Төлен Әбдіков «Қонақтар»

«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Амангелдинова Айгуль Кабдешовна
Сабақтың тақырыбы: Төлен Әбдіков «Қонақтар»
Сабақтың мақсаты:
1.Төлен Әбдіков өнегелі өмір жолына шолу жасау. «Қонақтар» хикаятын оқып-талдау барысында ұлттық сананы қалыптастыру
2. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға, білімді өз беттерімен алуға жетелеу. Іздендіру, зерттеу жұмыстары арқылы шығармашылық ізденістерге дағдыландыру. Көркем сөйлеуге, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Сөз өнерінің асыл қасиеттерін түсініп, оны қадірлеуге, ата-ана алдындағы парызды ақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың ұраны: Ізденеміз, зерттейміз, табамыз...
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: салыстыру, дәлелдеу, жинақтау,іздендіру, модель қорғау, зерттеу, табу, мәтінмен жұмыс (Қ.Бітібаеваның «Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясының» элементтері б.ша)
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, интерактивті тақта, қосымша материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
Мақсаты: Оқушыларды жаңа сабаққа жұмылдыру.
Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу.
Мақсаттарын айқындау
ІІ. Үй жұмысын тексеру:
Мақсаты: Оқушылардың ізденістерін ортаға салу, тексеру, бағалау.
1-топ Арман
2-топ Сағыныш
3-топ Үміт
4-топ Құрмет
(І топ Т.Әбдіков өмірі
ІІ топ Т.Әбдіков шығармашылығы
ІІІ топ Т.Әбдіков қызметі
ІV топ Жазушы жайлы пікірлер)
ІІІ. Жаңа сабақ:
Мақсаты: Жаңа білімнің ең негізгі түйінін өз беттерімен алу, ортаға салу.
1-тапсырма.
Жаңа білімді меңгерту моделі бойынша пікір-сұхбат
(4 топқа 2 сұрақтан)
Баласын тағатсыздана күткен әке-шешенің ой-толғаныстары?
Ерекең баласының қолына баруға неге қарсы?
Баласының әңгімесі Ерекеңе неліктен ұнамады?
4.Сапабек өзінің әке –шешесіне деген перзенттік сағынышын, махаббатын таныта алды ма?
5.Ерекеңнің түнімен мазасызданып шығуының себебі неде?
6.Жазушы ақсақалдың көңіл-күйін қалай берген? (Кітаптан тауып оқып жіберу)
7. Ерекең баласынан қандай үміт күтіп еді, үміті ақталды ма, әлде ақталмады ма?
8. Баланың ата-ана алдындағы азаматтық парызы дегенді қалай түсінесіңдер?
Салыстыру
2-тапсырма (Әр топ өз қалауы бойынша)
Ерғабыл қарттың келіні Қазақта келін қандай болу керек? Үндестігі
Ерғабыл қарт Сапабек Үндестігі
(Өткен тақырыппен байланыс)
Т.Айбергенов «Ана» өлеңімен Т.Әбдіков «Қонақтар» әңгімесі Үндестігі
3-тапсырма: (Шығармашылық ізденіс, қорғау)
Модель (Мен үшін ата-ана, отбасы Ерғабыл қартқа н\е басқа кейіпкерлерге)
Ой толғау, өлең құрау «Ата-ананың қадірі»
«Ағайындылар» фильмінен үзінді көрсету (оқушылардың пікірі)

Дауыс беру:
1.Сапабектің өз үйіне қонақ сияқты болуына кім кінәлі? (оқушылар пікірі)
Қорытындылау: Не білдім?
Не үйрендім?
Неден жирендім?
Қандай сезімде болдың?
Үйге тапсырма: 1 «Мен ата-анам алдындағы перзенттік борышымды қалай түсінемін?» немесе «Мен қазақ болып туғанымды мақтаныш етемін» шығарма
Бағалау: Оқушылардың білім деңгейлеріне баға беру. Өз-өзіне баға беру, анализ жасау.


Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсынұлы «Қара бұлт», «Анама хат» 7-сынып
Мақсаты: 1.А.Байтұрсынұлының шығармашылығы туралы түсініктерін арттыру, өлеңдерін тереңірек түсіндіру.
2.Өлеңдерін мәнерлеп оқи отырып, оның мазмұнын мағынасын аша білуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3.Оқушылардың бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді ажырата біліп, өз елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Типі: Қорытынды
Әдісі: Талдау, салыстыру, СТО технологиясы элементтері, кубизм стратегиясы
Көрнекілігі: А.Байтұрсынұлының өмір жолы б.ша деректер, интерактивтік тақта, қосымша әдебиеттері.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру:
1) Сәлемдесу, зейіндерін сабаққа аудару.
2) Санын түгендеу.
3) Интерактивтік тақта арқылы «Өлең» тыңдату.
2. Мұғалім:
1) Сабақтың тақырыбымен таныстырады.
2) А.Байтұрсынұлы туралы қорытынды сөз.
3) Оқушыларға сұрақ қояды: Бұл кімнің өлеңі?
3. Үй тапсырмасы: Алдын ала берілген тапсырма:
1) Өмірі.
2) Ақындығы.
3) Мысалдары.
4) Қызметі.
4.Кубизм стратегиясы бойынша сұрақтар арқылы жан-жақты білімді тексеру, талдау.
1. Ақын қара бұлт арқылы өмірдегі қандай адамдарды бейнелеген?
2. Тау сөзімен адамдардың қандай қасиетін көрсетпек болған ?
3. Қара бұлттың мақтаншақтығы мен қайырымсыздығын көрген тау қалай тебіренеді?
4. Ақын өз ойын қалай қорытындылайды ?
5. «Анама хат» өлеңі мен ақын тағдырының арасында қандай байланыс бар?
6. Намыс туралы не білесің ?
7. Өлеңде адамға тән намыс пен ұлт мүддесінен туындаған ұлтжандылық өлеңде қандай көрініс тапқан ?
8. Ақынның анасын жұбату сөздерінің мәні қандай?
5. Әр топ басшысы (Шар таңдайды)
1. Топтастыру А. Байтұрсынов кім?
2. Мысал өлең мен өлеңді салыстыру. ВЕНН диаграммасы
3. INSERT кестесі
4. Модель қорғау
6. Қорытынды:
«Қайырымдылық деген не?» оны кімдерге жасау керек?
Осы өлеңдерді оқи отырып, қандай сезімде болдыңдар? Нені үйрендіңдер? Неден жирендіңдер?
(аянышты, жаны ашу, қуану, қайғыру)
Әр топ жетекшілеріне сөз.
7. Үйге: 1.А.Байтұрсынұлы – халық бақыты үшін күресуге шақырған ақын. А.Байтұрсынұлы басқа мысал өлеңдерін оқып мазмұндау.
2.«Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым»
(Буын саны, бунақ санына талдау)
Автор: dauke | 19-03-2015, 22:49
Қарау саны: 2068
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :