Абайдың қара сөздері » Қазақша білім сайты
Жарнама



Абайдың қара сөздері

Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
Негізгі мақсаттар Ұлы Абайдың 15, 16, 17,18 – қара сөздерін оқып, талдай отырып еңбексүйгіштікке, адамгершілік қасиеттерін жетілдіре білуге жетелеу.
Сілтеме: Абай кітаптарының жинағын, ғаламтор материалдарынан Абай туралы ізденіп, оқу.
Оқыту нәтижесі: Қара сөздерді топпен оқи отырып еңбек туралы,адамгершілік туралы өз ойларын ортаға салу,ойларын нақты мысалдар арқылы дәлелдеп беру, шешендікке баулу.
Негізгі идеялар: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру.
Сабақта қолданылатын материалдар: 1.Электронды оқулық
2.Слайдтар
3.Мазмұнды сызба
4.Суреттер
Сабақта қолданылатын модульдер: 1.Сыни тұрғыдан ойлау
2.Оқыту және оқытуды бағалау
3.Диалог арқылы оқыту
4.АКТ
5.Көшбасшы
6.Дарынды және талантты балаларды анықтау
Оқыту әдістері: Интерактивті оқыту әдістері:
1Жеке жұмыс
2.Жұптық жұмыс
3.Сыныппен жұмыс
4.Топтық жұмыс
Дерек көздері: 1.Ғаламтор материалдары
2.Абайдың қара сөздері
Тапсырмалар: 1. Мәтінмен жұмыс
2. Шешен тілмен ойын шебер жеткізе білу сайысы
3. Берілген қара сөздерге байланысты сыни тұрғыдан ойлау тапсырмаларын орындау.
4. Бағалау парағына топ басшысы топ мүшелерінің бағасын қою
5.. «Екі жұлдыз, бір тілек» топтар бір- біріне тілек айту, ойларын сараптау.
Сабақ барысында мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттері:
Оқушыларға психологиялық ахуал орнату.
Оқушылар шаттық шеңберінде өзі көрші тұрған оқушының қолын қысып, ыстық лебіздерін білдіреді.
Оқушыларға қоржыннан сурет алу тапсырмасы беріледі. Кезекпен оқушылар екі қоржыннан суреттер алады .Жаз ,күз ,қыс, көктем бейнеленген суреттер бойынша оқушылар топтарына барып орналасады. Өз орталарынан топ басшыларын сайлайды. Мұғалім топ басшысына бағалау парағын ұсынады .Әр топ өз топ ережесін мұқият оқып шығады, ережені бұзбауға тырысады.
Ой қозғау. Абай сөзіне ассосация құру. Оқушылар Абайдың кім екендігін, ақын туралы деректерін тез арда 4 түрлі фигураларға жазып шығады. Қай топ көп дәлелді сөз тапқандығына байланысты топ басшылары өз бағаларын қояды.
Тапсырма №1
1-топқа
14- қара сөзін жеке оқып,жұптасып талдау, топ бойынша түсіндіру, талдау жұмыстарын жүргізу.
2-топқа
16- қара сөзін оқып, өз ойларымен дәлелді пікір айту.
3-топқа 17 қара сөзін оқу, тақырыпқа байланысты сахналық қойылым ұйымдастыру.
4-топқа
18-қара сөзін оқу,өз сөздерімен топта, топтар арасында талқылау.
Тапсырма № 2.
Топ мүшелері Абайдың бір өлеңін оқиды, екінші топ мүшелері өлең шумақтарын жалғастырады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар сергіп алады. Топ басшысы өз тобының мүшелерін бағалайды.

Тапсырма № 3.

1-топқа
15-қара сөзге байланысты өзінің қандай кітап оқығандығы, қандай жұмыс істей алатындығы, мамандық таңдауы туралы ойтолғау жазу.
2-топқа.
16-қара сөзге байланысты қандай тілдерді меңгергісі келетіндігі туралы, неше тіл білетіндігі туралы өз ойларын жазу.
3-топқа
17-қара сөзі ақыл, білім,қайрат туралы мақал- мәтелдер жазу.
4-топқа
18-қара сөзге байланысты « Ақылды адам дегеніміз қандай адам?» тақырыбында ойтолғау жазу.
Бағалау
Топ басшылары бағалау парағына қойған бағаларын жеке –жеке талдайды. Қорытынды бағасы қойылады.
Кері байланыс
Әр топтан екі оқушыдан шығып бірінші топ -екінші топқа, екінші топ - үшінші топқа , үшінші топ – төртінші топқа, төртінші топ – бірінші топқа екі жұлдыз, бір тілектерін айтады.
Сабақты Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» өлеңімен аяқтаймыз.
Үй жұмысы Абайдың қара сөздерін оқу, сатылай талдау жасау

Сансызбаева Ранай Бисенбаевна Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қарасай ауданы «Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі МДШО » КММ
Автор: dauke | 31-03-2015, 19:24
Қарау саны: 1984
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :