Адам – әлем бөлшегі » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » Адам – әлем бөлшегі


Адам – әлем бөлшегі

№4 Шонжы орта мектебінің педагог-психологі

және өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Чалимбекова Гаухар Женисовна

Пәні: Өзін – өзі тану

Сыныбы: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы: «Адам – әлем бөлшегі»

Мерзімі:

Сабақтың мақсаты:

«Әлем», «Адамзат», «Адам» құндылықтарының мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

табыс критерийлері» күтілетін нәтиже)

1. Адам әлеммен үйлесімі, адам өмірінің мәні туралы түсініктерін кеңейту.

2.Өзін, қоршаған әлемді түсіне білуге, танып-білуге баулу.

3. Сүйіспеншілікке, ізгілікке тәрбиелеу.

Қажетті құрал - жабдықтар

Интерактивті тақта, слайдттар.

 

Мұғалімнің ісәрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

І кезең:

1. Ұйымдастыру:

«Қол алысу жаттығуы»

«Шаттық шеңбері»

Бейне ролик «Қол керек пе?»

ІІ кезең:

Дәйексөзбен таныстыру

 

 

4. « Миға шабуыл: «Ассоциация»

«Әлем» сөзіне нелер жатады?

 

Оқушылар шеңбер құрып тұрады, бір – бірімен сәлемдеседі. Шаттық шеңбері.

 

 

Адам – ғалам, ғажайып, жеке дара,

Жан құмары ізденген мәңгі сана.

Өзіңді өзің танысаң істің басы,

Түзеген өз ғаламын болған дана.Ақжан әл-Машани.

Табиғат, қоршаған орта, жан-жануарлар, өсімдіктер, күн, ай, аспан, жұлдыздар, планеталар, өзендер, көлдер.

ІІІ кезең:

Мәтінмен жұмыс.

«Күн бейнесі» сұрақ-жауап

 

«Көкжиек» Д.Әбілов. Қосымша №1,2

 

Атомдар шеңбер бойымен жүреді. Мұғалім кез-келген санды айтқанда сонша малекулаларға беттерін қаратып, иықтарымен түйісіп, бірігулері керек.

 

Қосымша №3

 

Қосымша №4

Сергіту сәті

«Атомдар және молекулалар»

 

 

І Ү кезең:

Шығармашылық жұмыс

Жұмбақ шешу.

«Жұлдыздар сойлейді» жұлдызнама

V кезең:

«Жүректен жүрекке»

 

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Әлем мен адам тұтастығын, бірлігін сақтау үшін не керек?,- деген сұраққа бір сөзден айтып шығады. Жүрекше стикерлерді жерді дөңгелете жапсырып шығады.

Ү І кезең:

Үйге тапсырма беру

Сурет салу

«Адам бол,адам!» Ә.Бейсеуовтің әнін жаттау.

 

Қосымша №1

«Көкжиек» Д.Әбілов.

Көз көрім шолғаныңда дүниені –

Жерменен қауышқандай көкжиегі,

Тұрасың «көк шеңбердің» ортасында,

Тұрғандай дүниені үйіргелі

 Сонда сен жіті шолып айналаны,

Арман қып онан арғы бай даланы,

Әлгінде «көкжиек» бар жерге жетсең,

Көкжиек жеткізбеске айналады.

 Сонда да құмартамын, асығамын,

Сол менің бала жастан ғашық әнім.

Балаймын алдымдағы арманыма,

Алыста көкжиектер ашылғанын.

Қосымша №2

1. Көз көрім шолғаныңда дүниені-

Жерменен қауышқандай көкжиегі

...дегенді қалай түсінесің?

 2. Тұрасың «көк шеңбердің» ортасында,-

деп неге меңзеп тұр?

 3. Көкжиекке жету мүмкін бе?

4. Көкжиек деген не?

 5. Көкжиекті арман сөзімен ақын өлең

жолында неліктен салыстырды?

 6. Көк щеңбер дегеніміз не?

7. Адам ғалам құпиясын ашуға

неге құштар?

 8. Адам өзі қоршаған ортаға

ықпал ете ала ма?

 Қосымша №3

Алты арқар, жеті қаз, төрт бөдене,

Кейде толы,кейде орта – бір теген,

Тұнық пен лайдың арасынан

Бір аққу шыға келді құсқа төре.

 Шешуі:

Алты арқар – үркер, жеті қаз – жетіқарақшы, төрт бөдене – қос-қостан көкжиекте тұратын босаға жұлдыздар. Кейде орта, кейде толы – ай. Тұнық пен лай – күн мен түн. Құсқа төре аққуы – күн.

Қосымша №4

Тоқты (21.03. – 20.04.)

Бұл белгіде туылған адамдар сырт көзге достыққа өте бейім, бауырмал көрінеді. Кез келген әділетсіздікте бар ынты-шынтысымен шындықты іздеп, бар білгенімен бөлісіп,қызу талқылаудың көркін келтіруі мүмкін. Тоқтылар өз ойын үнемі тіке айтады. Өз қажеттілігін бірінші орынға қояды және ойының бәрі сол көздегені болады, ол кезде айналасындағыларды мүлде ойламайды. Өзінің біреуге ыңғайсыз жағдай туғызып, ренжітіп алатыны жайлы ойламайды, оны сезінбейді де. Ол бөтен ойсыз, табиғатына тән болғандықтан, Тоқтыларға ренжудің де қажеті жоқ.

Торпақ (21.04. – 20.05.)

Бір топ адамның арасынан көп сөйлемейтін адам көрсеңіз, ол – Торпақ. Онымен жақын араласпайынша, сөзге шорқақ адам деп ойлауыңыз мүмкін. Өте салмақты, көп нәрсеге былқ ете қоймайды. Сирек ашуланады, өзіне ешкімнің жөнсіз жанасқанын қаламайды. Қазбалай берсеңіз, тым қатты ашулануы мүмкін. Ашуланғанда, жолына кезіккенді қиратуы мүмкін. Бір жақсысы, бұл – өте сирек болатын жайт. Өте тартымды болады.

Егіздер (21.05. – 21.06.)

Бұл белгідегі адамда екі түрлі бейне бар, мінезі ауыспалы. Олар киімді тез ауыстырады, жұмысын да, тұратын жерін де, тіпті өз шешімін де. Үнемі жүгіріп, шауып жүреді. Кітапты оқуы да қызық, соңғы бетінен бастап оқуы да мүмкін. Егіздер пікірталасты тартысты өткізе алады. Көбісі тез сөйлейтін болғандықтан, нашар тыңдаушы. Кертартпа адамдарға шыдамсыз, жүйкесі тез сыр береді. Бірақ, достыққа бейім. Шапшаң қимылдайды. Оларды ештеңемен таң қалдыра алмайсыз, кез келген жағдайдан «құрғақ» шығады. Бәрін тез ойлайды, әзілге бай, басқа белгілерден ақылдырақ.

Шаян (22.06. – 22.07.)

Шаяндардың күлкісі әдемі болады. Кез келген кештің көркін келтіруі мүмкін, өте көңілді адам. Өзі әзілдей алмаса, басқаның әзіліне күле алады. Шаяннан асқан әзілсүйгіш болуы мүмкін емес. Бұл белгіде туылған адамдардың салмақты мінезі де бар. Бұлар танымалдыққа ұмтыла бермейді, бірақ оларға өте керек. Олар іштей басқалардың өзіне көңіл бөлгенін қалайды. Шаяндардың көңіл-күйі керемет болып жүрсе де, өте уайымшыл. Депрессияға бір түссе, барынша беріліп кетеді. Өз уайымын әзілімен білдіртпеуге тырысады, күндіз де, түнде де бір нәрседен қауіптеніп жүреді.

Арыстан (23.07. – 23.08.)

Арыстан – аң патшасы болса, бұл белгіде туылған адамдар басқалардың үстінен үстемдік еткенді ұнатады. Айбатына мінбей тұрып, енді ашулана бергенде аулақ кеткеніңіз дұрыс. Қараңғылық пен мұңаюды ұнатпайды. Достарын, жанұясын басқаруға ұмтылады. Өз пікірі мен өз құқығын алға тартып, қорғай бастаса, үндемей қоя салған дұрыс. Бірақ, уақыт өткен сайын жұмсара түсетін Арыстандар бар. Жоғары, тік ұстаған басын ешқашан имейді.

Бикеш (24.08. – 23.09)

Бұл белгіде туылғандардың көбі сүр бойдақ пен отырып қалған қыз болуы мүмкін. Ішінде екі рет неке қиятындары да көп кездеседі. Өте тыныш адамдар, шулы ортаны жақтырмайды, одан бөлектеніп жүреді. Адал және шыншыл адамдар, өтірікті аздап айтатын қасиеті де табылады. Барлық істе белсенді, сергек. Бикештердің әдеті мен үйреніп қалған істерінен арыла алмайды. Сын айтқанды ұнатады, аргументтері өте мол болады. Ісі де, заттары да тиянақты.

Таразы (27.09. – 23.10.)

Бұл белгіде туылған жандар өте мейірімді, бірақ, түнеріп кетуі де мүмкін. Өзіне бұйрық бергенді ұнатпайды. Өте интеллектуалды, сонымен қатар өте аңғал. Өзі сағаттар бойы қалай сөйлесе, солай сағаттар бойы тыңдай алады. Өте белсенді болғанмен, асығыс шешім қабылдауы мүмкін емес. Барлық істі тең ұстап тұрғанды қалайды.

Сарышаян (24.10. – 22.11.)

Сарышаян шақса, «өлтіріп жіберуі» мүмкін, қатты мінезді адам. Сарышаян өз мінезін мұқият қадағалай алады. Көзі гипнозға толы сияқты, оның бір қарағана көзінің тұңғиығына батып кетуіңіз мүмкін. Өзінің бағасын біледі және өзі туралы жоғары ойын ешқашан өзгертпейді, бір сөзбен айтқанда, ішкі ЭГОсы мықты. Біреудің масқарасын шығарып, жер қылуы тез, жақсы пікірді де тез айтқанмен, сізге ешқандай әсер етпеуі мүмкін.

Мерген (23.11. – 21.12)

Мергендер – өте ашық, бауырмал жандар. Бойында зұлымдық та, жаман қасиеттер сирек кездесетіндіктен ренжіп, өкпелей алмайсыз. Оның әдепсіз, жөнсіз мінез-құлқының астында көбіне мол ақыл мен қатаң ұстанымдар жатады. Өздерінің дипломатиялық адамдар екеніне Мергендердің өздері таң қалады. Олар әр ісін адал, еш арамдықсыз жасайды. 6 жасар бала секілді өте шыншыл келеді. Үнемі қозғалыста болады, жануарларды, жылдамдықты, спортты жақсы көреді.

Тауешкі (24.11. – 20.01.)

Бұл белгіден туылғандарды түсіну өте қиын. Олар тек алға қарай жылжып, өзінің жетістігіне марқайып отыратындардың қатарынан табылады. Үнемі тек қана алға. Адамдардың назарын өзіне аударту үшін арнайы еш тәсілді қолданбайды, баста байқамауыңыз да мүмкін. Тауешкілермен күресіп, пайда таппайсыз, олар бәрібір өз дегеніне жетеді. Табыс, құрмет, билік – олар үшін сүйікті нәрселер. Ойламаған жерден сын айта салуы мүмкін.

уқұйғыш (21.01. – 20.02.)

Адамдар кемпірқосақты жақсы көретін болса, Суқұйғыштар өте жақсы көреді. Өмірі де түрлі түсті. Реалист, ертеңгі күніне барынша сене біледі. Негізінде өте салмақты, мейірімді жандар, кейде қоғамдық пікірірлерге араласып, өзінің әдеттен тыс қылықтарымен есте қалуға ұмтылады. Ойламаған жерден оқыс қылықтар көрсетіп, таң қалдыруы мүмкін. Олар аңқау да емес, тым ақылды да емес. Негізгі қасиеті – құпияны білуге ұмтылу. Еркіндікті сүйетін Суқұйғыш көңілді, күлкілі бола алады, жасқаншақ та, нәзік те бола алады.

Балықтар (21.02. – 20.03.)

Билік жүргізе білмейді, бірақ арасында шығармашылық пен әртіс адамдар өте көп. Басқа адамдарды басқару мен билікке мүлде ұмтылмайды. Ақшаға да кетәрі емес, бірақ басқабелгілерге қарағанда, Балықтар ақшаның уақытша екеніне сенеді. Олар бай болғысы келмейді, бірақ байлар сияқты өмір сүргісі келеді. Өздері түскен күймен күресуге шамалары жетпейді. Өмірдің қалай ағып жатқаныны бәрібір өзіне ешкім тиіспесе болды. Өзі туралы сырт көздің пікірі де маңызды емес.

Автор: dauke | 3-03-2016, 19:28
Қарау саны: 1397
    
Жарнама

Пікірлер -
1


Қолданушы offline rafninek - 9 наурыз 2016 05:27
У вас мигрень сегодня?

---

кино смотреть онлайн бесплатно в а также русские сериалы смотреть онлайн
--------------------
кино онлайн без и и грянул шторм 2016 смотреть онлайн

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :