» » » Б.Майлиннің "Түйебай" әңгімесі


Б.Майлиннің "Түйебай" әңгімесі

«№ 46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Пәні: Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Рүстемова Гүлмира Бегайдарқызы
Сыныбы: 6 «В»
Мерімі: 10.12. 2014 ж.
Сабақтың тақырыбы: Бейімбет Майлиннің «Түйебай» әңгімесі (2-сағаты)
Сабақтың мақсаты: :
Білімділік Дамытушылық Тәрбиелік
Шығарманың мазмұнын талдай отырып,идеясын ашу , жазушының кейіпкер бейнесін ашудағы шеберлігін таныту;кейіпкерге талдау жасау. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы шығармадағы қажетті үзінділерді таңдап, ой түйінін қорытындылап шығаруға машықтандыру ;шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным –түсініктерін дамыту,іздену,зерттеу жұмыстарына баулу;өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу. Жазушы көтерген проблемалар тағылымынан өнеге алып,оқушылардың азаматтық бейнесін қалыптастыру; кейіпкер тағдырына ортақтастыра білу, мейірімді, төзімді, қайырымды болуға, бауырмалдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы
Сабақтың өту әдісі: Сұрақ-жауап,проблема тудыру,іздестіру,оқулықпен жұмыс, топпен және жеке жұмыс жасау, баяндау,
пікірталас, эссе, талдау
Сабақтың кезеңі
(Блум таксомониясы бойынша) Кезеңнің мақсаты: Берілетін тапсырмалар Оқушының
іс-әрекеті Бағалау форма-лары Беріл-ген уақыт
Ұйымдастыру кезеңі:
Сыныптың сабаққа дайындау.
Сыныпты үш топқа бөлу.

Білу
Оқыған шығарманы еске түсіріп, түсінгенін қысқаша баяндау. Жоспар бойынша әңгіме мазмұнын жүйелеу арқылы
композициялық құрылымына талдау жасау:
Оқиғаның басталуы: Қоржынтомар жайлауы
Оқиғаның байланысы: Молдадағы оқу
Оқиғаның дамуы: Түйебайдың өмірі
Оқиғаның шиеленісуі: Түйебайға молданың көзқарасы
Оқиғаның шарықтау шегі: Таяққа жығылған- Түйебай
Оқиғаның шешімі: Соңғы шешім Жоспар бойынша болған оқиғалардың мазмұнын қысқаша баяндайды, сол арқылы шығарманың композициялық құрылымын шығарады. Өзін-өзі бағалау парағы мен таныстыру.


Мақтау 

7

М -2
М – 3
М - 7

Түсіну Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, автордың негізгі айтпақ ойын, идеясын тапқызу. Ашық сұрақтар қоя отырып, шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу.
1. Автор әңгімені неге «Түйебай» деп атады?
2. Түйебайдың «Шоқынып кетсем де, енді молданың алдын көрмеймін» деген қорытындыға келуінің себебі неде?
3. "Сен бақыттысың ғой” деген сөзді аузымен айтпаса да, көзқарасы еріксіз білдірерлік еді - дегенге қандай пікір айтасың?
Әңгіменің идеясы: Түйебай образы арқылы сол замандағы кедей балалардың тағдырын көрсету.
Тақырыбы: Оқушыларды оқу-білімге шақыру. Ашық сұрақтармен жұмыс жасай отырып, өз ойларын ортаға салады. 3

М – 2
М – 6

Қолдану

Шығарманың мазмұнынан түсінгендерін пайдалана отырып, кейіпкерлерге талдау жасау.
Әдебиет теориясы бойынша ережелерді еске түсіру. Кейіпкерлерге талдау:
1-топ: Түйебайға мінездеме

2- топ: Аңқау елге – арамза молда (молдаға сипаттама беру)

3- топ: Түйебай заманындағы білім алу мен қазіргі білім алу. Топтық жұмыс жасай отырып өз ойларын постер бетіне топтастырады

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» айтады.

Критер иалды бағалау
10

М – 7
М – 2
М - 4


Пейзаж дегеніміз не? Әңгімеден тауып оқу.

Портрет дегеніміз не? Әңгімеден кейіпкерлердің портретін табу.

Талдау Түйебайдың сөзі «дұрыс» және «бұрыс» деген позицияны топ болып талқылау. Үш топқа берілетін тақырыптар:
«Шоқынып кетсем де молданың алдын көрмеймін» деді және неліктен Түйебай «Аштан өлсем де, байдың малын бақпаймын»деп айта алмады? Өз ойларын ортаға салып, пікірталас өткізеді. 8
М - 1
М – 5
М – 6
М - 7

Жинақтау Түйебайдың бейнесіне қатысты ойларын ортаға салып, жинақтау7 Де Бононың ойлау қалпақтары бойынша өз ойларын ортаға салады:
Ақ қалпақ: Түйебай неліктен бұл шешімге келді?
Қызыл қалпақ: Мен бұл әңгімеден қандай әсер алдым?
Сары қалпақ: Түйебай неге сабақтан қашады, бұл дұрыс емес.
Қара қалпақ: Түйебайдың молдадан қашып кеткені дұрыс.
Жасыл қалпақ: Түйебайдың орнында мен болсам...
Көк қалпақ: Пікірталастың қорытындысы. Ауызша түрде өз позицияларын қорғап шығады. орындайды
6
М – 2
М – 4
М - 6

Бағалау Алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю;
"Түйебайдың болашағы" тақырыбында әңгімені өз
қиялдарыңмен аяқтап көріңдер.
Жазған шығармала-рын топ ішінде талдап, ең үздігін ортада жариялайды. 8
М – 3
М – 5
М - 6

Рефлексия:
Оқушылардың сабақ соңындағы қорытынды сөзін ауызша және жазбаша түрде орындату.

Сабақтың саған ұнаған сәттері: Осы сабақтан алған әсерің? Сабақтан саған ұнамаған сәттері: Сабақта нені
өзгертер едің?

3

Келесі оқу: Ілияс Жансүгіров туралы ізденіп, оқып келу.
Автор: Gulmira | 29-04-2015, 23:32
Қарау саны: 4660
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :