Сан есім

«Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі:

Бимуханбетова Айгүл Ерсәлімқызы

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды сан есіммен олардың

Түрлерімен,сұрақтарымен таныстыру.Оқушылардың ой- өрісің тілін дамыту.Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.

Өту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.

Көрнекілігі: Сюжетті суреттер, карточка.дидактикалық материал

Барысы:

1 .Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Зат есім дегеніміз не? «Парашютпен түсіру» ойыны арқылы зат есімнің жіктелуін қайталау.

I ж. Мен оқушымын, инженермін

ІІж. Сен оқушысың.инженерсің.

Сіз оқушысыз, инженерсіз.

ІІІж.Ол оқушы, инженер.

Зат есімнің септелуін пысықтау үшін «Гүлдер» ойынын ойнау.

Бірінші қай септік ілінуге тиіс?

Септіктердегі сөздерді ретімен орналастырып, септіктің атын айтып, жалғауын керсетеді.Сөйтіп кестедегі гүл шоғы пайда болады. Карточканы дұрыс тауып, орналастыра алмаған оқушы ойыннан шығады.

Карточкамен жұмыс:

Сын есім дегеніміз не? Заттың сынын білдіретін сөз табын сын есім дейміз.

Сұрақтары: Қандай? Қай?

Мағыналары біріне-бірі қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім дейміз.Үлкен-кіші, тоңқылдақ-шіңкілдек. Сергіту сәті:

Қоюланып тағы бұлт,

Жауады жаңбыр себелеп.

Жапырақты жамылып,

Бұға қалды кебелек.

Жаңа сабақ: «Сан есім»

-Мынау не?

-Бөлтірік

-Бөлтірік біздің ауылда бар ма?

-Бар.

-Бөлтірік қанша?

-Екі

-Үйректің балапаны нешеу?

-5

-Қанша шелек?

-1

-Аюдың баласы нешеу?

-2

Күшіктер қанша?

-3

-Неше лақ?

-1

-Мұндағы 1,3,5 заттардың несін білдіріп тұр?

-Бұлар заттың санын білдіріп тұр.

Заттың санын білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге Қанша? Неше? Нешінші? Деген сұрақтар қойылады.Сан есім есептік, реттік болып белінеді. Реттік сан есім, есептік сан есімге -ыншы, -інші, -нші, жұрнағы арқылы жасалады.Мысалы: екі-екінші, үш-үшінші Оқулықпен жұмыс:

1-жаттығу,ауызша.Сан есімдерді атау.

2-жаттығу,Сан есімдердің астын сызу.

3-жаттығу,Реттік сан есімдердің қалай жасалғанын ауызша айту.

Енді халқымыздың айтыс өнеріне орай «Айтыс» ойынын өткізейік.

Ойын шарты: Бір оқушы сан ойлап айтады да, екінші оқушы оның айтқан сан есіміне ұқсас күлкілі сөз тауып, жауап қайтарады.

Мысалы, бірінші оқушы «Бір» десе, екінші оқушы «Сыныпқа тез кір.»

-Екі

-Серікпен күресуге бекі.

-Үш

-Менімен жарысқа түс.

-Төрт

-Ол жанып тұрған өрт.

-Бес

-Алмас жалқауларға өш.

-Алты.

-Жақсы оқу-оқушының салты.

-Жеті.

-Біз тұрған жер орманның шеті.

-Сегіз.

-Қойларымыз семіз.

-Тоғыз.

-Мынау сиқырлы қара қобыз.

-Он

-Бүгін біздікіне қон

-Он бір.

-Біздің жолымыз бір.

-Он екі.

-Жеңіс туы біздікі.

Уақыт артылса, жұмбақтар айту.

Қорытындылау.Бағалау.

 

Ілмек сөздер: Сан есім, Сан есім
Автор: admin | 10-03-2016, 13:30
Қарау саны: 1019
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :