«Қалқаман-Мамыр» поэмасы

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні:
Акылова Жанар Ашербековна Қазақ әдебиеті 8 «А» сыныбы.


Сабақтың тақырыбы Ш.Құдайбердіұлы. «Қалқаман-Мамыр» поэмасы
Сілтеме Қ.Әбдезұлы, Г.Д.Рыскелдиев, С.Ч.Тұрсынғалиева 8-сынып оқулығы.
130-143 бет.
Слайдтар.
Сабақ жоспары
Жалпы мақсаты
Ақын өміріне қысқаша шолу, поэманың тақырыбы мен идеясын ұғындыру
Міндеттер:
1. Оқушылардың қызығушылығын ояту
2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру
3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау
4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері 1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу
2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру
3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
Сабақта туындаған негізгі идеялар Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын,
мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау
Күтілетін нәтиже Оқушы поэманы оқу арқылы салт-дәстүрді, тарихты біледі; олардың тарихқа қосатын үлесі мол екенін айта келе олардың бойына сенімділік пен жауапкершілікке баулу.
Қолданылған әдістер Диалогты оқыту, кластер, пікірталас
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және
оқушылар немен айналысады.
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 0,5мин
№1 сабақ. Тақырыбы:
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1. Қызығушылықты ояту.
Стикер таратып беру.
Тілек жазу.
Интербелсенді тақта бетіне слайдты шығарамын.
Оның бетінде Ш.Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» өлеңі болады. Өлеңді өзім емес, оқушыға оқытқызамын. Оқушымен мұғалімнің арасында диалог орнату үшін сұрақтар қоямын:
-Өлең не туралы айтылған және авторы кім?
- Ақын өлең жолында не үйрен дейді?
-Олай болса бүгінгі сабағымыз кім туралы болмақ?
Бағалау парақтары таратылады.
Көшбасшы мен бақылаушы бірлесе отырып баға қояды.
2. Мағынаны тану.
Сыныпты сандар арқылы топтарға
бөлемін.
Әр топқа оқулық мәтінінен тапсырмалар беремін.
1-топқа: Ш.Құдайбердіұлының өмірі туралы оқу
2-топқа: Поэманың мазмұнын оқыту
3-топқа: Поэмада кездесетін түсініксіз сөздермен жұмыс (сөздік арқылы).
Флипчартқа кластер құруға тапсырма береді.
Пікірталас
«Жеті атасын білмеген жетесіз» тақырыбында
- Қалқаман мен Мамырдың қосылғаны дұрыс па?

3. Ой қорыту
Тапсырма: Өздеріңді автор сезініп, поэманы ары қарай жалғастырып көріңдер (автор орындығы)
Топпен жұмыс «Бес жолды өлең» құру .
4.Бағалау

Оқушылар стикер бетіне тілек, өзінің көңіл-күйін білдіреді.

Оқушылар назары интербелсенді тақта бетінде. Бір оқушы тақтаға жақындап Ш.Құдайбердіұлының «Адамдық борышың» өлеңін оқып шығады.

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Оқушылар көшбасшы мен бақылаушыны өздері тағайындайды.

Оқушылар топтардың нөмірі көрсетілген үстелге барып отырады.
Оқушылар бірінші тақырыпты жеке оқиды, екінші жұппен талдайды, үшінші топта талқылайды.

Оқушылар оқып, талдап, талқылаған тақырыпты флипчартқа түсіріп, қорғайды.

Оқушылар назары тақтада. Бір оқушы тұрып оқып береді.
Оқушылар пікірін тыңдау.

Топта отырған оқушылар бірлесе жұмыс жасайды. Қалай жалғастыратындары өздерінің қалауы болады.

Әр топ өлең құрады. Құрған өлеңдерін оқиды.
Әр топтың көшбасшысы мен бақылаушылары қойған бағаларын оқиды.
Бағалау бойынша оқушылар ойларын айтады.
Үйге тапсырма: поэмадан өздеріне ұнаған жерінен үзінді жаттау. 1 мин.
Автор: dauke | 4-04-2015, 20:48
Қарау саны: 1201
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :