Абай лирикасы

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Пржевальский көшесі 16 "А"
"№38 жалпы орта білім беретін мектеп-лицей" КММ
информатика пәні мұғалімі
Жакенова Жансая Абдешовна
Абай лирикасы
Абай лирикасы кең көлемді мол қазына; биігі бітпес, тереңі таусылмас сырлы мұра. Абай лирикасы сала-сала. Жалпы лирика деген ұғымға қандай қасиеттер тән болса, Абай өлеңдерінде соның бәрі бар. Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абай лирикасында осының бәрі түгел, түтас жатыр. «Болыс болдым мінекей, Бар малымды шығыңдап... Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сияз бар десе жүрегім Орнықпайды суылдап, Сыртқыларға сыр бермей, Кұр күлемін жымыңдап...» Осында сол тұстағы ел билеушінің екі жүзді кескін-кейпі, мінез-құлқы оқырманның дәл көз алдына келмей ме? Осы секілді саяси сипаттағы сатиралық өлеңдерінде Абай болыс-билердің адам шошығандай қылығын, қүлқын ғана суреттеп тынған жоқ, есте қаларлық образын жасады. Қараңғылыққа, надандыққа жаны кұйген Абай дұйім жұртты қайткенде түзеудің жолын көздеп, бір тоқтаған түйіні - ғылым, өнер болса, соның ізінше еңбекті тауып, халықты соған үндеді: «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын... Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей...» Абайдың әлеуметтік тақырыптағы өлеңдері көп. Соның бәріне желі боп тартылып жатқан неғізгі идея - қалың бұқараның «көзін қойып, көңілін ашу», қараңғы қауымды еңбекке, білімғе, өнерге, адалдық пен адамгершілікке бастау, азаматтыққа тәрбиелеу; замандастарын еркениетті ортаның прогресшіл мәдениетіне әкелу. Бірақ ұлы ақын осы жолда қолдау таппай, мынадай өкінішке келеді: «Моласындай бақсының - Жалғыз қалдым - тап шыным!..» Бұл ащы шындықта айрықша мағына бар. «Күз» деген өлеңіне ілесе жалғасып, тақырып жағынан ұласа ұштасып жататын «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» деген өлең, сөз жоқ Абайдың саяси лирикасының ең түйінді біртұсы. Әуелі қысқа ғана табиғат суреттерін ернектеп, одан шаруа-жайға көшіп, іле мүнан туған қоғамдық қарым-қатынасты суреттейді де, одан алған өзінің ақындық әсерін, азаматтық пікірін қорытады.
«Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып».
Бұл - Абай заманындағы типтік көрініс: түндей қараңғы, қапас тұрмыста қоңыр іңірдей күңгірт мұңы, арман-сыры бар кедей үйінің жабырқау өмірі. Таңның атысы, күннің батысы аяғы сайға тимей, ұйқысыз да күлкісіз, бай малының соңында сабылып өзі жүрсе, азынаған қырық қүрау қараша үйде ең болмаса жылынар отыны да жоқ, құныса бұрісіп, жыртық шекпенін жама пәйелі отыр. Бұл-бір көрініс: кедейдің қоңыр лашығындағы күй-жай. Осыған салыстыра ақын бай үйінің бір қалпын көзге елестете: «Кәрі қой ептеп сойған байдың үйі...», - дейді де, әлгісіне қайта оралып: «Қай жерінде кедейдіңтұрсын күйі? Қара құдан орта қап ұрыспай берсе, О да қылған кедейге үлкен сыйы» - деп, тағы да өз ортасындағы тапшы тұрмыс жайын айтып, теңсіздік сырын баяндайды. «Қар жауса да тоңбайды бай баласы, Үй жылы, киіз тұтқанайналасы...» Уайым жоқ, қайғы жоқ, тамақ тоқ, көйлек көк, бұлаңдап өскен бай баласы... Бұл - бір көрініс. Жә, енді кедей баласы, әлгі жыртық лашықтағы жарлы-жақыбай ата-ананың жалғыз Ұлы не күйде? «Бай ұлына жалшы Ұлы жалынышты, Ағып жүріп ойнатар көздің жасы». Жалшыдан туған күнәсіз сәби бала дажалшы. Байға әке-шешесі қызмет етсе, бай баласына бұл да тәуелді халде... Бәрінен бүрын, дәл осы шындықты, дәлірек айтқанда, теңсіздікті Абайдың тура тауып, тануы керегендік қана емес, кемеңгерлік болатын. Оның үстіне, өзі танып қана тынбай, өмірді өнерге көшіріп, өзгеге танытуы - өзінен бұрын көп адамның қолынан келе бермеген шыншылдық.
Абай өзі суреттеп отырған өмір шындығынан көрінген кедейдің ауыр тұрмысына оқырманның аяныш сезімін туғызып, өзі де іштей сол жағында болады. Тілегі ауып, мейірімі тұсіп түрады. Бірақ қайткенде кедейдің халі жақсарып, жеке басына теңдік тиеді? Осы жолда жөн таппай көп түйткілдейді. «Байда мейір, жалшыда бейілдежоқ, Андыстырған екеуін, құдайым-ай!..»- деп, не істеудің бабын таба алмай, тіпті ыза да болады. Ақыр аяғында белгілі бір жөн жолға тұсе алмай, бұлыға-бұлыға келіп, бай мен жарлыны алдына қатар келтіріп алады да: «Алса да аяншақтау кедей сорлы, Еңбек білмес байдың да жоқ қой орны. Жас бала, кемпір-шалынтентіретпей, Бір қыс сақта, тас болма, сен де о құрлы» - деп, тамаша саяси лирикасының аяғын жай ғана салқын қалпымен, оларды өзара ымыраластыру ниетінде бітіреді.
Ал оның А.С.Пушкинмен М.Ю.Лермонтовты оқып-үйренген, үлгі алған тұстағы қалам сілтеуі әлгіден әлдеқайда өзге: «Қызарып, сұрланып, Лүпілдеп жүрегі. Өзгеден үрланып, Өзді-өзі керегі...»-
Мұнда адамның сырт құбылысының өзінен-ақ сөзім толқындары тулап керініп түр. Бұл арада ақын да бағанағыдай ауыз әдебиетінің үлгісінде жалаңсылдырата бермей, адам жанының нәзік иірімдеріне тереңірек барып, өзгеше бір суреткерлік мәдениет танытады. Бұл тұста Абай ұлы ақындардан үлгі, ернек алып, соны өзінше қүбылтып, өзгеше жағдайда жұмсап және өз оқушысына ұғымды, қонымды етіп бере білді. Ендігі қыз да, жігітте алғашқыдай құрсыртқы портрет, жалаң сурет емес, кәдімгі адам. Оларға енді ақын жан бітірген. Оларда енді қимыл, әрекет бар, сөйлейді, сыр шертеді. Енді біз олардың сыртын керіп қана құр таңырқамаймыз, ішкі психолиялық жайларын бірге аңғарамыз
Махаббат жырларының ішіндегі Абайдың Ұлылығын, асқан талантын танытқан Пушкиннен аударған «Евгений Онегиннің» үзінділері. Мұнда Абай жай аудармашы емес. Алдымен, өлеңмен жазылған ұзақ романның өз ақындық мұратына керек жерін ғана тандап алады. Пушкин - Абайдың үлгілі ұстазы. Бірақ, оның «Тәңірі қосқан жар едің сен...», «Таңғажайып бұл қалай хат...»,«Амал жоқ қайттым білдірмей...»,«Хупбілемін, сізге жақпас...» сияқты роман ұзінділерін аударған уақытта тек Пушкиннің ғана ықпалында, мәнер-машығында, өлең шеңберінде қалып, буынын санап отырмайды. И. А. Крыловты не М. Ю. Лермонтовты аударуындағы кейбір дәлшілдік әдетті мұнда қолданбайды. Әдейі қолданбайды. Өзінше жырлап, Пушкин арнасынан шығып кетіп отырады. Тақырыпты Пушкинмен қатарласа, жарыса баяндайды. Соның нәтижесінде Абай бұл аудармасын өз өлеңдерінің нұсқасындай, өз оқырмандарының тұсінігіне лайықтап шығарған. Осы арқылы қазақ қыздарына Пушкиннің Татьянасын үлгі етіп ұсынып, тoзығы жеткен феодал қоғамдағы әйелді әлсіз, кем тұтар кеселді көзқарасқа біржола үкім айтып, ескіліктің торын бұзып, орнын талқаңдайды. Екінші жағынан, қазақ жігіттеріне «әйел де өзіңдей тең праволы досың» деген өсиетін айтып, Онегиннің тағдырын Пушкинше қалдырмай, оны ажал аузына апарып, оқырманды содан сақтандырады.
Мінезіне, қылығына қарағанда жаза-кесімі, бар үкімі осы деп, Онегинді мысқылмен мінеп, түйреп тоқтаған Пушкиннен белек барып, оның қолына өзін-өзі ату үшін пистолет үсынады: «Атам, анам, қара жер Сен аша бер қойныңды, Сенен басқа еш жерден Таба алмадым орнымды...» Татьянаның «Амал жоқ қайттым білдірмей» деп басталатын оның жан сыры, ішкі толқыны түп нұсқадағы биік дәрежесінен ешбір кемімей, қазақ оқыр- манына тұңғиық терең сыр болып шертіліп, түгел жеткен:
«Шыныңды айт, кімсің тербеткен,
Иембісің сақтаушы?
Әлде азғырып әуре еткен,
Жаумысың теуіп, таптаушы?
Шеш көңлімнің жұмбағын,
Әлде бәрі - алданыс.
Жас жұрек жайып саусағын,
Талпынған шығар айға алыс...»
Осыны аудару үстінде ақынның өзі де самғап, биік шығандап, поэзия шыңына шыққан. Асқақтап, серпіле көтерілген. Қазақ әдебиетіндегі өзіне дейінгі өлең сөздерден мүлде қара үзіп, ілгері кеткен. Бүкіл дүниежүзілік әдебиеттің үлгілі өрнегі - классик, поэзияның сан дыбысты, сырлы, сиқырлы симфониясына өз үнін қосып, өзгеден ерекше өзіне тән ғажайып сұлу үнін қосып, майда қоңыр саз тапқан. Кемеліне келе есейген. «Жас жұрек жайып саусағын, Талпынған шығар айға алыс...» Саусақ адам бапасында ғана бар. Жүректе саусақ бола ма? Жүрек саусақ жайып, алыс кектегі айға қалай талпынар? Ол көздегі қазақ ұғымында осы бар ма еді? Байырғы қазақ поэзиясына осылай шығандау тән бе еді? Бірақ: «Жас жұрек жайып саусағын, Талпынған шығар айға алыс...» Осыны тұсінбеуге, ұқпауға бола ма? Жоқ. Данышпан ақынның отты, әсерлі лирикасы бұл терең сырға оқырманын тебіренте тұсіндіреді: мың құбылған нәзік сезім ырғағы, жүрек дүрсілі, жан толқыны. Өлендегі сөз мүлде соны, жап-жаңа, тың. Бірақ тосын деп жатырқау былай тұрсын, алған әсер, ұққан сырды бір сәтке баса алмай, қызыға, қызғана оқисың. Кінәсіз таза жанды жас сұлудың мың құбылған нәзік сезім ырғағын, жүрек лүпілін, жан толқынын терең ұғасың.
Міне, Абайдың ақындық шеберлігін жетілдіруде Пушкиннің ұстаздық үлгісі осындай. Бүдан былай Абайдың осы тақырыптағы өлеңдерінің бейнесі бұрынғыларына мүлде үқсамайды... Абайдың табиғат лирикасы өз алдына бір сала. Табиғат «адам өмір сүрер, тіршілік етер орта. Онсыз өмір жоқ... Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлеңген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс халді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және қазақ әдебиетінде Абайдан бүрын табиғат көрінісін мүншалық шебер, мүншалық терең Һәм жан-жақты жырлаған ақын болған емес. Абайдың бұл тақырыпта жазған лирикасында да ақындық эволюциясы - шығармашылық түлеу жолының көзең-көзеңдері жатыр. Табиғат лирикасы - Абайдың ұлы талантын, биік мәдениетін танытатын өлеңдер. Әсіресе, жылдың төрт мөзгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен зейнеті мол мал баққан шаруаны, құты мен жұты аралас аумалы-төкпелі кұй кешкен көшпелі ауылды, сол дәуірдегі қоғамдық қарым-қатынастың әр алуан белгілерін анық, қанық бояумен көрсететін, өз заманының айнасы боларлық сұлу шығармалар. Абай - асқан реалист ақын. Оның табиғат жырларынан уақыттың әлдеқалай жылы, айы емес, өзі өмір сүрген заманжайы, сол заманда тіршілік кешкен адам жайы айқын керініс табады. Абайдың табиғат лирикасын оқығанда оқырманның көз алдына сұлық тұсіп сұлапжатқан, құлазыған белбелесті шетсіз, шексіз маңдаланың жалаңкеріністері ғана жайылмайды, даладағы өзгеше өмір қайта- ланбас сыр-сипатымен тұтас суреттеледі.
«Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып, өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда,
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтыдцап,
Ат, айғырлар, биөлер
Бүйірі шығып, ыңқыддап,
Суда түрып шыбыңцап,
Қүйрығымен шылпылдап...»
Бұл - әшейін дала суреті емес, даладағы дарқан өмір, өзгеше тіршілік. Жалаң табиғаттың бірыңғай өзін ғана қызықтап, «анау арада гүл жайқалады, сонау арада жапырақтар сыбырласады, мынау жерде өзен сықылықтап күледі» деп сыдыртып ете шықса, табиғатты адам өмірінен жеке-дара бөліп әкетіп, сырттай боямаласа, одан сырлы сурет, терең поэзия тумас еді. Ал Абай лирикасында жанды дүние - адамды да, адамдардың іс-әрекет, қимыл-қарекет бесігі - табиғатты да тұтас қаусырған бұтін бір әдемі әлем - құбыла құлпырған көркемдік атмосфера жасалады. «Ақ киімді, денелі, ақсакалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, тұсі суық. Басқан жері сықырлап келіп қалды...» Осы әшейін қыс көрінісі ғана ма? Аумаған адам сияқты мінезі мен мүсіні бар, дем алатын, қозғалатын, жабырқайтын, жадырайтын жанды нәрсе емес пе? Қыс бұл жерде«ақ киімді, денелі, ақ сақалды», баяғы бір «кәрі құда», шал. Қытымыр қатал қүлқы бар қушұнақ, тентек шал. Шаруаның соры - жұтын ала келетін кеселді «құда». Мал-жанға құрық үйіре келген қағынған қарт. Қысты бұлай адам бейнесінде суреттеу - қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын атымен болған емес. Бұл жердеде мәдениетті поэзияның өкілі Абай өзінің өзгеше өлең ерімін, жаңаша үлгі-өрнегін төгіп отыр. 19 ғ-дағы орыс әдебиетінде, арғысы Пушкин, бергісі Н. А. Некрасов, шын жүйрік лириктер табиғатқа осылайша жан бітіріп, тұтас бір тіршілік әлемін жасайтын. Абайдікі осыған құр еліктеу емес, классикалық поэзиядан игерген үлгі-өнегесін ақындық түрде өзінше өрнектеп, өзінің ұлт топырағында қайтадан өсіріп, өз дәні етіп беріп отыр. Адам бейнесіндегі қатал қыс қазақ оқушысының үғымына лайық образға айналып отыр. Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мөзгілін суреттейтін өлеңдер - күшті ақындық шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған аса сұлу, сылқым, сырлыжырлар. Бұлардың композициялық қүрылысындада өзіндік өзгешелік бар. Жыл мезгілдерін сипаттау үстінде алдымен әр тұсті ақындық бояу арқылы оқырманның көз алдына түрлі-түрлі табиғат көріністері келеді: жайқалған гүл бәйшешекті, «көк орай шалғыны» мен «күркіреген өзені» бар, тамылжып тұрған шыбынсыз жаз да сонда; ақ кірпік бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреткен қырау қабақ қытымыр қыс та сонда; аспанын бұлт торлап, гүлі солған сарғыш даласын шық басқан сұрғылт күз де сонда... Әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді де, ізінше сол көрініске бөленген қазақ аулының тірлік-кәсібіне, шаруа-жайына көшеді. «Жазда» күркіреп жатқан өзеннің көкорай-шалғын жағасына көшіп барып қонып жатқан ауыл, ақ білегін сыбанып үй тіккен қыз-келіншектер, өзен жағасында шыбындап, бөгелектеп тұрған құлын-тайлы көп жылқы... одан әрі сол ауыл шындығы өрістеп кете беретін болса, «Қыста» шидем мен тондарын қабаттап киіп, оранып алса да долы боранға «бет қарауға шыдамай сырт айналып», тағы да мал соңында қаржамылып, мұз жастанған жылқышылар, суық тиіп, титығы қүрыған тай-құнандарға ауыз салуға аран ашып, жанталасып айдалада соқақ-қоқақ жортып жүрген аш қасқырлар т. б. көз алдымызға келеді.
Мұның бәрі көшпелі қазақ аулының сол көздегі тұрмыс-тіршілігі. Мүнан кейін келіп Абай дәл сол ортадағы қоғамдық қарым-қатынастан белгі береді. Енді табиғат лирикасы биігірек сатыға көтеріліп, саяси сипат алады да, алуан түрлі әлеуметтік мәселөлерді қозғайды. Абайдың тамаша реалистігі, сонымен қатар қоғамдық өмірге азаматтық көзқарасы дәл осы арада айқындала ашылып қалады. Абайдың асқан сырлы лирикасының бірі - «Қан сонарда бүркітші шыгады аңға...». Мұнда сонар күні бүркітпен аңға шыққан аңшының іс-әрекеті әдемі, тартымды суреттеледі. Аңшылық турасында бұған жеткен өлең де, мұңдай шебер суреттеген ақын да болған емес. Абайдың табиғат тақырыбындағы лирикасына кіретін біраз өлеңдері - аудармалар. Бірақ Абай аудармасының өзіндік өзгешеліктері бар. Оның көпшілік аудармалары сол өлеңнің түп нұсқасымен жолма-жол қабысып, бірдей шығып отырмайды. Автордың айтайын деген ойын, негізгі желісін алады да, соны өзінше толғап, анаумен жарыса жырлап кетеді. Қайсы бір өлеңнің басы бірдей басталады да, аяғы өзінше бітеді. Абайдыңеңді бір аудармалары бар: ол аудармалардың тұсында әлгі айтқанымыздай немесе «Евгений Онегин» романының үзіңцілерін аударғаңдағыдай еркін кетушілік машьғын қолданбайды. Түпнұсқа мүмкіңдігінше сақталады. Олардың көпшілігі Лермонтовтан аударылған.
«Қараңғы түнде тау қалғып,
Ұйқыға кетер балбырап,
Даланы жым-жырт, делсал қып,
Түн басады сапбырап.
Шаң шығармас жол-дағы
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы
Сабыр қылсаң азырақ».
Бұл өлеңде тек табиғат суреті ғана емес, сонымен қатар адам, адамның көңіл-күйі бар, философиялық ой бар. Өлеңнің түпнұсқадағы осы мазмұнын, бусанған тынысы мен сырлы сазына дейін Абай аудармада дәл жеткізеді. Осы ретпен Абай қазақ поэзиясына соны да сырлы ағым алып келді. Өз шығармаларында жаңа, терең, күшті үлгі-өрнекке ауыстырды. Мәдениетті, білімпаз ақын болып, жаңа сарын, жаңа саз, жаңа сөз тапты.
«Көкала бұлт сегіліп,
Күн жауады кей шақта.
Өне бойың егіліп,
Жас ағады аулақта.
Жауған күнмен жаңғырып,
Жер көгеріп, күш алар.
Аққан жасқа қаңғырып,
Басауырып, ішжанар».
Бұл адамға тән құбылыс, адам басында болатын хал. Абай бұл саладағы лирикасында сол өзі өмір сүрген дәуірде өзімен бірге тіршілік еткен, ғұмыр кешкен қарапайым адамдардың жан жүрегіне сұлулық пен сүйіспеншіліктің, жігер мен үміттің ыстық қанын қүйып, олардың сана-сезімін сұлу лирикасымен желпи оятып, риясыз, ашықсырласады. Бұл ретте ақын замандастарын еткен өмірдің тұманды тозаңына тұншықтырмай алға, келер күндерге нұсқайды, оларды өз тереңдеріне үңіле білуге, сейтіп адам бойыңдағы асылдықты бағалауға, келешекке сеніммен қарауға мегзейді. Бірақ, Абайдың бұл салада жазылған лирикалық өлеңдерінің деніЛермонтов жырларына ұқсап, қам кеңілмен, жүдеу қабақпен жырланады. Ақын басында болған жабығу, күңгірт көңіл, одан туған мұңды сыр, жүрек шерін шерте шыққан жалғыздық сарындағы жыр - оның жеке басына ғана тән нәрсе емес. Абай өмір сүрген беймәзгіл тұстың, талантқа егей ортаның әрбір ойлы азаматының басындағы хал-күй деп білу керек.
«Күлімсіреп аспан тұр,
Жерге ойлантып әрнені.
Бір себепсіз қайғы қүр,
Баса ме екен бендені?
Қапамын мен, қапамын,
Қуаныш жоқ көңлімде.
Қайғырамын, жатамын,
Нені іздеймін өмірде?..»
Немесе:
«Жүрегім менің - қырық жамау,
Қиянатшыл дүниеден.
Қайтіп аман қалсын сау,
Қайтқаннан соң әр неден?..»
Бұл - Абай көңіл күйінің бұған дейін бізғе мәлім емес бір түкпірі. «Мыңмен жалғыз алысқан» Абай жүрегі енді қапалы. Жұлысты, тартысты, ел үстін бұлттай торлаған надандық қасіретін, әділетсіздік лаңын бір өзі серпіп сейілте алмады (бұл мүмкін де еместі). Енді ақын амалсыз тоқтап, не істерін білмей дағдарған тәрізді. Осы жайт ақын өлеңіне жабырқау, мұңды көлеңкесін түсіріп, қапалы көңіл селт етпей, сұлық, суық қана, өзімен-өзі тілдесетін сияқты.
«Қара басқан, қаңғыған,
Қас надан нені үға алсын!
Көкірегінде оты бар,
Құлағын ойлы ер салсын!..»
- деп, Ұлы ақын қалың еліне бір ауық ащы ызамен соқтықса, мұның да жаттығы жоқ. Бірде осылай қатты айтса, енді бірде жуасып, жұртына жайлап қана тілек білдіреді:
«Жұртым-ай, шалқақтамай сөзгө тұсін,
Ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін,
Ыржаңдамай тыңдасаң нең кетеді,
Шығарған сөз емес қой әңгіме үшін».
Осы мысалдардың қай-қайсысынан болса да Абайдың эстетикалық көзқарасы айқын аңғарылады. Ол өлеңді өмірге игі әсерін тигізетін, адамға ақыл-өнеге беретін енер деп білген. Ақын алдымен азамат болуы, халықпен бірге қуанып, бірге күрсінуі керек, сейтіп өліенің тілегін толғап, мүддесін ойлап, сырын жырласып, шындықты суреттесіндейді. Бұл тұжырымын ол «Адамның кейбір көздері...» деген өлеңінде әсіресе ашып айтады:
«Сонда ақын белін буынып,
Алды-артына қаранар...
Қыранша қарап Қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.
Кектеніп надан зұлымға
Шиыршықатар, толғанар...»
«Көңілге түрлі ой салар» әдемі әннің де, «ақылдының сөзіндей» әсем күйдің де бар қадір-қасиетін, тәрбиелік мәнін терең тұсінген Абай бұлардың да өмірдің әр алуан шындық қүбылыстарын әсерлі де әсем суреттеуін қалайды. Көпшілік кежен сілтеуін, енеге беруін, ал көпшіліктен көркем өнерді жоғары бағалап, өз мүдделеріне пайдалануын, одан үйренуін талап етеді. Ұлы ақын өз өнерін, міне, осы мақсатқа жұмсады.



Пайдаланылған әдебиет:
1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы
Автор: Жансая | 30-04-2015, 23:25
Қарау саны: 3295
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :