» » » Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»


Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»
Сабақтың мақсаты: білімділік - Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» атты әңгімесін қорытындылау, алған білімдерін жинақтап бекіту;
тәрбиелік - оқушыларды ананы құрметтей білуге,мейрімділікке,сыйластыққа тәрбиелеу; дамытушылық - оқушылардың белсенділіктерін шыңдау.
Әдісі: сұрақ-жауап,іздендіру,
Сабақтың түрі: білімді жинақтау қорыту сабағы.
Пәнаралық байланыс:қазақ тілі.
Көрнекілігі: Ғ.Мүсіреповтың портреті,бата сөздер.
Сабақтың барысы.
Жоспары
1. Бәйге (зымыран сұрақтар)
2. Көкпар (мақал-мәтел айту)
3. Тіл - өнер,полиглот (тақтамен жұмыс)
4. Жанды сөз (кітаппен жұмыс)
5. Білгірлер (дәптермен жұмыс)
6 Шығармашылық шыңы-ізденіс
Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды ойынның өту барысымен таныстырамын.
1.Бәйге (зымыран сұрақтар)
1-сұрақ.Аппақ,ақ қарбас,етектей сақалын балуан бармақтарымен сипалап отырған кім? (Әйтілес қарт)
2-сұрақ. Оның әңгімесін тыңдаушылар кім? (балалар,саудагер,Рамазан,молда)
3-сұрақ. Әңгіме Әйтілес қарттың ертеде өткен оқиғаны жаңғыртып айтуынан басталады.Мұны әдебиет теориясында не дейді? (Экспозиция)
4-сұрақ. Бала бидің батыры кім? (Жалпақ балуан)
5-сұрақ.Оның шабуға барған елі. (Ергенекті)
6-сұрақ. Ергенекті елінен бірінші рет жеңілгенде Жалпақ балуан нешеде? (Алты жасар)
7-сұрақ. Екінші рет Жалпақ балуан неге жауға шапты? (Намысқа шыдамаған еді)
8-сұрақ. Ергенекті елінде Жалпақ балуанның қандай құнды дүниесі бар деп ойлайсың? (Қалыңдығы)
9-сұрақ. Жалпақ балуанның қасында қанша жігіт бар деп ойлайсың? (Қырық жігіт)
10-сұрақ. Батырдың тілегі не? (Жауға кездесу)
11-сұрақ. Бидің тілегі не? (Жылқыға кездесу)
12-сұрақ. Жылқының бір шетін төңкеріп,қиқулап келе жатқанда барымташыларға кім кездеседі? (Тезек терген қыз)
13-сұрақ.Тұтқынға түскен қызды бірінші болып кім қуып келеді? Оның халі не болды екен? (жылқышы әкесі,өледі)
14-сұрақ. «Жаным,сен неткен жансың? Сен қазақтың қатыны шығарсың да,өзімді батыры шығар деп ойлаймын ... Бұл кімнің сөзі?
15-сұрақ. Батыр мен оның жігіттерінің артынан неге Ергенекті елі қуып келмеді? (Себебі Ергенекті елі басқа елді шауып кетеді.)
2. Көкпар (мақал-мәтел айту)
Біздің оқып танысқан «Ананың анасы» деп аталатын әңгімедегі ана секілді мына суретте де ақылды ана көш бастап келеді.Көш бастаған ананың сендерге берген сәлемін әлі аша қойғаным жоқ.Бұл сәлемді маған аманат етіп мына көш бастап бара жатқан ана тапсырды. «Аманат арға жүк» дейді қазақ.Осы сәлемдемені ашу үшін сендер бірнеше тапсырманы орындауларың керек.осы түйіншекті бір-бірімізге бере отырып,салмақтап көрейік те.Әр ұстаған оқушы бір мақалдан айтады.


Ана туралы мақалдар:
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.т.б.
3. Тіл-өнер (тақтамен жұмыс)
Әңгімеден сөйлемдер алынып,ішінен бір сөз қалдырылып кетеді.
1.Уа,жалпақ! Ергенекті елімізді ... рет шапты? /екі /
2.Біз даланың ессіз ерлеріміз ғой.Неге түрткенде ғана селт етеміз. Неге ... түртпесе көрмейміз? /көз/
3. ... десең өзімді әкет,қызымды қайтарып бер. /еркек /
4. Артымдағы ... еңіреп жіберді де,белімдегі білегін суырып-ақ алды. /қыз /
5.Кім қызын,қызы кімін жұбатып өзді-өзі болды да қалды. /шешесі/

4. Жанды сөз (кітаппен жұмыс)
5. Білгірлер
- Жалпақ балуан кім?
- Әділетсіз қара күш иесі.
- Өмірде адасып жүрген жан.
- Адамгершілігін сақтаған,мейірімін жоғалтпаған жан.
- Қалай ойлайсыңдар,қырық жігіт пен батырды тізе бүктірген қандай күш,нендей құдірет?
- Ананың киелі махаббаты.
- Онда әңгімеден Ана бейнесін,мінезін ашатын сөздерді ойлана отырып жазып қойыңдар.
Ана
ақылды қайсар
ашынған қайғылы
сергелдеңде
Әр оқушы өз аналарының есімінің бірінші әрпінен басталатын эпитет сөз тауып жазу
Мысалы:Талшын төзімді

«Автор орындығында» әдісі бойынша орындықта отырып,өз ойларын емін-еркін айта білуі керек.
1-тапсырма.Әңгіме неге «Ананың анасы» деп аталған? Өздерің қалай айтар едіңдер?
- Бұл әңгімедегі ана батырлығымен,ақылымен,қайсарлығымен қызын күңдіктен құтқарады.Сондықтан «аналардың мықтысы» дегені шығар.Мен өзім бұл әңгімені «Ана махаббаты» деп қояр едім.
2-тапсырма.Қай кейіпкерге өзің автор ретінде өзгерту енгізер едің? Немесе қай кейіпкердің іс-әрекетін қолдағың келмейді?
3-тапсырма. Сен автор орындығында отырсың,осы шығарманы өзің жазсаң қалай аяқтар едің?
6.Шығармашылық шыңы-ізденіс Сәлемдеме түйіншек ашылып,одан төмендегідей қанатты сөздер шығады.
1. Ана – теңдесі жоқ құдірет.
2. Ана – сарқылмайтын күш.
3. Ана махаббаты – киелі күш.
Берілген тақырыптарға ана махаббатының құдіретін дәлелдеу мақсатында мәтін дайындайды.
Қорытынды бөлім.
Ислам жолы да Ананы бәрінен артық ардақтауды талап етеді.Шынында да ана-әлемнің тірегі,қазіргі біздің қоғамда әйел-аналарымыз саясатпен айналысып,мемлекеттің дамуына өзіндік үлестерін қосып жатыр.Тіпті сонау тарихқа көз жібертсек,батыр аналарымыздың,ақын аналарымыздың,дана аналарымыздың болғандығына көз жеткіземіз.Олар да ер адамдармен қатар соғыста ерлік көрсетіп,тылда аянбай еңбек етіп,даналықтың үлгісін таныта білді.Ендеше бір қолымен бесікті,екінші қолымен әлемді тербеткен Аналарымыз аман болсын!

Үйге тапсырма. Ғабит Мүсіреповтың ана тақырыбындағы басқа да әңгімелерін оқып,олардың ортақ идеясын табу,осы әңгімемен салыстыру.
Бағалау.
Автор: Гүлімай | 29-04-2015, 09:45
Қарау саны: 1061
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :