Төрт түлігім – байлығым » Қазақша білім сайты
Жарнама

» » » Төрт түлігім – байлығым


Төрт түлігім – байлығым

Тәрбие сағаты.

Тақырыбы: «Төрт түлігім – байлығым».
Тәрбие сағатының мақсаты: Бүлдіршіндерге төрт түлік малдың пайдасы, адам өмірінде маңызы, олардан алынатын өнімдер жөнінде түсіндіру.
Тәрбие сағатының тәрбиелік мәні: Олардың қазақ ұлттық салт дәстүрін сақтауға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Балалардың сөздік қорын молайту тілін ширату шығармашылық ойлау белсенділігін дамыту.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Төрт түлік мал бейнеленген суреттер, сүт тағамдары, , көрме құралдары.
Тіршілікке нәр берген,
Өміріне сән берген.
Түйе, сиыр, жылқы, қой,
Қасиетті төрт түлік
Қастерлеп оны қазағым,
«Мал жаның аман болсын!» деп,
Айтқан сөзі ат мініп.-дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Саламатсыздарма әріптестер, бүлдіршіндер. Шаттық шеңбері.

Атамыз қазақ ежелден мал шаруашылығымен айналысқан. Мінсе - көлігі, ішсе сусыны, жесе тамағы, кисе киімі, тұтынса бұйымы да осы мал болған. Кең даланы еркін шарлап, көшіп - қонған халқымыздың тұрмыс тіршілігі де осы төрт түлікпен байланысты. Біраз күн бір – бірін көрмей жүріп, кездесе қалса екі кісінің амандық сұрасқанда «Мал – жан аман ба?» деуі халқымыздың малды аса қадірлеуінен болса керек. Мал бағу, оны күтіп, өсіру жөніндегі өмір тәжірбесінің негізінде халқымыз мал терісінен, жүнінен, қылы мен тұяғынан, тіпті сүйегі мен мүйізінен де бұйымдар, киімдер және жиһазы бұйымдарын (туырлық, үзік, түндік, сырмақ, кілем, текемет, алаша т. б) жасады.
Бұлар кейінгі ұрпаққа мұра ретінде жетті. Солардың бірі – киіз үй.
«Мал - баққанға бітеді» дейді халқымыз. Ата кәсібі – балаға мұра. Олай болса, дастарханда ақ мол болу үшін малды күту, бағу - біздің міндетіміз. Кең даланы малға толтырған біз боламыз.
Ендеше балалар, ата - аналар бүгінгі біздің өткізгелі отырған «Төрт түлігім – байлығым» атты тәрбие сағатымызды тіршілігіміздің бастауы әрбір шаңырақтың берекесі болып саналатын төрт түлігімізге арналады.
Төрт түлік туралы не білеміз?
Түйе байлық, салтанат . Түйе атасы – ойсылқара
Жылқы - сәндік, мақтан . Жылқы атасы – Қамбар ата
Сиыр – қанағат, ақтық. Сиыр атасы - Зеңгі баба
Қой – қазына, мырзалық. Қой атасы – Шопан ата.
Ешкі - жеңілдік, жоқтың күні. Ешкі атасы - Сексек ата.

Қане енді балалар кезекті тақпақтарға берейік:
Аяжан: Қой.
Қорасында маңыраған,
Қозысымен жамыраған.
Қозысынан айырылса,
Қоймай ұзақ аңыраған.
Санжар: Жылқы.
Жағы қалақтай,
Мойны садақтай.
Төбелі жұлдыздай,
Жалы жібектей.
Саны білектей
Көзі моншақтай,
Өзі жұп – жұмыр,
Құйрығы шашақтай,
Ерні жып – жымыр.
Даусы шіп – шіңгір,
Басы құп – құлдыр.
Жұтынып тұрушы еді,
Бұлтиып тұрушы еді.
Әмір: Сиыр
Мүйізі айдай иілген,
Мұрнын көкке шүйірген.
Керілген желін, сала емшек,
Сауғанда жаның сүйінген.
Ірімшік пен құрт, майы,
Жегенде тілді үйірген
Аружан:
Түйені сордан,
Жылқыны желден,
Сиырды судан,
Ешкіні тастан,
Қойды бейіштен жаратыпты
Сосын жесін, мінсін деп
Билігін адамзатқа қаратыпты.
Сергіту.
Тәрбиеші:
Балалар төрт түлік қалай дыбыстайды білеміз бе?
(Лақ, қозы, бота, бұзау, құлын)
Мөңіресе – бұзау
Маңыраса - қозы, лақ,
Боздаса - бота,

Кісінесе - құлын екен.
Ауһоу – ауһоу десе, тана келеді,
Бір топ бұзауды ертіп келеді.
Пүшет - пүшет десе, қозы келеді,
Енесін тастап өзі келеді.
Шөре - шөре десе, лақ келеді,
Маңыраған бойы «жылап» келеді.
Көс - көс десе, бота келеді,
Енесі байғұс соңынан қоса желеді.
Құрау - құрау десе, құлын келеді,

Енесі де ере келеді.

Балалар біз осы төрт түлік туралы қандай мақал – мәтелдер біледі екенбіз ортаға салайық.
Аружан.
Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл – көсір.
Қойдың сүті қорғасын,
Қойды ұрған оңбасын
Әмір:
Тұяқ тайға жеткізер,
Тай құнанға жеткізер,
Құнан атқа жеткізер,
Ат мұратқа жеткізер.
Тұлпар ер қанаты.
Бақырауық демесең.
Бағалы көлік түйе ғой.
Ән: Қошақаным (орындайтындар Аяжан,Аружан,Санжар)

Төрт түлік туралы ырым – тыйым сөздер тыңдаңыздар балақайлар.
Малдың сүйегін далаға тастамайды, жерге көміп тастайды.
Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.
Малдың уызын алдымен үйдің иесі ішуі керек. Мал сатқанда оны ноқтасымен не бас жібімен бермейді, малдың басы кемиді деп ырымдайды.
Мал төлдеп жатқанда ешкімге бермейді, сатпайды және айырбастамайды.
Мал үшем не төртем (үш не төрт төл) туса, олардың біреуін бауыздап, босағаға көмеді.
Қой қырқатын қайшыны иесіне қайтарғанда «Мұны мен емес, жер беріп отыр» деп жүнге орап береді, бос беруге болмайды. Қайшыны жерге қою керек. Екінші адам оны сол жерден алуы керек. Әйтпесе қайшы малдың терісін кесіп кетеді.
Малшы мал бағып жүрген таяғын басқа адамға беруге болмайды. Шопанның таяғы киелі болып есептеледі.
Би: Қара жорға
Ал балалар, сендер көп нәрсені көріп, білдіңдер деген сенімдемін
«Кештік өмірің болса, түстік мал жи», «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» деген ата - бабаларымыз, мал атауының сырын жетік біліп, кең сахараны төрт түлікке толтырған.

Міне балалар осымен қысқаша тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Әріптестер келіп тамашалағандарыңызға рахмет сау болыңыздар!

Маңғыстау обл,

Бейнеу ауданы,

Құлша төлеу ұлы

Бейнеу гуманитарлық колледжінің 3-курс студенті.Мамандығы мектепке дейінгі тәрбиеші.

Илиясова Қалжан Сырлыбайқызы

Автор: admin | 10-01-2017, 13:27
Қарау саны: 206
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :