DataLife Engine > Версия для печати > Жалпы хатха-йога жайлы түсінік беру.Сәби қалпы, мысық қалпы, тау қалпы, қисық ағаш және түрлі жаттығулар
DataLife Engine > Бас мәзір, Бала бақша > Жалпы хатха-йога жайлы түсінік беру.Сәби қалпы, мысық қалпы, тау қалпы, қисық ағаш және түрлі жаттығулар

Жалпы хатха-йога жайлы түсінік беру.Сәби қалпы, мысық қалпы, тау қалпы, қисық ағаш және түрлі жаттығулар

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Екпінді ауылы № 166 жалпы орта мектебіжанындағы «Нұр» шағын орталығының тәрбиешісі

Абдумажитова Қарлығаш Амангелдіқызы

 

Білім беру саласы: «Денсаулық», «Шығармашылық», «Әлеуметтік».

Бөлімі: «Хатха-йога»

Тақырыбы: Жалпы хатха-йога жайлы түсінік беру.Сәби қалпы, мысық қалпы, тау қалпы, қисық ағаш және түрлі жаттығулар.

Мақсаты:Балаларға йоганың жаттығуларымен және түрлерімен таныстыру,балалардың қанайналымын жақсарту,бас ауруды шаршауды басуға көмектесу.

Көрнекіліктері:Үнтаспа,кілемшелер,сәби суреті,мысық,тау,қисық ағаш суреттері.

Іс-әрекет кезеңдері

Маманның іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Жетекшімен бірге балалар зал ортасына келіп сәлемдеседі.

Сәлеметсіңдер ме?!Бүгін сендер «хатха-йога» оқу іс-әрекетіне келдіңіздер

Балалар қатармен марш ырғағымен жүріп келіп кілемшелерін алып, қатарға бөлініп тұрады және кілемшелеріне жайғасып сәлемдеседі.Балалар бастарын изеп сәлемдеседі.Оң қолдарын көкіректерінің үстіне қойып сәлемдеседі.

Іздену ұйымдастырушы

Жетекші балаларға «хатха-йога»туралы түсінік береді. Балалар хатха-йога үнді тілінде «ха»-күн деген, «тха»-ай, «йога»-шоғырлану деген мағынаны береді. Ай-тыныштықтың белгісі.

Күн-өмірге деген сенімділік,күш қуаттылықтың шыдамдылықтың белгісі.Балалар осы белгілерді ұстанып отырып,біз хатха-йога жаттығуларын жасаймыз. Балалар қалыпты бастамас бұрын дене қыздыру жаттығуын жасап алайық.

1.Басқа арналған жаттығудан бастаймыз.

Балалар бастарын алдыға артқа және оңға солға қозғалтады. (4рет) 2.Қолға арналған жаттығу.Қолдарын алдыға созып,саусақтарын жинап,екі қолын алма кезек айналдырады. (әр қолға 4 рет жасалады) 3)Белге арналған жаттығу.Белдерін оңнан солға қарай солдан оңнан қарай айналдыру.

4 рет Ғажайып сәт: (терезе алдында отырған мысықты көреді,мысық даусы шығады.)

Жетекші балалардың назарын соған аударады.

-Балалар бұл не? Жарайсыңдар балалар.

Енді мысықтың қалпын жасаймыз.

Етпетімізденжатып екі қолымызды ашып кілемшенің үстіне қойып басымызды қолымыздың үстіне қойып аяғымызды бүгіп жатамыз да енді сүт ішеміз. Ғажайып сәт: (желдің тұрған даусы қойылады,ағаштың қисық суреті көрсетеді) Жетекші:

Балалар енді қисық ағаш қалпын жасаймыз. «Қисық ағаш» Тік тұрамыз.Екі қолымызды жоғары көтереміз желмен солға қарай,оңға қарай қисаямыз Жетекші оқу іс-әрекетін сұрақ жауап арқылы қорытындылайды. Мақтау,марапаттау. Йоганың

өзінің символы ретінде молдасын құрып отырып,басбармақ пен сұқ саусақты бір-біріне қосып көздерін жұмып тыныс алады.

Сау болыңдар балалар!

 

 

 

 

 

 

 

Балалар денелерін тік ұстап жетекшімен бірге жаттығуларды жасайды.

 

 

 

 

 

Мысық деп жауап береді.

Мысықтың жатқан қалпын жасайды.

 

Мысықтың сүт ішкен қалпын жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жетекшімен қоштасып кілемшелерін қойып залдан шығып кетеді.

 

Күтілетін нәтижелер:Не білді:Балалар сәби қалпы,мысы қалпы,тау қалпы,қисық ағаш қалыптары туралы түсінік ала білді. Не меңгерді:Қалыптардағы тыныс алуды денсаулыққа пайдалы еккенін меңгереді. Не жасай алды:балалар қалыптарды жасай алады.

[xfgiven_ingredients]
[xfvalue_ingredients]
[/xfgiven_ingredients]



Вернуться назад