Қыстырма сөздер » Қазақша білім сайты
Жарнама



Қыстырма сөздер

Пәні: қазақ тілі

Мерзімі: 21/11/16

сынып 4

сабақ

Мұғалімі: Ержан Т

Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөздер

Сабақтың мақсаты: Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін, жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңтерін байқату, сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге, қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету. Қыстырма сөздерді орынды қолдана білу

Күтілетін нәтижесі: топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады;

жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі;

әр оқушы өз-өзіне баға береді, өзіндік пайымын жасайды, тәрбиелік, тағылымдық мәнін ұғынады.

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әркеті

Тренинг

Қатысушылардың көздерін жұмғызып қолдарына парақ беріп, адамның бас мүшелерін салдыру, соңына аттарын жаздыру.

Түрлі түсті қарындаштарымен ойынға белсене қатысады.

Үй тапсырмасын

тексеру.

Бірыңғай мүше дегеніміз не?

 

 

Бірыңғай мүшелері бар сөйлем құра.

 

Бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады?

Бірдей сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып тұрған сөздер.

Мейрам күні сыныпта ақ,көк, қызыл,сары шарлар ілінді.

Бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылады.

Ой қозғау

Жұптық тапсырма

Бос орынға тиісті сөзді қойыңыз:

1. , ертең тоған басындағы суды бұзуға баратыныңызды ескертіп қояйын.

2.Осы жағдай жайлы білмеген шығар, .

3. , ол енді осы ауылға оралмай ма?

4. Бүлдіріп қойған соң, , мен жасадым деп мойындаушы ма еді?

Керекті сөздер: айтпақшы, мүмкін, сіздіңше, әрине.

 

 

Мағынаны тану

Ереже: Сөйлемдегі айтылған ойға сөйлеушінің қалай қарайтынын білдіретін сөзді қыстырма сөз деп атайды. Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды. Мысалы: Осының бәрін, әрине, жалғыз істей алмайсың? Жаңылмасам, сен бір жерден көрдім.

Оқушылар бірнеше қайталап ережені мұғалім түсіндіргендегідей кітаптан оқып шығады.

1-жаттығу

Бағанның екі жағын өзара салыстырып, олардың мағынасындағы ерекшеліктеріне талдау жасау

1.Меніңше,бұл өте мықты адам.

2.Біз бүгін,әрине,

күндегіден ертерек 3.Бәлкім,бұл жұмысты ертеңге қалдырған шығар. 4.Маған,әйтеуір,Сарыарқадағы Жайлыбай жайлауы ұнайды

1.Бұл өте мықты адам. 2.Біз бүгін күндегіден ерте шығамыз.

3.Бұл жұмысты ертеңге қалдырды.

4.Маған Сарыарқадағы. Жайлыбай жайлауы ұнайды.

Бірінші бағандағы қарамен жазылған сөздер

сөйлемде қандай мағына үстеп тұр

 

 

 

 

 

Екі бағандағы сөздерді салыстырып оқып айырмашлықтарымен, ерекшеліктерін ажыратады.

Жұптық жұмыс

Дәптермен жұмыс

2-жаттығу. Мәтінді оқып, көшіріп жаз.Қыстырма сөздердің астын сыз. Бір күні Асан ойыншықтар сатылатын дүкенге барды.Қалтасында ақшасы жоқ болса да, жай әншейін,қызық үшін бұрыла салып еді.Дүкендегі ойыншықтарға қатты қызықты.Әсіресе ,қорабы қызыл, машинаны айтсаңшы! Шіркін,осы машинаны сатып алса ғой! Қыстырма сөз сөйлемге қандай мағына үстеп тұр? Қыстырма сөздердің тыныс белгісіне назар аудар.

Тапсырма берген сәттен бастап минутпен орындайды.

Семантикалық

кесте

Сөйлемдер

зат есім

сан есім

сын есім

етістік

Барып келді

Ақ ала

Он бес мың

Ұзын бойлы

Айтып отыр

Жиырма үш

Жайық жағалауы

 

 

Оқушылар кестені толтырып, бірін бірі тексереді.

Тақтамен жұмыс

3-жаттығу. Сөйлемдерді оқы.Қыстырма сөздерді теріп жаз.
1.Кішкене күшік, шынын айтсам,маған қатты ұнады.2.Мәссаған,мұндайда керемет болады екен-ау! 3.Ұмытып барады екем,бүгін жарысқа дайындық жұмысы басталады.4.Неге екенін кім білсін,қасындағы достарымен де араласпайтын болды.5.Болашақта аты шыққан әнші болатын шығар,бәлкім.

Теріп жазып, оқиды.

 

Қыстырма сөздер;шынын айтсам,мәссаған,неге екенін,бәлкім.

Шығармашылық

тапсырма

жұппен жұмыс

4-жаттығу. Берілген сөздерді қыстырма сөз ретінде қатыстырып,сөйлем құрап жазу.Сөйлемдердің тиісті жеріне тыныс белгісін қой.
1.Сірә,кешігіп қалсам керек, сабақ басталып кетіпті. 2.Сіздіңше,оның айтқаны дұрыс па?

3.Оның пікірінше,биыл қар қалың болады екен.

4.Шындығында,ұстазымыздың айтқаны ақылді.

5.Арманның айтқаны шындық еді,амал қанша оны ешкімде тыңдамады.

Белсенді жаттығуды орындайды

Үйге тапсырма

5-жаттығу Сөйлемдерді оқы.Төмендегі қыстырма сөздерді сөйлемнің мағынасына қарай көшіріп жаз.Сөйлемнің мағынасында қандай өзгеріс болады?

Күнделіктеріне жазып алады.

Кері байланыс

Описание: C:Documents and SettingsUserРабочий столimg43.jpg

 

 

Күнделіктеріне бағаларын қойғызып алады.

Бағалау

Оқушылар бағалау парақтарындағы қойылған бағаларды оқиды

 

Автор: dauke | 1-12-2016, 23:38
Қарау саны: 199
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :