Етістік 12–16 жаттығулар » Қазақша білім сайты
Жарнама



Етістік 12–16 жаттығулар

Сыныбы: 3 «А»

Пәні: қазақ тілі

Мұғалім: Хайруллина.Н.К

Сабақтың тақырыбы: Етістік 12–16 жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың етістік туралы білімдерін кеңейту, оның сөйлемдегі

қызметін таныту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі, қатесіз жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ұжымда өзін-өзі ізгілікке тәрбиелеуге дағдыландыру.Зеректікке, ұқыптылыққа баулу. Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Оқушылардың игерген білімді пысықтау сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ-жауап,

жеке оқушылармен, жұптық, топтық, шығармашылық жұмыс,ойын.

Көрнекілік: суреттер, қима қағазар‚ «Етістік, етістік түрлері» кестесі, слайд.

Пәнаралық байланыс:математика, әдебиеттік оқу, дүниетану

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: а) гигиеналық ә) психологиялық б) педагогикалық

Психологиялық дайындық :

Қуан шаттан, қуан шаттан,

Қуанатын күн бүгін.

Қуан шаттан, қуан шаттан,

Саған сәтті күн бүгін! (Бір-біріне сәттілік тілеу)

Педпгогикалық дайындық: топқа бөлу, топ басшысын сайлау, жауап парағын толтыру.

Үй тапсырмасымен жұмыс:.6-жаттығу, 163-бет

ІІ.Мотивациялық кезең

Лото шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын түсіндіру.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру кезеңі.

Оқушылардың білімді белсенді меңгеруге дайындау кезеңі.

·Сөздер сөз табына несіне қарай бөлінеді?

·Қандай сөз таптарын білесіңдер?

·Етістік деген не?

Жаңа сабақ.

Дәптермен жұмыс. Көркем жазу сәті

 

--------------------------------------------------------------------

(Қаламсапты дұрыс ұстау мен дұрыс отыру ескертіледі).

7–жаттығу.Ұжымдық жұмыс. Жұмбақтың шешуін тап. Етістіктердің қай сөзбен байланысып тұрғанын айт, талдау.

 

Түнде жортады,

Жарықтан қорқады.

(Жарғанат)

 

8-жаттығу. Жеке оқушылармен тақтада орындау. Етістіктерді қойылған сұрақтарына қарай екі топқа бөліп жазу. Етістіктерді қатыстырып сөйлем құрау.

 

Сергіту сәті. «Кел, билейік»

 

Не істеді? Не істейді?

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

 9-жаттығу. Жұптық жұмыс.

1.Өлеңді мәнерлеп оқы.

2.Өлеңді жатқа жаз.

3.Етістіктерді тауып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

 Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін

Көк майсасын төседі.

 

төскей

 

Көк майса

 

Сөздікпен жұмыс.

 «Поэзия минуты» оқушылар өздері білетін «Отан», «Туған жер» туралы өлеңдерін оқиды.

10–жаттығу. Өлеңнің ұйқасын табу. Шығармашылық жұмыс. Бес жолды өлең стратегиясы. Өлең құрау, етістікті табу.

 1-топ Наурыз------------------

2-топ Күн ---------------------

3-топ Наурыз тойын----------

4-топ Асыр салып-------------

 Ойын: «Не істейді?»

11-жаттығу. Өлеңді түсініп оқу. «Түртіп алу» стратегиясы, суреттер арқылы түсіндіру.

 Сабақты қорыту:Рефлексия ( Білемін, білдім, білгім келеді.) Талқылау.

Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау

Үйге тапсырма: Ереже жаттау . 11-жаттығу 165-бет.

 

 

 

Автор: dauke | 13-03-2016, 21:59
Қарау саны: 632
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :