас жүйесін шешуге келтіріледі.

ІҮ. Теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесін шешуге келтірілетін мазмұнды есептер

Мазмұнына қарай бұл есептер:

-сандық тәуелділікке;

-арифметикалық және геометриялық прогрессияларға;

-бірігіп бітіретін жұмыстарға;

-қоспалар, балқымалар және ерітінділерге;

-қозғалысқа арналған.

Ү. Функция тақырыбы:

ҮІ. Геометриялық мазмұнды есептер

Геометриялық есептерді шешу үшін алдымен планиметрия мен стереометрия тараулары бойынша жүйелі қайталау жүргіземін.

Геометриялық мазмұнды есептер геометриялық фигуралардың элементтері: қабырғалары, ауданы, көлемі, бұрышы арасындағы қатынастарға арналған.

Осындай қайталауларды жүргізгеннен соң ҰБТ-ге дайындықты келесі жоспар бойынша жұмыс жасауды жалғастырамын:

-оқушыларды деңгейіне қарай топқа бөлу;

-әр тарау бойынша есептер шығару;

-тарау немесе тақырып бойынша тест алу;

-әр деңгейдегі тапсырмаларды шығарту;

-өз бетінше тест тапсырмаларымен жұмыс істеу;

-тест жинағы бойынша жұмыс жасау.

Осы орайда мен математика пәнін оқытуда педагогикалық оқыту технологияларының бірі профессор Ж. Қараевтың «Саралап, деңгейлеп оқыту» технологиясын қолданып жүргенімді айта кеткім келеді. Бұл технологияның тиімділігі математика пәні бойынша ҰБТ-ге дайындық кезінде әр тарауға жасалған жоспар бойынша деңгейлік тапсырмалар беріледі.

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік және жеке даму ынтасы, ойлауы, есте сақтауы, білім санасы артып, ой-өрісі кеңейеді. Бұл тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін және нені меңгермегенін анықтай алады.

Оқушылар есеп шығаруда ең төменгі деңгейдегі есептерді, яғни жеңіл тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оның орындалуына сәйкес келесі деңгейге көшіп отырады. Есеп күрделенген сайын оны үйренуі шын мәнінде оқушылардың ақыл-ойларының дамуына, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерінің артуына әсер етеді.

Жыл бойы 5-9 және 10-11 сыныптар бойынша бағдарлама материалдарын жүйелі қайталау барысында оқушылардың ҰБТ-ге өз бетімен дайындалу, өздігінше білімдерін толықтыру дағдысы қалыптасады.

Жалпы айтқанда, математика пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ге дайындау өте қиынға соғады, бірақ сол қиыншылықтарға қарамастан өзіміздің мектептің абыройы үшін және жас түлектің болашағы үшін бірігіп, ізденіп, талмай жұмыс жасауымыз керек деп ойлаймын. ҰБТ-ге дайындауда есептің құрылымын меңгерту, алған теориялық білімдерін шығармашылықпен қолдана білуге үйрету математика пәнінің мұғалімдерінің басты міндеті.

Жалпы оқушылардың математикалық біліктілігі мен икемділігі болмаса тест тапсырмаларының дұрыс жауаптарын таңдау қажеттілігі оқушыларымыздан көп ізденушілікті, еңбектенуді талап етеді.

 

Ілмек сөздер: Баяндама, Баяндама
Автор: dauke | 2-03-2016, 23:15
Қарау саны: 1248
    
Жарнама

Пікірлер -
1


Қолданушы offline crewilOn - 5 наурыз 2016 00:19
у мня уже есть

---

тоник бустер или маска для лица корея
--------------------
эссенция или маска для волос

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :