Қазақстан Республикасының Президенті » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Қазақстан Республикасының Президенті


Қазақстан Республикасының Президенті

Алибаев Нурсағат Даулетбекұлы
, тарих, құқық және экономика негіздері пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Президенті
Сабақтың білімділік мақсаты:
Қазақстан республикасының Президентінің өкілеттілігі мен құқықтық мәртебесімен таныстыру.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:
Оқушылардың есте сақтау, саралау, талдау, өмірмен байланыстыру дағды біліктілігін дамыту.
Негізгі ұғымдар: Президент, Президенттің өкілеттілігі, Президенттің құқықтық мәртебесі.
Сабақтың әдісі: ойтапқы, топпен жұмыс, тестік тапсырмалар.
Сабаққа қажетті дидактикалық құралдар: Қазақстан Республикасы, Конституциясы III бөлімнің баптары, интерактивтік тақта арқылы, схема, тест тапсырмалары,деректі фильмдер.
Сабақтың жоспары:
1. Қазақстан Республикасының Президентінің құқықтық жағдайы.
2. Қазақстан Республикасының Президентін сайлау тәртібі.
Сабақты мұғалім мынадай ойталқы сұрақтар арқылы бастай отырып,оқушылардың айтқан ойлары интерактивтік тақтада тірек сызба арқылы жазылып тұжырымдалады.
- Мемлекеттік органдар не үшін құрылады?
Мысалы: Мемлекетті басқару, ұйымдастыру, мемлекеттің мақсаты мен міндетін атқару үшін және мемлекеттік органдардың қызметі екіге бөлінетіні айқындалыпталдануы тиіс.
1. Ішкі қызметі – мемлекеттің ішіндегі саяси, әлеуметтік- экономикалық және мәдени саласындағы саясаты.
2. Сыртқы қызметі – шет елдермен байланысы, бейбітшілік сақтау, мемлекеттік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Енді Қазақстан республикасының мемлекеттік билік жүйесін айта келе Президенттік биліктің мазмұнына кеңірек тоқталады.
Бұл мәселені талдау үшін оқушыларға мынандай сұрақтар қойылады:
- Қазақстан Республикасының Президенттік лауазымы қашан енгізілді? Алғашқы Президент кім?
- Президенттің қандай құқықтары мәртебесі бар?
- 1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік билік органдарының жүйесінде, не себепті алдыңғы орынға Президенттік билік қойды?

Осы сұрақтарды талдау,Қазақстан республикасының тұңғышПрезиденті туралы бейнетаспа көрсетуі арқылы жүргізуге болады. Ал Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлану үшін қойылатын талаптарды түсіндіруге мұғалім мына кестені пайдалануына болады.
Конституция бойынша Президент болып сайлана алады.
1.Туғаннан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын. 2. Мемлекеттің тілді еркін меңгеру. 3. 40 жастан жас емес. 4. Қазақстанда 15 жылдан кем емес тұрған.
Президентті сайлау мерзімі, неше жылға сайланатыны Қазақстан Республикасының Конституциясының 41,42 бабы бойынша толықтырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттілігін оқушыларғанақты түсіндіре түсу мақсатында, оқушыларды шағын топтарға бөліп, топтық жұмысқа жұмылдыруға болады. Бұл әдіс оқушылардың өзара белсендігін арттырады.Оқушылар өзара пікір алысуға қатысыды. Талдау барысында мұғалім шағын топтарға кеңес беріп тапсырманы орындауға бағыттап отырады. Әр топқа берілетін тапсырмалар Қазақстан Республикасының Конституцисының 44-48 бабы бойынша дайындалады. Тапсырманы орындау уақыты көрсетіледі.
1 топ. Президент қандай мемлекеттік органдарды құрайды және мемлекеттік лауазым қызметкерлерін тағайындайды?(44бап)
2 топ. Қазақстан Республикасының Президенті қандай заң актілерін шығарады? (45бап)
3топ. Қазақстан Республикасының Президенті сыртқы саясатқа байланысты қандай міндеттер атқарады? (44бап)
4 топ. Қазақстан Республикасының президенті азаматтардың жеке басына қатысты қандай мәселелерді шешеді? (44бап)
5топ. Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттілігін қандай жағдайда тоқтатады? Қазақстан Республикасының Президенті мерзімінен бұрын босаған кезде орынға кімдер тағайындалады?
Оқушылар жауаптары дайын болғаннан кейін ортаға шығып қорғайды. Қорғау схема, сурет түрінде плакатқа түсірілуі тиіс. Өзара сұрақтар қойылады. Соңынан мұғалім қорытынды жасайды.
Оқушылардың тақырыпты қабылдау деігейі анықтау үшін тест сұрақтарын беруге болады.
Тест тапсырмаларының үлгісі:
1. Премьер Министрді тағайындаған кезде Президент кімнің келісімін алады?
А. Парламент Б. Үкімет Г. Жоғарғы сот
2. Президент Конституциялық Кеңестің неше мүшесін тағайындайды?
А. 1 Б. 2 Г. 3
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын Президент кімнің келісімімен тағайындайды?
А. Мәжіліс Б. Сенат Г. Конституциялық Кеңес
4. Қазақстан Республикасының Президенті неше жастан тағайындалады?
А. 35 Б. 40 Г. 45
5. Қазақстан Республикасының Президентіне тыйым салынады:
А. Кәсіпкерлік іспен айналысуға
Б. Саяси партиядағы қызметін тоқтатуға
Г. Заң шығаруға
6. Қазақстан Республикасының Президенті қызметінен босаған кезде оның қызметін кім атқарады?
А. Премьер Министр
Б. Парламент Сенатының Төрағасы
Г. Парламент Мәжілісінің Төрағасы
Үйге тапсырма ретінде Қазақстан Республикасының таяудағы шыққан заң актілерімен танысып келуді беруге болды.
Аты-жөні: Әлібаев Нұрсағат Дәлетбекұлы
Туған жылы: 1964
Білімі: жоғары
Бітірген оқу орны: Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
Мамандығы: тарих, құқық және экономика негіздері
Еңбек өтілі: 15 жыл
Жұмыс орны: Елтінді батыр атындағы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Қытай
Сабақтың мақсаты:
a)Білімділік мақсаты:
Қытай мемлекеті жайлы мағлұмат беру. Жері, қазынасы, кәсібі және экономикасы жайлы түсіндіру. КСРО-ның Қытай ревалюциясына көрсеткен көмегі, Сунь Ятсен бағдарламасының мазмұны жайлы баяндау.
ә) Тәрбиелік мақсаты:
Қытай мемлекеті мен Қазақстан Республикасының даму мүмкіндігі туралы салыстыра отырып, экономикалық тәрбие беру. Қытай мемлекетінің басынан кешірген тарихи жағдайларын түсіндіре отырып, патриоттық, экологиялық тәрбие беру. Имандылыққа, еңбекке баулу.
б)Дамытушылық мақсаты:
Қытай мемлекетінің қазба байлықтары мен Қазақстан елінің қазба байлықтарын салыстыра отырып зерттеу арқылы еліміздің ертеңгі “Қазақстан - 2050” стратегиялық жоспарының болашағына сендіру. Картамен жұмыс, талдау машықтарын дамыту.
Сабақ әдістері: Сөздік жұмыс.
Сабақ тәсілдері:Баяндау,тест, сұрақ-жауап, талдау.
Сабақ түрі: Саяхат сабақ.
Сабақ тегі:аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс:
1. Қытай мемлекетінің жер көлемі, кәсібі, географиялық орны жайлы айта келе, география сабағымен;
2. Экономикасы туралы айтып, математика сабағымен;
3. Қазба байлықтары туралы айта келе; химия сабағымен байланыстыру;
Пайдаланылатын көрнекіліктер:
1. Қытай мемлекетінің картасы
2. Қазақстан Республикасынығ картасы
3. Интерактивті тақта
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырма сұрау
1. 1918-1923 жылдардағы Түркия халқының ұлт-азаттық күресінің себептерін атаңдар.
2. Мұстафа Кемалдың әскери қызметінің өсу жолдарын ашып көрсетіңдер.
3. Кемалдық революцияның барысын сипаттаңдар.
4. Пікір қорғау
а)I топ. 1920-1930 жылдардағы Кемал үкіметінің реформаларына сипаттама беру.
б)II топ.Кемал Ататүрікті прогресшіл саяси қайраткер деуге болама.
4. Кестетолтыру
5. Қорытынды.
Өткен сабақты қорытындылай отырып, жаңа сабаққа байланысты материалдарға тоқталу.
Жаңа сабақты түсіндіру
Мұғалім: XIX және XX ғасырларда Қытай мен Қазақстанның даму кезеңдері жайлы салыстырмалы мағұлмат беру. Оқушылар 4 топқа бөлінеді. 1. Экономист
2. Саясаткер
3. Географ
4.Тарихшы
Хронологиялық перфокарта
1920-1922 жылдардағы саяси күрес.
1925-1927 жылдардағы Ұлттық революция
1937-1945 жылдардағы Қытай халқының Жапония басқыншылығына қарсы күресі.
Сабақты бекіту
1. Тарихшылар: Гоминдан үкіметі мен коммунистер билігінің ерекшеліктері.
2. Саясаткерлер: Сунь Ятсен үкіметі саясатының жағымды және жағымсыз жақтары.
3. Географтар: Қытай қандай елдермен саяси байланыс орнатты, қандай елдерге соғыс ашты?
4. Экономистер:XX ғасырдың бірінші жартысындағы экономикалық байланыстар.
5. Тест сынағы
6. Сөзжұмбақ
Бағалау
1. Оқушылардың өзін-өзі бағалу парағын жинап алып, мұғалімнің бағалау парағымен салыстыра отырып, ортақ баға қою.
2. Әр оқушының өткен тақырып пен жаңа тақырып бойынша алған білімдерінің жетістіктері мен кешіліктерін айтып түсіндіру.
Үйге тапсырма
I.Шығармашылық деңгей.
Қытай( XX ғасырдың басындағы және бүгінгі Қытайды салыстыру.
Екі мемлекеттің болашақта даму деңгейін жобалау).
II. Алгоритімдік деңгей.
Қытай(XX ғасырдың басындағы және бүгінгі Қытайды салыстыру.
XX ғасырдың басындағы және бүгінгі Қазақстанды салыстыру ).
III. Эвристикалық деңгей.
ҚытайXX ғасырдың басында және бүгін.
IY. Міндетті деңгей.Жапония XX ғасырдың бірінші жартысында.
Автор: dauke | 20-03-2015, 19:14
Қарау саны: 403
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :