Кішіпейілділік » Қазақша білім сайты
Жарнама



Кішіпейілділік

Тексерілді:

Оқу-ғылым ісі бойынша

директордың орынбасары:

С. З. Мадибекова _______

 Ашық сабақ

Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырыбы: Кішіпейілділік

Орындаған: Шарипова А. К.

2016-2017 оқу жылы

Күні: 30.11.2016ж.

Сыныбы: 4 «Ә»

Сынып жетекшісі:Шарипова Айгуль Кадырбековна

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Кішіпейілділік. Ж. Молдағалиев

Сабақтың мақсаты: 1. Адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттердің ерекшеліктерін қарым-қатынас жасаудағы әдептілік істерге, адами құндылықтарды тану арқылы кейіпкер портретін жазуға көмек беру.

Мәтіндегі басты кейіпкерлер туралы мағлұмат алу арқылы кішіпейілділіктің әркімге тән екенін ұғындыру.

2. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік корларын молайту арқылы, тіл байлығын арттыру.

3. Топтық жұмыстар арқылы бірлесіп жұмыс атқаруға, бір-бірімен тіл табыса білуге, бірін-бірі сыйлауга үйрету.

Сабақтын көрнекілігі: интерактивті тақта, дидактикалық материалдар, видеоролик, автор суреті

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Намысы бар баламыз,

Оқып білім аламыз.

Әдебиетті меңгеріп,

Біз білімді боламыз.

Сыныпта тыныштық орнату, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру. «Жан еді сондай балажан» мәнерлеп оқу.

-Мәнерлеп оқу.

-Өзің сияқты балалар туралы Димаш атаның айтқан қай сөзін даналық сөз дер едің?

-Д. Қонаев туралы қысқаша мәлімет айтып бер.

Жаңа сабақ. Интерактивті тақтада видеороликке назар аударып, жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Қызығушылықты ояту. «Ой шақыру» Кішіпейілділік сөзін әркім өзінше әрқалай түсінеді. Өз

түсініктері бойынша ойларын жеткізу.

 

Кішіпейілділік

 

 

 

 

 

 


-Өте жақсы! Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Кішіпейілділік»

мәтінімен танысамыз. Мәтінді оқымас бұрын авторы Жұбан Молдағалиев туралы шолу жасап жіберейік.

Мәтінді әр топқа бөліп оқыту, түсінгендері бойынша әр топтан бір оқушыдан шығып, өз

бөліктері бойынша басқа топтарға түсіндіріп, ойын ортаға салады.

Мәтін бойынша тапсырмалар.

- Ұлы жазушының адам мінезі туралы айтқан нақыл сөзін тауып оқы.

- Мәтіннен кейіпкер портретін тауып оқы.

- Мәтінге жоспар құр.

-Мәтін бойынша сұрақ дайында.

-Мұхтар Әуезовтың адамдармен қарым-қатынасынан қандай жақсы қасиеттер байқадың?

-Кішіпейілділікке қарама-қарсы қасиеттерді ата.

Сөздікпен жұмыс. Дәптермен жұмыс.

Мәлік Ғабдуллин – Кеңес Одағының Батыры, жазушы, ғалым.

Алтын көмбе- қазына

Игі іс – жақсы бастама, жақсы іс.

Кемеңгерлік – даналық, білімділік.

Шығармашылық тапсырма.

1. Көрініс

2. Сурет

3. Кішіпейілділікке, адамгершілікке байланысты мақал-мәтелдер

4. 4 жолды өлең шығару.

Сергіту сәті. Парталас жолдасыңды портретте, мінездеме бер. Оқушылар кімді портреттегенін табуы керек. Әр топтан бір оқушыдан шығады.

«Сиқырлы шаршы» ойыны.

-Мектептен үйге қарай жүгіріп бара жатқаныңда алдыңнан бір үкен кісі шықты. Сен не істер едің?

-Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?

-Көшеде таныс адамдарды кездестірсең не істер едің?

-Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?

-Адам бойындағы қандай жақсы қасиеттерді білесің? Атап бер.

-«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» дегенді қалай түсінесің?

Қорытынды. Тест.

Өзіннің қандай адам екеніңді білгің келе ме? Сырт көз сыншы десек те, мына тестінің көмегімен өзіңді өзің сынап көруіне болады. Ол үшін үш жауаптың біреуін таңда.

1.Ұялғанда қызарып кетесің. Егер біреудің алдында тұрсаң, қатты қысыласың.

А) жоқ. Ә) азырақ. Б) өте қатты.

2.Сені кінәлап жатса, кінәні басқа біреуге аударуға тырысасың ба?

А) біреуді көп кінәламауға тырысар едім. Ә) мүлдем ақталмаймын. Б) кінәлауға тура келер еді.

3.Өзің біреуден көмек сұрауға не болмаса өтініш айтуға қиналасың ба?

А) иә. Ә) жоқ. Б) ештеме сұрамауға тырысамын.

4.Мадақтауды жақсы көресің бе? Өзің басқаларды жиі мақтайсың ба?

А) ия, жиі. Ә) кей- кезде, бірақ жиі емес. Б) тіпті айтпаймын.

5.Саған шаруадан қолың тимей жатқан кезде қонақ келсе, қалай қарсы алар едің?

А) қонақтар ештеңені сезбейтіндей болу керек. Ә) келгендеріне өте қуанышты екенімді білдіремін. Б) ренішімді жасыра алмас едім.

6.Біреу қателесіп телефон шалса, сенің ол адаммен ұзақ сөйлесіп қалғаның дұрыс па?

А) әрине, онда тұрған не бар екен? Ә) бәрі де болуы мүмкін. Б) жоқ, мен телефонның тұтқасын бірден қоя салар едім.

 

Ұпайларды есептейік

1.А=0

Ә=2

Б=4

2.А=2

Ә=4

Б=0

3.А=2

Ә=4

Б=0

4.А=4

Ә=2

Б=0

5.А=2

Ә=4

Б=0

6.А=4

Ә=2

Б=0

0-4- ке дейін

Сен біреуге ұнауға тырыспайсың да. Саған жаныңдағылар қалай қараса да барібір. Адамдармен қатынасыңды жеңілдетуге, жақсартуға әрекеттенбейсің. Өте сирек езу тартасың, тіпті күлуді басқалардың алдында күнә сезінесің. Олардың сені өр де тәкаппар қалпыңда көруін қалайсың.

5-12-ке дейін

Сен адамдарға бүкпесіз адалдығыңмен ұнайсың. Ол қасиетің кейбіреулерге ұнамаса да, өзіңді өкпелетсе де, сен барлығына мейірімді, ақжарқын болуға тырысасың. Қиындық кездескен жағдайда, шарт кететінің де болады. Бірақ шектен шықпайсың.

13-20-ке дейін

Жұғымдылық-сенің басты қасиетің. Оны өзің пайдалана да білесің. Жаныңдағылардың өзіңе деген ізгі ниетіне қуанасың. Сен де бәрін жақсы көресің. Сенің табиғилығыңды басқалар мойындайды.

21-24-ке дейін

Өте жылпоссың, сол қасиетіңді жиі пайдаланып жүрген жоқсың ба? Кейде шындыққа жанаспайтын мадақ сөзге әуессің, сол үшін сенің кейбір кемшіліктеріңе басқалар кешіріммен қарайды. Мұндай әдемі сөздер біреуге жақсылық ойлаудан ғана тумайды, кейде соның көмегімен өз мақсатыңа жетуді де ойлайсың. Сенің бойыңдағы бәрібір аңғарылып қалады.

Рефлексия. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Біз бүгінгі сабақтан өзімізге қандай қажет дүние алдық,

яғни қандай жақсы қасиеттерді үйрендік.

«Үйрендік» сөзінен Күннің бейнесін шығару.

КішіпейілділікОвал: ҮйрендікКүннің сәулелеріне адам бойындағы қасиеттерін жазып шығады.

 Бүгінгі сабаққа қатысқандарынызға көп рахмет, осы күн секілді айналамыздағы адамдарға

жылулық сыйлап, күндей жарқырап жүрейік.

Бағалау. Бағалау парақшасы арқылы топ басшылары тобындағы оқушыларды бағалайды.

Автор: admin | 8-12-2016, 10:42
Қарау саны: 352
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :