» » » Синонимнен өткенді қайталау. Лексикалық тақырыбы: Маған қымбат жандар..


Синонимнен өткенді қайталау. Лексикалық тақырыбы: Маған қымбат жандар..

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні:
Акылова Жанар Ашербековна Пәні: қазақ тілі 5- сынып
.

Сабақтың тақырыбы: Синонимнен өткенді қайталау.
Лексикалық тақырыбы: Маған қымбат жандар..
Жалпы мақсаты
Синонимнен алған білімдерін жаттығу жұмыстары арқылы бекіту, отбасында жақын адамдарына қамқор болу қасиеттерін қалыптастыру
Міндеттер:
1. Оқушылардың қызығушылығын ояту
2. Толғамды ой, түйінді пікірлермен жұмыс істеуіне мүмкіндік тудыру.
3. Берілген материалдар негізінде тіл құдіретіне деген құрмет сезімінің артуына ықпал ету.
4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау

Оқушылар үшін оқу нәтижелері 1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу
2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру
Сабақта туындаған негізгі идеялар Оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау
Сабақтың түрі Білімді бекіту
Оқыту әдістері Сыни тұрғыдан ойлау, оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, диалог
Пәнаралық байланыс Әдебиет
Көрнекіліктер:
Оқулық, үлестірмелі плакаттар, интерактивті тақта, бағалау парақшалары
Уақыт Жұмыстың түрі Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
2 мин
2 мин
1 мин

0,5 мин Қызығушылықты ояту. Шаттық шеңбері. Топқа бөлу (стикерлер арқылы). Сыныпта психологиялық ахуал туғызу үшін шаттық шеңберін ұйымдастырамын.
Топқа бөлу. 1-топ. Ана 2-топ. Әке 3-топ. Бала . – Балалар, біз бүгінгі сабақта лексика патшалығына тұратын Синоним деген данышпан қарияның үйіне саяхатқа шығамыз. (слайд) Сол қарияның ұл-қыздары өте көп екен. Ұлдарының аты Күшті... ұмытып қалыппын күшті сөзіне ұқсас қандай есімдер болу керек еді? (жауап: мықты, әлді, қайратты, қарулы, қыздарының үлкені Әдемі... тағы ұмытып тұрмын Әдеміге ұқсас қандай есімдер бар еді? (Әсем, Көркем, Ару, т.б.) . бұл балалар өте тату тұрады екен. Мағынасы бір-біріне ұқсас сөздерді қалай атаушы едік? (синоним).
Сабақтың тақырыбымен таныстырып, дәптерлеріне бүгінгі күн ретін және тақырыпты жазғызамын.
Бағалау парақшаларын таратып шығамын.
Сәлемдеседі. Топқа бөлінеді. Топтарының атына байланысты бір шумақ өлең айтады.
Дәптерлеріне бүгінгі күн ретін және тақырыпты жазады.
Топ көшбасшысы топ мүшелерін бағалап отырады
3 мин

2 мин Үй тапсырмасын сұрау Екі жақты күнделік
Сауалды сөздер Негізгі түсінік
Не?
Қандай белгісі бар?
Айырмашылығы неде?
Жеке оқушылардың тапсырмасын сұрау. Қыс пен жаздың айтысы.
Бір кедергіден өтеміз.
Оқушылар тақтаға шығып екі жақты күнделікті толтырып, ережені еске түсіреді.

Екі оқушы айтысады.
Оқушылар осы айтыстан естіген синоним сөздерді айтады.
3 мин
Сабақта орындалатын жаттығу жұмыстары
Топтық жұмыс. «Кімнің пойызы ұзын?» ойыны. Сурет көрсетемін. (слайд)
Ұстаз, педагог, оқытушы, мұғалім, т.б.
Қария, қарт, ақсақал, ата.т.б.
Сәби, нәресте, бөбек, бөпе, т.б.
Бір кедергіден өтеміз Суретке қарап синонимдер тізбесін жасайды.

5 мин Кітаппен жұмыс
73-жаттығу.
Тапсырма.
1-топ. Мәтіннен синоним сөздерді табыңдар. Олар қандай сөз табынан жасалған?
2-топ. “Жеті атасын білмеген - жетесіз” деген сөзде не айтылғанын мәтінге сүйене отырып түсіндір.
3-топ. Қос сөздерді тауып, оның құрамындағы сөздердің мағынасына назар аударыңдар.
Бір кедергіден өтеміз.
Оқушылар кітапқа үңіледі, ізденеді, өз пікірін айтады.
Мәтіннен негізгі ойды бөліп шығарады. Тірек сөздерді табады.
1 мин Сергіту сәті. «Сиқырлы доп» ойыны.
Біздің анамыз қандай? (сенімді, мейірімді, адал, шыншыл, қамқоршы)
Әкеміз қандай? (өжет, қайратты, әділетті, қайырымды, жауапкершілікті)
Бала қандай болуы керек? (инабатты, тәрбиелі, әдепті, бауырмал, талапты)
Балалар өз ойын айтады. Допты құлатпау керек.
5 мин

2 мин Шығармашылық жұмыс

Шатасқан логикалық баулар -Балалар, бізге отбасымызда ата-анамыз мейірімін төгіп, аялайды. Отбасын бір алып бәйтерек деп алсақ, сол бәйтеректі гүлдендіру үшін сендерде өз үлестеріңді қосуларың керек емес пе?
«Отбасы бәйтерегін гүлдендіріп, тамырын тереңге жаюға қосар біздің үлесіміз»
Бір кедергіден өтіп, синонимнің үйіне барамыз. Синоним қарияның бізге беретін тапсырмасы бар екен. Сол тапсырманы орындап көрейік.

Тапсырманы орындап, табылған сөздерді қатыстырып ой қорытамыз.
Оқушылар өз ойын жинақтап дәптерге түсіреді.

Оқушылар адасқан әріптерді орнына қойып, ойларын қорытып айтады.
3 мин Рефлексия Парақшалар таратамын.
Инсерт кестесі
Білемін Білмеймін Мен үшін жаңа білім Мені таң қалдырды

Оқушылар парақшаны толтырады.
2 мин Бағалау Оқушылардан бағалау парақшасын алып, өзімнің қорытынды бағамды қойып жинақтаймын.
1 мин Үйге тапсырма:
Өз өмірбаянымызды жазамыз. Бағыт-бағдар беремін. Күнделіктеріне жазып алады.
Автор: dauke | 4-04-2015, 20:52
Қарау саны: 1042
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :