» » » Қадыр Мырза Әлінің «Күз» өлеңі


Қадыр Мырза Әлінің «Күз» өлеңі

4 сынып . Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әлінің «Күз» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мәні:
Оқушылар Қадыр Мырза Әлінің «Күз» өлеңінің тақырыбының мәнін ашады, топпен жұмыс арқылы көркем сөзді, көркем ойды өз сөздік қорларына пайдалануға дағдыландырады, білімдерін арттырады.
Дамытушылық мәні:
Оқу мен жазу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін , тіл белсенділігін, сөйлеу, жазу мәдениетін және ойлау қабілетін дамытады.Табиғат құбылыстарын, ондағы өзгерістерді бақылауға, зерттеуге дағдыландыру .
Тәрбиелік мәні:
Оқушылар табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиеленеді.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: психологиялық тренинг, «Ой қозғау» стратегиясы, Венн диаграммасы, топтастыру стратегиясы, ауызша эссе, тапсырма-сұрақтар,салыстыру сызбасы, әңгімелесу әдісі
Сабақтың түрі: инновациялық ізденіс сабақ
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, дүниетану
Сабақтың көрнекіліктері: А4 форматты беттер, сызбалар, тақырыптық плакат,
/ ауызша эссе жазуға арналған плакат/ үнтаспа , энциклопедия
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Пәнге бағыттау. Психологиялық дайындық.
Оқушылармен амандасу, оқушылардың назарын сабаққа аудару. Табиғат, күз мезгілі, туралы әңгімелесу .
Психологиялық сәт.
Қайыры таң достым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі күн жақсы
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Кілең «бестік» болсын!
Үй тапсырмасын сұрау.
А.Сатаевтың «Қанжығалы Бөгенбай» мәтінін оқып, мазмұндау. «Ол кім? Бұл не?» энциклопедиясымен жұмыс. Венн диаграммасын сызу арқылы оқушылардың үй тапсырмасын бағалау.
Қорытынды түйін: Үш ғасыр бұрын Бөген өзенінің бойында Қанжығалы руының Ақша ақынның үйіне дүниеге келген нәресте- өжет, батыр да батыл, ақыл ой иесі- Бөгенбай еді.
Жаңа сабақ өту.
«Ой қозғау» стратегиясы арқылы топтастыру. «КҮЗ» сөзін естігенде көз алдымызға не елестейді? « Не ойлаймыз ? Менің ойымша, менің елестетуімше, менің қиялымша» деген сын арқылы топтастыру сызу.
І топ: Күз айлары
ІІ топ: Күз кереметі
ІІІ топ: Күзгі өзгерістер, құбылыстар
ІV топ: Табиғатты қорғау.
Vтоп: Күзгі мерекелер.
І
V ІІ
ІV ІІІ
Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз Қадыр Мырза Әлінің «Күз» өлеңі.
Энциклопедиядан Қадыр Мырза Әлінің өмірдерегін бір оқушы оқып, таныстырады. Мұғалімнің дауысын үнтаспадағы «Күз» өлеңін тыңдау.
а/Кітаппен жұмыс . «Күз» өлеңін
-оқушыларға тізбектей оқыту.
-іштей оқыту
-толық оқыту
б/ Дәптермен жұмыс
Жылауық
Арқаланып
Күн бар ма, байлығын ол тегін берген
Сөздердің мәнін оқушылар өздері түсіндіріп, ашады, дәптерге жазады.
Жаңа сабақты бекіту.
ә) тапсырма-сұрақтарға жауап беру;
б) 3 минут уақыт ішінде өлеңді оқып, жатқа айту. Жаңа сабақты бекіту үшін топтастыру стратегиясы арқылы қазақ тілі пәнімен байланыстырып, дайын сөйлемдерді тақтаға магнит арқылы топтастырамыз, сонда «Күз» тақырыбындағы ауызша эссе құрылады.
Білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма беру.
а/ «Күз» өлеңін оқып, жаттау.
ә/ Энциклопедиямен жұмыс / Қадыр Мырза Әлінің еңбектерімен танысу/
б/ Салыстыру сызбасын толтыру.
«Күз»
Қадыр Мырза Әлі «Күз»
«Менің ойымша....»
в/ «Күз» өлеңіндегі бейнелі сөзді тап.
Сабақты аяқтау.
Автор: dauke | 12-03-2015, 23:06
Қарау саны: 1848
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :