Сөзжасам. Сөз тұлғасы » Қазақша білім сайты
Жарнама



Сөзжасам. Сөз тұлғасы

Сабақтың тақырыбы: «Сөзжасам. Сөз тұлғасы»

Сабақтың мақсаты:

А)Білімділік - алған білімдерін практикалық

тұрғыдан тексеру, сөз тұлғасының лексикалық мағынасын ажыратқызу, сөз бөлшектерін түсіндіру;

Б)Дамытушылық - оқушылардың алған білімдерін

әрі қарай жетілдіру мақсатында өздігімен жұмыс істеуге дағдыландыру, үлестірмелі қағаздар арқылы үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істеу;

Ә)Тәрбиелік – талдау жасау арқылы еңбекке баулу.

Сабақтың әдісі: жекелей-даралай талдау, түсіндіру

Сабақ түрі: дәстүрлі

Көрнекілігі: үлестірмелі қағаздар

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, кезекшімен сұхбаттасу, сыныпты түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру

Дәптермен жұмыс, үлестірмелі қағаздар арқылы жұмыс жасау.

Үйге сөйлем мүшелерінің сұрақтарын, септік жалғауларының сұрақтарын, дауысты және дауыссыз дыбыстардың түрлерін жаттауға берілген болатын. Сондықтан оқушыларды тақтаға шығарып, сөйлемді сөйлем мүшесіне, сөз құрамына және фонетикалық талдау жасауға шығардым.

1) Оспан әдейі сол араға тығылып тұр.

2) Бұл адам алыс сапардан шаршап оралды.

3) «Оқушы» сөзін септеп шық.

4) «Әліппе» сөзіне фонетикалық талдау жаса.

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексердім.

 3. Жаңа сабақ

 Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Әрбір сөздің өзіне тән тұлғасы бар, яғни сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі бір мағынасы және қызметі болады. Мысады, жолдастыққа деген сөз мынадай төрт бөлшектен тұрады:

Жол - салған із, сапар.

дас - серік, дос

тық - адамдар арасындағы қатынас

қа - басқа сөзбен байланыстыру қызметін атқарып тұр

Сөздің тұлғасы деген ұғымға түбіржәне қосымшадеп аталатын бөлшектер кіреді. Сөз жалғыз бір түбірден де, қосымшалы түбірден де құралады.

Түбір сөздер:үй, әке, бала

Қосымшалы түбір:маңдай-ша, өнер-паз,

Екі түбірден: некен-саяқ, жақсы-жаман.

 

4.Жаңа сабақты пысықтау

Жаттығулармен жұмыс

66-жаттығу

Сөздерді оқып, олардың құрамын ауызша ажыратыңдар.

Адамшылық: түбірі – адам, шылық – жұрнақ, адамның қасиетін білдіріп тұр.

Сәнқой: түбірі – сән, қой – жұрнақ, адамның қасиетін білдіріп тұр.

Аспаз: түбірі – ас, паз – жұрнақ, қызмет атауын білдіріп тұр.

Білімпаз: түбірі – біл, ім – жұрнақ, паз – жұрнақ, адамның қасиетін білдіріп тұр.

 68-жаттығу

Ел ағасыз болмас,

Ел – түбір, бір түбірден құралған; аға – түбірі, сыз – жұрнақ, қосымшалы түбірден; бол – түбірі, ма – болымсыз етістіктің жұрнағы, с – көсемшенің жұрнағы.

 5. Оқушыларды бағалау

 

6. Үйге тапсырма:

1) 10 мақал жазу, сөз құрамына талдау,

2) 67-жаттығу

 

Автор: dauke | 20-11-2016, 20:32
Қарау саны: 368
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :