Сан есімнің мағыналық түрлерін қайталау » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Сан есімнің мағыналық түрлерін қайталау


Сан есімнің мағыналық түрлерін қайталау

1.Сабақтың өткізілетін сыныбы,пәні: 6 «А»; қазақ тілі.

2.Сабақтың тақырыбы: Сан есімнің мағыналық түрлерін қайталау.

3.Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:оқушылардың алған білімдерін пысықтап,теориялық алған ұғымдарын мысалдар,тапсырмалар арқылы терең меңгерту.

Дамытушылық мақсаты:сан есімнен алған білімдерін тапсырмалар арқылы дамыту,өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру,топпен жұмыс жүргізу арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіру,шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты:сөздердің тәрбиелік мәніне көңіл бөлдіру,ынтымақ пен бірлікке,жолдастыққа баулу.

4.Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,топтық жұмыс,ой қозғау,талдау,тыңдап түсіну,қызығушылықты ояту.

5.Сабақтың көрнекілігі:үлестірме парақтар,суреттер,түрлі түсті қарындаштар,стикерлер

6.Сабақтағы пәнаралық байланыс:әдебиет,математика,психология

7.Сабақтың барысы:

а.Ұйымдастыру кезеңі:амандасу,түгендеу.Оқушы назарын сабаққа аудару.

Қазақ тілім - өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл -қызың мәңгі сені.

Болашағым,бақытым,дара тілім. – Міне,балалар,кемеңгер ақын -жазушыларымыздың,ұлтымыздың тілі - туған тіліміз Қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Сабағымызды бастамас бұрын,әрқайсымыз мына қораптан бір парақтан алсақ.(Онда бір,екі,үш,төрт;бірінші,екінші,үшінші,төртінші;біреу,екеу,үшеу,төртеу;бір шамалы,екіге тарта,үшке таман,төрт шақты деген сан есімдер жазылған парақтар бар),солар арқылы оқушылар топқа бөлінеді.Енді осы парақтарда жазылған сан есімдер түріне қарай есептік,реттік,жинақтық,болжалдық болып төрт топқа бөлініп отыра қалайық.

8.Сонымен топқа бөліндік,енді әр топ өз жетекшісін сайласын.Осы топ жетекшілеріне бағалау парағы беріледі.Сабақ бойы олар тобындағы әр оқушыға әділ баға қойып отырады.Ал топ жетекшілеріне басқа топ мүшелері сабақ соңында өз бағасын береді.Топтардың әр тапсырманы орындауларына қарай ,алма жемісі беріліп отырады, сол бойынша сабақ соңында жинаған алма санына қарай жеңімпаз топты анықтаймыз.

9.Сонымен бүгінгі сабағымыз сан есімге арналғандықтан, әр топ алдына «сан есім» деп аталатын сөзжұмбақ қойылған.Соған топ тек сан есімге ғана қатысты сөздерді сұрағымен дайындау керек.

10.Енді келесі тапсырма бойынша бәріміз тақтаға көз салайық, сурет бойынша бес сөйлемнен тұратын, ішінде сан есімдер қатысқан қызықты мәтін құрау керек.Әр топтан бір оқушы оқып шығады.

11. Сергіту сәтіне «Дәрумендер-Витаминки» ойыны ойналады.

12.Мақал-мәтел және жұмбақ шешу.Сан есімге арналған.Суреттер бойынша тауып,айту керек.(слайд арқылы көрсетіледі)

-Ел құлағы елу.Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады.Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл.Жүз сомың болғанша,жүз досың болсын.

-Таңертең төрт аяқты,түсте екі аяқты,кешке үш аяқты (адамның сәби,жігіт,қарттық шағы).Бес ін,бес іннің аузы бір ін (қолғап).Бес жанды бір жансызға мінгеседі,үстінде ақ тақырдың із кеседі (қалам,адамның 5 саусағы).

13.Оқулықпен жұмыс. 129-жаттығуды ауызша орындату.Сан есімдерді тауып, оқу қажет.

14.Әр топқа параққа жазылған сөйлемдер беріледі.Ол сөйлемдердің ішіндегі сан есімдердің жазылу емлесі дұрыс көрсетілмеген,соны тауып, ереже бойынша түсіндіру керек.

ХI сынып оқушылары пәндік олимпиадаға қатысты.Біздің сынып оқушылары биыл 11-ге толды.2016 жылы 18 қарашада Қарағандыда аяз көтерілді.Біз топта 3-4-тен бөлініп отырамыз.Біздің сыныпқа жаңадан төрт шақты бала келді.IХ сынып оқушылары биыл мемлекеттік емтихан тапсырады.

15. Сабақты пысықтау. «Доп лақтыру» әдісі бойынша әр балаға сұрақ қойып, допты лақтырып, жауап аламын.Қолына доп түскен оқушы сұраққа жауап беру керек.

Сан есім деген не?Сан есімнің мағыналық түрлері.Зат есім деген не?Зат есімнің мағыналық түрлері.Сын есім деген не?Сын есімнің мағыналық түрлері.-Ау,-еу жұрнақтары арқылы жасалатын сан есім түрі.Бұл сөз таптарын байланыстырып тұрған не?Болжалдық сан есім қандай тіркес сөздер арқылы жасалады?-ыншы,-інші жұрнақтары арқылы жасалатын сан есім түрі.

16.Рефлексия жасату.Сабақтың өтуіне байланысты ,көңіл-күйлерін,алған әсерлерін, ойларын стикерге жазып, тақтаға ілінген суреттер бойынша жапсырады.

17.Үйге тапсырма.Тақырыптарды қайталап,134-жаттығуды жазып келу.

18.Бағалау.Топ жетекшілері бағалау қағазындағы бағаларына қортынды жасайды, ал жинаған алмалары бойынша жеңіске жеткен топ анықталып, сыйлықтарын алады.(себетке салынған алма жемісі).

Автор: dauke | 9-12-2016, 21:38
Қарау саны: 352
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :