Қазақ тілінің білгірі » Қазақша білім сайты
Жарнама



Қазақ тілінің білгірі

«Қазақ тілінің білгірі» тақырыбындағы

білгірлер сайысы

Өткізілетін сыныбы: 9«В» және 9 «С» сыныбы

1.Өткізілу мақсаты: оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту,ұшқырлық,ойлау қабілеттерін шыңдау,шапшаңдық пен нақтылыққа бейімдеу.

2.Сабақтың түрі:топ арасындағы сайыс сабақ.

3.Көрнекілігі:интерактивті тақта,слайд,қима қағаздар.

4.Пәнаралық байланыс:ауыз әдебиеті,музыка,өнер,халық педагогикасы.

5.Өткізілу барысы:

1)Ұйымдастыру кезеңі.

2) Топтарды ортаға шақыру.Екі сыныптан 6 оқушыдан тұратын екі топ шығады.

3)Әділқазылар алқасын сайлау.

4)Сайыстың мақсатымен, өтілу барысымен және кезеңдерімен таныстыру.

5)Топтардың атымен,ұранымен және таңбасымен танысу.

6.Музыка қосылып тұрады.Сайысты бастамас бұрын 5 мин. психологиялық тренинг өткізіледі.Бүгінгі сайысқа үлкен белсенділікпен қатысу үшін сайысқа қатысушылар бір-біріне жылы сөздер мен жақсы ниеттерін білдіреді. (Жүректен-жүрекке).

7.Әр топ өз бақтарын сынайды.Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады. Сәлемдесу-игі дәстүр киелі,

Сөзбен қарап кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда,

Жолданады сайыскерлер сәлемі-деп келесі сөз кезегін топтарға береміз.

1-кезең.Сәлемдесу және топты таныстыру.Топтың аты мен ұранын айту,таңбасының мағынасын ашу және топ мүшелерімен таныстыру.

2-кезең.«Бәйге» деп аталады.Сұраққа-жауап.

Сұрақтар.Бірінші топқа:

1)Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады? (табу)

2) «Ақ киізге көтерді» сөзінің мағынасы не? (хан сайлау)

3)Дыбысты немен таңбалайды? (әріп)

4)Тілдің ең кіші бөлшегі не? (дыбыс)

5)Фразеология сөзінің баламасын тап (тұрақты тіркес).

6)Қосарлы дыбыстың саны нешеу ,оларды ата. (3-еу,я,ю,Ё)

7)Пәлеқор сөзі буын үндестігіне бағына ма? (жоқ)

8)Нағашы деген кім? (шешенің туыстары)

9)Күрделі сөздердің түрлерін ата.(біріккен сөз,қос сөз,қысқарған сөз,сөз тіркесі)

10)Сөз мағынасын тіл білімінің қай саласы зерттейді? (лексика)

Сұрақтар.Екінші топқа:

1)Қосымшаны тіл білімінің қай саласы зерттейді?(морфология)

2)Туыстық атауларды ата.

3)Абай атамыз үш-ақ нәрсе адамның қасиеті деген.Ол қандай қасиеттер? (ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек).

4) «Жаны зәр түбіне жету» тұрақты тіркесінің мағынасы не?(қорқу)

5)Құда,құдағи деген кімдер? (келіннің немесе күйеу жігіттің әке-шешесі)

6)Дыбыс үндестігінің түрлерін ата. (ілгерінді ықпал,кейінді ықпал)

7)Сөздердің байланысу түрлерін ата. (қиысу,матасу,меңгеру,жанасу,қабысу)

8)Шылаудың неше түрі бар? (септеулік,демеулік,жалғаулық)

9)Беташар туралы не білесің?

10)Инверсия заңы дегеніміз не?

3-кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер» , салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек.

Бірінші топқа сұрақ:1)Бастаңғы дегеніміз не? Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып,жолаушылардың жолда басы ауырмасын деп «бастаңғы» жасайды.

2)Ерулік беру дәстүрі деген не?Жарыса көшкен ауылдардың бірі озып,бірі қалып отырады.Сонда бұрын қонып отырған ауыл соңынан көшіп келіп,маңына қонған ауыл адамдарын қонаққа шақырып,қонағасы береді.Жаңа қоныстанған көршіні ерулікке шақыру.

3)Енші дегеніміз не?Балалары ержетіп,жеке үй болғанда ата-анасы оған отау тігіп,дүние-мүлік,мал береді.Мұны «енші» деп атайды.Қыздарға берілетін дүние-мүлік «жасау» деп аталады.

4)Ұлттық ойындарды ата.

Екінші топқа сұрақ:1)Көрімдік,байғазы дегеніміз не?Жаңа туған балаға,жас келінге-алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау-халықтың ежелгі дәстүрі.Көрімдік адамға,жандыға, ал байғазы жансыз дүниелерге қатысты айтылады.

2)Ауызбастырық деген не?Біреуді сөзбен жығып,ұтып,оны орнынан тұрмастай етіп өлең шығарғанда немесе өткір әзіл тастап ұялтқанда ұтылған адам бұл туралы басқа адамға таратып жібермеуі үшін «ауызбастырық» береді.Оны алған адам ешкімге айтпауы керек.

3)Кәде деген не?Ойын-тойларда,айт мерекесінде берілетін сыйды немесе алымды «кәде» деп атайды.Той кәде,құда кәде,күйеу кәде.

4)Ұлттық тағамдарды ата.

4-кезең. «Тіл жанашыры» тақырыбындағы үй тапсырмасы.Қазіргі замандағы қазақ тілінің шұбарлануына байланысты көрініс қою.

5-кезең. «Тапқырлық» деп аталады.Жасырынған жұмбақтың жауабын тауып, оны мақалмен жалғастыру керек.

1)Өзімнің ,өзгенің бәрін көремін. (көз) Көз қорқақ,қол батыр.

2)Сыбдырдан қорқады,шошынып жортады.(қоян) Қоянды қамыс өлтіреді,ерді намыс өлтіреді.

3)Жылт-жылт етеді,жылғалардан өтеді.(су) Судың да сұрауы бар.

4)Желден желігеді,судан шегінеді.(от) Отан-оттан да ыстық.

5)Үнемі ауызда бұлтыңдайды,бірақ жұтылмайды.(тіл)Тіл қылыштан да өткір.

6)Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.(қой) Семіздікті қой ғана көтереді.

6-кезең.

Әр заманда ашқан қазақ өнер сырын,

Шақырған сайыстарға бірін-бірін.

Тыңдайық тамашалап,көрермендер,

Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін,-деп «Өнерлі өрге жүзер» атты кезеңізімізді бастаймыз..Әр топ өзінің өнерін көрсетеді.

7-кезең. «Сен не істейсің?» деп аталады. Екі кезеңнен тұратын топ жетекшілерінің сайысы.Мақал-мәтелдерді жалғастыру қажет.

Ал,жетекшілер,сайысқа қалайсыңдар?

Сендер өтер әлі де талай сын бар,

Сұрағыма жауап бер,қымсынбай кеп,

Жауап қатсаң сұраққа,жарайсыңдар.-деп сұрақтарымызға жауап алайық.

1)Тіл тас жарады,тас жармаса...(бас) жарады.

2)Бал тамған тілден...(у) тамар.

3)Жақсы сөз-...(жарым ырыс)

4)Шебердің қолы ортақ,шешеннің ...(тілі) ортақ.

5)Бас кеспек болса да,...(тіл кеспек жоқ).

6)Піл көтермегенді...(тіл көтереді).

7)Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ...(ой өсіреді).

8)Жыланның уы тісінде, адамның уы...(тілінде).

9)Дәлелсіз сөз ...(желмен тең).

10)Жақсы байқап сөйлер,жаман ....(шайқап) сөйлер.

1)Парта үстінде тұрған суреттерді өз тобына мимикамен жеткізе білу керек. Суреттер:

Қортынды.Әділқазылар өз бағаларын береді.

Қош демейміз,әлі талай сайыстар бар,

Өнерлерің шыңдай берсін,қалыспаңдар.

Көрерменім көбейсін күннен-күнге,

Келе берсін қонақтар ғарыштан да-деп,бүгінгі сайыс сабағымызды тәмамдаймыз. Қанаттарыңыз талмай биікке самғай беріңіздер!Сіздерге сәттілік тілейміз!Келесі кездескенше аман -сау болыңыздар.

 Сайысқа қойылатын талаптар:

1.Сәлемдесу.Топтың аты,ұраны,таңбасы болу керек.Топ мүшелерімен таныстырып, таңба мағынасын ашу керек.

2.Топтың құрамында алты адам болу керек.

3.Топтың атынан бір өнер түрін дайындау.

4. «Тіл жанашыры» деп аталатын кезеңге қазіргі қазақ тілінің шұбарлануына байланысты көрініс дайындау.

5.Топ жетекшілер сайысына капитанның дайындығы болу керек.

6.Қазақ тілі мен әдебиет саласына байланысты тақырыптарды және қазақтың салт-дәстүрлерін қайталау.

7.Мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды еске түсіріп,қайталау.

 1-кезең.Сәлемдесу және топты таныстыру.Топтың аты мен ұранын айту,таңбасының мағынасын ашу және топ мүшелерімен таныстыру.

2-кезең.«Бәйге» деп аталады.Сұраққа-жауап. Әр топқа барлығы 10 сұрақтан қойылады.

3-кезең. «Жаңғырған салт-дәстүрлер» , салт-дәстүрлерге байланысты сұрақтарға толық жауап беру керек.Әр топқа барлығы 4 сұрақтан қойылады.

4-кезең. «Тіл жанашыры» тақырыбындағы үй тапсырмасы.Қазіргі замандағы қазақ тілінің шұбарлануына байланысты көрініс қойылады.

5-кезең. «Тапқырлық» деп аталады.Жасырынған жұмбақтың жауабын тауып, оны мақалмен жалғастыру керек.Әр топқа барлығы 6 сұрақ қойылады.

6-кезең. «Өнерлі өрге жүзер» атты кезең.Әр топ өзінің өнерін көрсетеді.

7-кезең. «Сен не істейсің?» деп аталады. Екі кезеңнен тұратын топ жетекшілерінің сайысы.Мақал-мәтелдерді жалғастыру қажет.Парта үстінде тұрған суреттерді мимикамен топқа түсіндіру керек.

Кезеңдер

 

I топ

II топ

1.Сәлемдесу.

Таныстыру.

 

 

 

 

2.Бәйге.Сұрақ-жауап

 

 

 

 

3.Салт-дәстүр.Сұрақ-жауап.

 

 

 

 

4.Көрініс.

 

 

 

 

5.Жұмбақ шешу .

 

 

 

6.Өнер.

 

 

 

7.Капитандар

сайысы

 

 

 

Автор: dauke | 9-12-2016, 21:35
Қарау саны: 126
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :