Наурыз жырлары

Қазақ әдебиеті

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы


 

Наурыз жырлары

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Суреттер,таратпалар

Жалпымақсаттар

Білімділігі: Оқушыларды тұрмыс –салт жырларымен,соның ішінде наурыз өлеңдерінің түрлерiмен таныстыру, т.с. жырлары туралы бiлiмдерiн бiр жүйеге келтiру; ерекшелiгi, ұлттық сипаты, түрлерi туралы оқушыға жаңа бiлiм беру;

Дамытушылығы: Оқушылардың көркем әдебиеттi оқуға деген ынтасы мен ықыласын арттыру, сөздiк қорын, логикалық ойлау, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту;

Тәрбиелілігі: Наурыз өлеңдері арқылы жақсылыққа, өз халқының әдебиетiн , мәдениетiн дәрiптеуге тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу;

Оқыту нәтижесі

Оқушыларды тұрмыс – салт жырларымен, соның ішінде наурыз өлеңдерінің түрлерімен таныстыру, т. с. жырлары туралы бiлiмдерiн бiр жүйеге келтiру; ерекшелiгi, ұлттық сипаты, түрлерi туралы оқушыға жаңа бiлiм беру

Топқа бөлу

1.Оқушылармен сәлемдесу

2.Кезекшімен сұхбат

3.Оқушылардың сабаққа деген ынтасын көтеру.

4.Топқа бөлу (Нақыл сөздерді дұрыс құрастыру арқылы)

Ынтымақтастық атмосферасы

Орманның бiз емшiсiмiз,
Тоқ, тоқ, тоқ (партаны үш рет ұрады).
Құрт бiткендi жоқ етемiз,
Жоқ, жоқ, жоқ (қимыл көрсетедi).
Тоқ, тоқ, тоқ,
Жоқ, жоқ, жоқ.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Қызығушылықты ояту

Ал халайық жараңдар
Наурыз келді, қараңдар
Құлпыруда далам бар
Қуануда адамдар,
Наурыз келді, қараңдар!

Наурыз келді жыл келді
Дала жайнап гүлденді
Көңілдерге қуаныш
Жүректерге нұр берді,
Наурыз келді, жыл келді!
Қырлар көкке оранды
Құстар қайта оралды
Жылы шуақ молайды
Қарлы ызғар жоғалды

Толған кезі ырыстың
Қызған кезі жұмыстың
Келді Наурыз, Жаңа жыл,
Ұлы күні ұлыстың
5.Тыңда ағайын тыңдаңдар
Тойда босқа тұрмаңдар
Наурыз әнін шалқытып
Наурыз жырын жырлаңдар

Мағынаны тану

Наурыз өлеңдері
Наурыз мейрамы — өте ерте заманнан бері халықтар тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке. Ол парсымыз «Наурыз» жаңа күн деген сөзінен шыққан. Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ұлдары Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов, Ахмет Байтұрсынов біршама деректер жинаған. Күн мен түн теңелген, мал төлдеп, адамның аузы аққа тиген, жер бусанып, малдың аузы көкке тиген ырыстың басын қазақ елі – «Ұлыстың ұлы күні»- деп атайды екен. Наурыз - күні жаңарудың, өсудің, түлеудің басы. Наурыз күні — имандылық мереке. Алдына келген атанның құны болса да кеш. Наурыз — көктем мерекесі, еңбек тойы, ырыс пен молшылық бастауы. Наурыз мерекесі — мейірімділік, қайырымдылық мейрамы.

Қыс өтіп, қар кетіп
Шырайлы жаз жетіп
Шаруаның кенелген
Мейрамы ежелден
1. Наурыз көже туралы сұрақ – жауап ұйымдастыру.
2. Наурыз, көктем туралы тақпақтар айтқызу.
Кітаппен жұмыс
1. Мәнерлеп оқыту
2. Мәтін мазмұнымен таныстыру
3. Наурыз сөзінің мағынасын ашу

Сергіту сәті

Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.

 

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс

Наурыз туралы әңгімелей келе түркі халықтарының «Наурыз» мерекесін қалай қарсы алатындықтарын экран арқылы көрсету. 5. Кері байланыс.

Сабақ бойынша ойыңды білдір

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер

Үй тапсырмасы

Үйге тапсырма наурыз мерекесіне арналған өлеңдерді жаттап келу

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Өзін-өзі бағалау

Парақшаларды толтырады

Кері байланыс

Ілмек сөздер: наурыз, наурыз жырлары
Автор: dauke | 21-04-2015, 23:49
Қарау саны: 5684
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :