Сабақтың тақырыбы: Меңгеру

Сабақтың тақырыбы: Меңгеру.
Сабақтың мақсаты: Сөз тіркесін байланыстырудың бір түрі – меңгеруді түсіндіру.
Міндеттері:
1. Білімділік:білімді қалыптастыру, оқушылардың алған білімдерін тексеру, кеңейту.
2. Дамытушылық: теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуді дамыту,ойын жинақтауға дағдыландыру,тілдерін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстарын жүргізу.
3. Тәрбиелік:Отанға,туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып,патриоттық тәрбие беру. талдауға алынған мысалдар арқылы оқушы белсенділігін, қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру
Сабақтың әдіс-тәсілі:түсіндірмелі,практикалық оқулықпен,слайдпен жұмыс,үнқағаз материалдарын пайдалану,пікір айту,топпен жұмыс
Қолданылған технология: СТО,СКТ элементтері
Пәнаралық байланыс: география,тарих,әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,кітап көрмесі,
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.
3. Оқушы зейінін сабаққа аудару.
4. Топқа бөлу:
1) «Тіл білгірі» 2) «Әдебиетші» 3) «Тілшілер»

I ШЫҢ . «Қызығушылықты ояту.»
1. Қайталау сұрақтары:
1. Қазақ тілінің қай саласын өтіп жатырмыз?
2. Синтаксиис нені зерттейді?
3. Сөз тіркесі дегеніміз не?
4. Сөз тіркесінің түрлерін ата.
5. Сөздердің байланысу тәсілдерін ата.
6. Сөздердің байланысу түрлерін ата.
7. Матасу дегеніміз не?
2. 233-жаттығуды тексеру.
II ШЫҢ . «Артық болмас білгенің».
«Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды».
III. Мағынаны тану. (Жаңа сабақ)
(Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналады)

Барыс
септік Табыс септік Жатыс септік Шығыс септік Көмек-
тес септік
Сүйеді Қайрошындай ер баласын
Баулыған батырлыққа Отан-ана! Жауды жеңген жауынгер жеңісті алып бергендер Дос қадірін соғыста білерсің. Елінен безген ер оңбас. Ардагер аталар, біэ сіздермен мақтанамыз.

Жауынгерлерхабарын хат арқылы жеткізіп отырды.



Шылау Барыс септік
Етістік Жатыс септік
МЕҢГЕРУ Табыс септік
Шығыс септік Көмектес септік

Осы септіктер және шылау арқылы байланысқан сөз тіркестерін меңгеріле байланысқан сөз тіркестері немесе меңгеру екенін оқушылардың өздеріне дәлелдету.
III ШЫҢ. «Кітап –алтын қазына»
ІV Жаңа сабақты беркіту кезеңі.
Кітап көрмесі таныстырылады.
Топтық жұмыс.
а)Оқулықпен жұмыс.
235-жаттығу. «Кітап» . Мәтіндегі сөйлемдерден сөз тіркестерін табыңдар.
Айыбыңды ашпайды (Нені ашпайды? Т.с. жалғаулары арқылы байланысқан етістікті меңгеру). Сырыңды ашпайды ( тс ж. а. б. Е м)
Айтқаныңа көнеді,айдауыңа жүреді (неге көнеді? Неге жүреді? Б.с.)
Кітапқа қайырымды бол. Неге қайырымды болу керек? Б.с. басыңқы сыңары сын есім, көмекші етістік бол
Кітаптан үйренген (неден үйренген? Ш.с Жалаң етістік арқылы жасалған)

IV ШЫҢ. «Ойын айту-ой ұштар»
а) Сұхбат. «Тілшілер тобына » тақырып: «Ұлы жеңістің 70 жылдығы».
«Менің атам- майдангер». 2 оқушыдан сұралады.
ә) «Тіл білгірі» тобына:
«Жеңіс» сөзіне СКТ

б)«Әдебиетшілер» тобына тапсырма: Поэзия минуты.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты өлеңдер оқу немесе олең шығару.

в) Әр топқа тапсырма: Меңгеріле байланысқан сөз тіркестерін табыңыздар.
1 Қайырғали Смағұлов әскери борышын Кавказда өтеп жүрген кезде, тұтқиылдан соғыс басталды.
2 Батыр Боран Нысанбаев командирінен рұқсат алып, оншақты гранатаны беліне байлап, жерге бауырын төсей жөнелген.
3 Хиуаз Доспанова – Атыраудан шыққан Қаhарман ұшқыш қыз.
V ШЫҢ. «Қанатты сөз –қазына»
Ерлік тақырыбына мақалдардың жалғасын табу.

Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.

Қоянды қамыс өлтіреді,ерді намыс өлтіреді.

Болат қайнауда шынығады,
Батыр майданда шынығады.

Батыр туса- ел ырысы, Жаңбыр жауса - жер ырысы.

Ер-елдің ық жағының қаласы,Жел жағының панасы.

Батыр-елдің сәулеті,
Балқұрақ-жердің сәулеті.

VI ШЫҢ. «Сауал-бізден,жауап-бізден» (Қорытынды)

Тест сұрақтары.

VI Білімдерін бағалау.

VII Үйге тапсырма: 239- жаттығу. «Соғыс дабылы».
Рефлексия.
Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай?
(Алған әсерлеріңді түстер арқылы көрсетіңдер)

Көк түс: Сабаққа көңілім толды.
Қызыл түс: Сабақ менің сезіміме әсер етті.
Жасыл түс: Сабақтан жаңа мағлұматтар алдым.

VII ШЫҢ. «ЖЕҢІС ШЫҢЫ»


70 жыл- бейбіт көктем таң атқалы
70 жыл-шуақты күн таратты әнін.
Есімде содан бері 70 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары!

Автор: Гүлімай | 29-04-2015, 09:34
Қарау саны: 5286
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :