DataLife Engine > Версия для печати > Химияның негізгі түсініктері мен заңдары
DataLife Engine > Бас мәзір, Химия > Химияның негізгі түсініктері мен заңдары

Химияның негізгі түсініктері мен заңдары

Қысқа мерзімді жоспар
Сыныбы: 9 (жаратылыстану-математикалық бағыт)
Пәні : Химия


№1сабақ


Химия


Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары
Сілтеме: 9 (жаратылыстану-математикалық бағыт) оқулық. Н. Нұрахметов, К.Жексембина, Н. Заграничная
Жалпы мақсаттар:

1. Техника қауіпсіздігі боіынша алғашқы нұсқаулар мен химияның негізгі түсініктері мен заңдарын қайталау
2. талдау, жүйелеу дағдыларын қалыптастыра отырып дамыту, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
3. Оқулықпен жұмыс істеу кезінде тақырыптағы басты мәселені анықтап, өз бетімен білім алуға үйрену
Күтілетін нәтижесі Химиялық негігі түсініктер мен заңдар туралы білім қалыптасады. Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады. Критерий арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.
Түйінді идеялар Химияның негізгі түсініктері мен заңдары. Диалог әдісі арқылы оқушылар сыни тұрғыдан ойлану. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар бір-бірін критерий арқылы бағалау.
Сабақтың әдісі Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі
Сабақтың көрнекілігі периодтық кесте, злектрондық оқулық
Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
• Оқушыларды топқа бөлу элементер таңбасы арқылы.
• Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.
Қызығушылықты ояту
Химиялық диктант
Ауадағы газдардың құрамына оттегінің .......... кіреді.
Су молекуласы оттегінің және сутегінің ........... тұрады.
Жемістің қайнатпа болуы оның құрамындағы қант ........... байланысты.
Оттек суда ерігенде оттегінің .......... судың ......... арасына орналасады.
Қант ........... құрамына оттегі және сутегі .......... басқа да көміртек ........кіреді.
Иод ерітіндісінің иісі ерітіндіден шығып жатқан иод ........... байланысты.
Шіріген жұмыртқаның иісі күкіртсутек .............. байланысты.
Жаңа сабақ



Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс
1 топ. Заттың құрам тұрақтылық заңы.
2 топ. Газ заңдары. Авогадро заңы. Газдың молярлық көлемі.
3 топ. Зат массасының сақталу заңы.
Оқушылар берілген мәтінді өз беттерінше оқып диалог әдісі бойынша талдайды. Постерге түсіріп басқа топтарға түсіндіреді.
байланысқандықтан оның қасиеттері де өзгеше


Тапсырмалар 1-деңгей
1. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек....... деп аталады.
2. Екі немесе бірнеше заттың бірігіп бір күрделі затқа айналуын ......деп атаймыз.
3. Құрам тұрақтылық заңын ........ашты.
2-деңгей
1. Валенттілік арқылы формула құрастыр.
V II III II V I IV II II II
P O , Al O , P Cl , N O , Ba O
2. Реакция типтерін анықта:
2Al + 3Cl2 → 2AlCl3
Fe + 2HCl → FeCl2 + H2
3.М.В.Ломоносовтың мойнақпен тәжірибе жасап, ұсынған заңы?
3- деңгей
1.Hg + O2→ HgO
C6H14+ O2→ CO2 + H2O
2. KMnO4 , K2MnO4 қайсысында калийдің массалық үлесі көп?
3. Магний жанғанда 28 грамм магний оксиді түзілді. Реакцияға қатысқан магнийдің массасы және мөлшері канша?


Кейінгі тапсырмалар Есептер шығару
Бағалау Формативті бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс.
Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды

Кері байланыс Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы
Үйге тапсырма §15-10 есептер
[xfgiven_ingredients]
[xfvalue_ingredients]
[/xfgiven_ingredients]



Вернуться назад