DataLife Engine > Версия для печати > Мен ғарышкер боламын
DataLife Engine > Бас мәзір, Бастауыш сынып > Мен ғарышкер боламын

Мен ғарышкер боламын

Мен ғарышкер боламын

Қарағанды облысы Теміртау қаласы №15 қазақ мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кавияв Айнахан
Тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын» ашық тәрбие сағаты
Мақсаты:
1.Оқушыларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақтандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.
2.Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру.
3. Оқушылардың патриоттық сезімін ояту.
Әдісі: СТО, ойын.
Көрнекіліктер:Флипчарт құру, құстың бейнесі.
Барысы:
І. Қызығушылығын ояту.
Психологиялық дайындық.
Мұғалім:Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Мұғалім: - Дұрыс балалар. Олай болса сендер мына тақтаға назар аударыңдар.Бүгінгі тәрбие сағатымыз сәтті өту үшін жарқыраған күннің көзін ашу арқылы бастаймыз.Бұлттарды ала отыра артындағы тапсырмаларды орындап, күннің көзін ашамыз.Күн бізге сабақ бойы жылуын шашып отырады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, тапсырмаларды орындап, күннің көзін ашады.
1.ҚР – ның тұңғыш ғарышкері кім?
2 .Мемлекеттік рәміздерді ата.
3.Жатқа тақпақ айт.
Мұғалім:Енді топтардың атын жұмбақты шешу арқылы әр топ өз аттарына ие болады.
Санаймыз қанша, Аспандағы алып доп, Болса да көкте мекені
Білмейміз, Жарқырайды жарық боп. Күндіз жоқ,
Түнімен, (Күн) Түнде жарық етеді.
Көз ілмейміз. (Ай)
(Жұлдыз)
І – топ. Ай ІІ – топ. Күн ІІІ – топ. Жұлдыз
Топтардың атын аспан денелеріне сәйкес қойылу себебін өздерің білесіңдер, өйткені бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мен ғарышкер боламын» - деп аталады.
ІІ. Мағынаны тану

Слайд фильм.
Адам ерте кезден – ақ әлем денелерін жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп білуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды.Әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі Лайка – ғарышкер ит. Оны 1957 жылдың 3 – қарашасында ғарышқа салмағы 6 кг,2 жастан асқан кезде ғарыш кемесі «Спутник – 2» кемесімен ұшырды.Ол ұшқаннан кейін 5 – 7 сағаттан соң ғарыштағы температураның күрт артуы мен стресстің салдарынан өледі. Ғалымдар Лайкамен бірге тағы екі ит Белка мен Стрелканы жаттықтырған болатын.Ал АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланған екен.
1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында тұңғыш рет Ю.А. Гагарин «Восток» кемесімен жер шарын айналып ұшты.Сөйтіп, 12 – сәуір тарихта «Ғарышкерлер күні» деген атпен енді.
Әр топқа берілген тапсырма.
Экран бетіне назар аударайық.
1 2 3 4 5 6
р а т Т о қ
1 2 3 4 5 6 7
н а р и Г а г

1 2 3 4 5 6
ғ а т Т а л
- Бұл кестелерден ғарышкерлердің атын дұрыстап табу керек. Олүшін әр топ оқушылары сандарды дұрыс орыналатыру арқылы таба алады.
Мұғалім:
Тоқтар ұшты ғарышқа,
Талғат болды ғарышта.
Таңғалдырып қазағым,
Тағы ұшса ғой Марсқа. – дегендей ғарышқа ұшқанның соңғысы Юрий Гагарин емес, одан кейін 30 жыл өткен соң 1991 жылы қазан айының 2 – сі күні тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарыш төріне самғады.
Ал екінші рет Талғат Мұсабаев ғарышқа 1994 жылы барып қайтты. Одан кейін 1998 және 2001 жылдары 2 рет барып, зерттеу жұмыстарымен айналысты.
Тапсырма. ІІІ топқа тапсырма беру.
І – топ.«Байқоңыр» туралы өлең шумақтарын дұрыс орналастыру.
ІІ – топ. Шеңбер ішіне суреттерді орналастыру.
ІІІ – топ. Ғарышкерлерге тілек жазу.
Сергіту сәті.«Ұшты, ұшты» ойыны.
ІІІ.Ой толғаныс.
Топпен жұмыс.Әр топқа тапсырма беру.Барлығы экран бетінде.
І – топ. Сөзжұмбақ шешу.

Т А Л Ғ А Т
Т О Қ Т А Р
Ю Р И Й
Б А Й Қ О Ң Ы Р
Ш О Л П А Н
Л А Й К А
З Е Р Т Т Е У
Б А Т Ы Р
1. Екінші болып ұшқан қазақ ғарышкері.
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
3. Ең алғаш болып ұшқан адам баласы.
4. Қазақ еліндегі ғарышкерлер мекені қай жер?
5. Аспан әлеміндегі жұлдыз атауы.
6. Ғарышқа сапар шеккен алғашқы ғарышкер ит.
7. Ғарышкерлер қандай жұмыстармен айналысады?
8. Ер жүректі, батыл адамдарды кім деп атайды?



ІІ – топ.Венн диаграмасы бойынша.Ғарышқа ұшқан тіршілік иелерінің ұшқан жылдарын жаз.
Лайка Тоқтар Әубәкіров
Ғарышқа ұшқан
жылдары

Юрий Гагарин Талғат Мұсабаев
ІІІ – топ. «Ғарыш әлемі» тақырыбына сурет салу.
- Балалар сендер болашақта кім болуды армандайсыңдар.
- Жалпы адам баласы армандаған дұрыс.
- Өйткені ертеме кешпе оның орындалатына сену керек.
- Олай болса ғарышкер ағаларымызға өз арманымызды жазып жіберейік.
- Барлығымыз мына қағаздарға жазып тақтадағы құстың бейнесіне ілеміз.
Сонымен балалар армандарың орындалсың деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
[xfgiven_ingredients]
[xfvalue_ingredients]
[/xfgiven_ingredients]



Вернуться назад