Бұйрықты сөйлем

Күні:
Сыныбы:8А,Ә
Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: Бұйрықты сөйлем
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Бұйрықты сөйлем туралы біледі, қосымша ақпараттар алады, сөйлемнің түрлері бөлімінен алған білімдерін тиянақтайды.
САБАҚТЫҢ МІНДЕТІ:
А)Сынып мүшелері өздерінше ойланады;
Ә)Оқушыларға қолайлы орта жасалады;
СТО-ҒА БАЙЛАНЫСТЫ МІНДЕТТЕР:
А)Сынып топ болып бірігіп жұмыс жасауға дағдыланады;
Ә)Өзінің жауапкершілік, білім алу үшін ізденімдік қабілеттерін арттырады;
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Түрлі-әдісдер арқылы бұйрықты сөйлемнен алған білімін тереңірек қалыптастыру;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың типі: Білім-білікті қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Блум таксономиясы
Сабақтың пән аралық байланысы: әдебиет, өзін-өзі тану
Сабақтың технологиясы:СТО
Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, интер белсенді тақта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу;
- Сыныпты үш топқа бөлу;
- Оқу-құралдарын тексеру;
- Назарын сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. жаттығу жұмысы тексеріледі
2. Тест тапсырмасы орындалады
Жауап:
1-Е ; 2-Е; 3-А; 4-А; 5-С; 6-А ; 7-В; 8-А; 9-В; 10-А
Бағалау критериі: 1-3/2; 1-5/3; 1-8/4; 1-10/5;

ІІІ. Қызығушылығын ояту
Бұйыра сөйлеудің пайдасы мен зияны бар ма?
Пайдасы Зияны
Сөзіңді өткізе аласың.
Өзіңді күштірек сезінесің Адамның көңілін қалдырасың.

Өтініп сұрау арқылы да тіл табысуға болады.












ІҮ. Мағынаны тану
Блум таксономиясы
1 Білу Жигсо-2 (әр топ өз бөлімін оқып, түсінік айтады)
І топ Бұйрықты сөйлем туралы
ІІ топ Бұйрықты сөйлемнің жасалу жолы
ІІІ топ Бұйрықты сөйлемнің сызбасы
2 Түсіну Шығармашылық тапсырмалар.
І топ Мына сөйлемді сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлемге айналдырыңдар.
Асан Қайғы желмая мініп желдіріп, әр жерге сын айтқан екен.
ІІ топ Сызбаны сөйлет
ІІІ топ Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса
Иран мен Тұран жеңісе алмай, бір-біріне қарсы тұрған заман екен. Олар кіммен соғысып жүр екен? Талай қыз мен сияқты сорлады ғой!
3 Қолдану Жаттығу жұмыстары
І топ 28-жаттығу (бұйрықты сөйлемді тауып, жасалу жолын, сызбасын көрсет)
ІІ топ 30-жаттығу ( құрмалас сөйлемдердің әрқайсысын бұйрықты жай сөйлемге айналдырыңдар)
ІІІ топ 32-жаттығу (бұйрықты сөйлемді тауып, мағынасын түсіндіріңдер)
4 Талдау "Қарғыс” сөзін қалай түсінесіңдер? "Құдайым қарғыстан сақтасын!” тақырыбында ой толғаңдар.
5 Жинақтау Топта өзін-өзі талдау (берілген сауалнама арқылы топ белсенділігін анықтау)
6 Баға беру Топ мүшелерінің өзара бір-біріне баға беріп, пікір алмасуы.

Ү. Бекіту
"Кері әсер парағы”
1. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
2. Сабақтан алған әсерің?
3. Қояр сұрағың бар ма?

ҮІ. Үй тапсырмасы
Адамгершілік, имандылық тақырыбына байланысты даналық сөздер тауып жазу. Оларға синтаксистік талдау жасау.
ҮІІ. Бағалау
Бағалау парағын жинап, қорытынды бағасын қою.
Бағалау парағы
Р/с Оқушының аты-жөні Топ басшының бағасы Мұғалімнің қорытынды бағасы
1
2
3
4
5
6
Автор: Индирка | 30-04-2015, 16:51
Қарау саны: 4143
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :