Мың алғыс саған,Әліппe!

Ақтөбе облысы, Алға ауданы
В.И.Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебі
Максимова Сафия Мунировна
1 «Ә» сыныбының «Мың алғыс саған,Әліппe!» атты ертеңгілігінің сценариі:
Безендіру
Мың алғыс саған Әліппе!
Әліппеге көп рахмет!
Алғыстарым көп менің
Ұстаз –ана мектебім!
Шарлар,әліппе макеті
Ертеңгіліктің барысы:
-Өзгеріп жатыр бүгін дала қырым,
Құп алып егеменді ел даналығын.
Бет алып болашаққа бара жатыр
Аяулы алты жасар балалығым
Мен бүгін бұрынғыдан саналымын
Қоңырау боп күмбірлейді жаңа күнім
Дәптердің жазылмаған ақ парағы
Аяулы жеті жасар балалығым,- дегендей әліппемен қоштасқалы отырған 1 Ә сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
Мұғалім:-Құрметті ата-аналар, ұстаздар,оқушылар! Бүгін сіздер 1 Ә сынып оқушыларының әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Олардың қолына тұңғыш рет ұстап бетін ашқан кітабы –Әліппе. Бұл кітап –бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы жолы, білімге бастайтын сара жол. Олай болса ,бүгін 1 сынып оқушылары сіздерге әліппені қалай меңгергендерін, сонымен қатар қалай есептей алатындарын көрсетеді.
Бүкіл дүние жүзінде жасап жатқан адам баласының тілегі бұл – бейбітшілік. Әрқашан еліміз тыныш,ашпанымыз ашық болсын деп тілейміз.
Хор: Әрқашан күн сөнбесін!
Күн әлемі, көк әлемі
Бұл суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған өзі
Жазылған барлық сөзі
Әрқашан күн сөнбесін
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам
Болайын мен де аман.

Пусть всегда будет солнце
Пусть всегда будет небо.
Пусть всегда будет мама
Пусть всегда буду я.
Амина
Жол ашыңдар сәбиге
Болашағын қорғаңдар.
Өсе берсін әр үйде
Бүлдіршіндер армандар.
Исмаил
Асқақ ән көңілді тербесін
Тұтпасын күн қара пердесін
Қызықпен көз ашқан сәбилер
Қан құйлы соғысты көрмесін.
Айнұр
Ынтымақ бар елде гүлдесін
Адамдар араз боп жүрмесін
Қызықпен көз ашқан сәбилер
Бүлікшіл соғысты көрмесін
Жарас
Отан біздің күніміз
Отанның біз гүліміз.
Арналады Отанға
Әніміз бен жырымыз
Хор Отан туралы ән
Отан менің ата-анам
Отан досым бауырым
Отан өлкең астанаң
Отан туған ауылың
Отан –тарих Отан-
Жасаған елім өз халқым
Отан –өлең,Отан-жыр
Көтерген елім ел даңқын
Азизбек
Мектебің мынау класың
Осында он жыл тұрасың
Тарыдай болып кіресің
Таудай болып шығасың.

Адина-Күмбір-күмбір қоңырау
Соғылған ай қыркүйек
Қалам ұстап қолыма
Жазылған ай қыркүйек
Мұғалім: -Құрметті ата-аналар!Енді бізге сүйікті кітабымыз Әліппеге арналған ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер
Жұлдыз
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Әліппемен қоштассақ
Ана тілмен достассақ

Айнұр –Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе
Адина –біз бүгіін шексіз қуаныштымыз,өйткені алғаш хат танып сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік,
Жұлдыз
Мен енді өзім оқып, өзім жазамын. Ертегі, әңгімені де өз бетіммен оқимын
Жарас -Біз кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік.
Азизбек
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық.
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық Оразгүл
Сенің нұрың сөнбесін,
Ашық аспан, арық күн.
Келешегі сөйлесін
Қазақ деген халықтың.
Берекет
Тілі балдай баланың
Талабына жарық бер.
«Ертеңгілік» сабағын
Жүргізетін әріптер.
Сабрина
Алфавиттер шығыңдар
Орындарыңа тұрыңдар.
Бастайық қане айтысты
Жібермейік намысты.
Мұғалім:-Балалар, сендер, айтысты бастағалы отырсыңдар. Әліппе жоқ қой. Қане, әліппені шақырайық. -Әліппе! Әліппе!
Әліппе:
-Армысыздар, жас достар!
Армысыздар ата-ана!
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп, не білдік
Қане, ортаға салайық.
Нарқыз
Алфавиттің «А» тұрады басында
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші?
Исмаил:«А» деген ол аналар ғой ардақты
Адина :«Ә» деген ол әкелер ғой салмақты
Сабрина:«Б» деген ол балалар ғой әдемі
Үшеуі:-Біздің елде үшеуі де каделі
Мейржан
Верандада Ваня аға
Велосипед майлады
Вова шығып далаға
Вагон сүйреп ойнады
Дәуір
Ғарышкері ғаламның
Намысты ері даламның
Тоқтар сынды ағамның
Ізбасары боламын.
Гүлжайна
Даласындай қазақтың дала бар ма
Дала бесік болыпты даналарға.
Мәди
Есіл, өзен Ертісім
Туған жердің көркісің
Нарқыз
Жайық, Еділ-екеуі
Дұшпан тізе бүккен жер
Жер жаннаты-Жетісу
Елім туын тіккен жер!
Береке
Зейнегүл-ау, Зейнегүл
Зер дегенің осы ма
Зерікпестен жейдені
Зерлегенің осы ма?
Амина
Көрпеге оранып
Көсіліп жатпаймын
Кітапты қолға алып
Көп өлең жаттаймын
Шынар
Қарағанды көмірі
Қостанайдың егіні
Даласындай жомарт қой
Қазағымның көңілі
Еркежан
Лашын деген құс болар
Ләйлі деген дос болар
Лас деген кір болар
Лезгин деген ұлт болар
Жұлдыз
Мақтанышым ұдайы
Маңғыстаудың мұнайы
Ен байлықтың қақпасы
Мақтаралдың мақтасы
Жарас
Отан-ана
Отан-жер
Отан-дана
Отан-ел.
Айнұр
Паровозшы Мәулеткеш
Пойызы жүйрік жел жетпес.
Оразгүл
Роза шықса ән салып, Риза оған бар халық
Азизбек
Сыйламаған аз досын Сыйлай алмас өз басын
Үміт
Ұлан біздің ұқыпты
Ұстаз сөзін ұғыпты
Берекет
Үстел берсең кіргенде
Үлкен кірсе, есіктен
Үлгілі екен демей ме
Үйренген ғой бесіктен
Барлығы:
Осылай алға аттадық
Әр әріпті жаттадық
Жаттаған сайын әріпті
Сөз құрап жаза бастадық
Хор Ән: Әліппе
Әліппе ,Әліппе
Алғашқы әріппен
Ана деп қазір біз 2 рет
Жазуға әзірміз
Әліппе,Әліппе
Екінші әріппен
Бала деп қазір біз 2 рет
Жазуға әзірміз
Әліппе Әліппе
Талай бір әріппен
Отан деп қазір біз 2 рет
Жазуға әзірміз
Мұғалім: -Енді әліппеден үзінді оқып берейік.
Жаттаған өлеңдерін жатқа айту
Мұғалім: -Қане енді жұмбақтар шешейік. Біз қандай жұмбақтар білеміз?
Шынар: Тікұшақтан аумайды
Маса шыбын аулайды.
Берекет
Шарлар келіп даланы
Үйіме үйін салады.
Гүлжайна
Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама
Айнұр
Турайсың, турайсың
Турайсың да жылайсың
Нарқыз
Үйреткен ілімді
Қырық екі білімді
Дәуір
Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты
Өзін де құртты
Мейржан
Жазу жазып жалықпаған
Жаза-жаза арықтаған
Азизбек
Алты түрлі түсі бар
Сурет салар ісі бар
Би: Вальс
Әліппе : Енді математиканы қалай меңгердіңдер соны көрсетіңдер
Мұғалім: Балалар сандарды сөйлетіп көрейік.
Санамақ
Азизбек :1-дегенім бесік
Шықтың содан өсіп
Нарқыз:2-дегенім еңбек
Еңбек бәрін жеңбек
Исмаил 3дегенім үміт
Үміт артар жігіт
Берекет
4 дегенім төзім
Төзе білем өзім
Сабрина
5 дегенім бақыт
Бағалайтын уақыт
Береке
6 дегенім ақыл
Тыңдағаның мақұл
Үміт
7 дегенім жейде
Кір болмасын кейде
Дәуір
8 дегенім сенім
Оразгүл
9дегенім телпек
Болма балам тентек
Мейржан
10 дегенім Отан
Қорға соны ботам
Мұғалім: Енді есеп шығарайық.
3+2, 4-2, 5-1, 6+2, 7+1, 6-1
Тақтада сандар құрамын табу
Қанша қой
5 қой қосу 2 қой
Жалпы саны .... қой
2 қой қайта алғаным
Айтшы қанша қалғанын 5+2,7-2
Кірпінің олжасы
Бір алмасы солында солында
Екі алма оңында
Неше алма барлығы
Бірі жатса жонында1+2+1
Тиіннің жаңғағы
Үшеу еді қолында
Бірі қалды оныңда
Неше жаңғақ есепте
Түсіп қалды жолында 3-1
Мұғалім: Балалар сендер әліппеден оқып, жұмбақтар шешіп, жазу жазып, есептер шығарып және де ақылды бала екендіктеріңді көрсеттіңдер. Сендерге осынша өнерді үйреткен кім?
Хор:Мектеп, мұғалім
Тағы кім?
Хор: Ата-ана, әліппе
Мұғалім: Дұрыс әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін әліппеге не деу керек?
Барлығы бірге: Бізге оқу үйреткен
Бар уақыты бірге өткен
Әліппеге мың рахмет!
Хор Ақыл берді Әліппе
Мама,папа атын сен
Бізге үйреттің Әліппе
Бәрін нағыз жақсының
Сенен білдік Әліппе
Қ-сы
Ыстық әрбір беттерің
Жазуыңды ұғамын
Ақыл берді Әліппе
Ақыл берді мұғалім
Ұлы Отан есімін
Сенен білдік әліппе
Бағалаңдар жемісін
Әліппені дәріпте
Исмаил:
Әліппе алып қолыма
Білімнің аштым есігін
Ақ ниет тілеп жолыма
Жазылды тұңғыш есімім
Адина:
Ата-ана атын сен
Бізге үйреттің әліппе
Бізге нағыз жақын сен
Сенен білдік әріпті
Гүлжайна
Өзім оқып кітапты
Жалынбадым ағама
Қуанды ағам оқудан
Алған 5-тік бағама
Айнұр:Оқитын әрі жазатын
Білімге қол созатын
Оқушы болдық сауатты
Білімнің тегін қазатын
Сабрина:
Әліппе даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы
Әліппе: Балалар! Сендер мені жақсы игеріпсіңдер мен сендерге ризамын
Дәуір
Қош бол құтты әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің
Шынар: Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы
Оразгүл Қош бол, құтты Әліппем
Тіл тұсауын кестің сен
Аяулы анам болып сен
Айыбымды кештің сен
Әліппе: Сендерге рахмет. Қош болыңдар балалар.
Барлығы: Қош бол, Әліппе!
Мұғалім: Енді ана тілін шақырайық.
Ана тілі. Сәлем балалар!
Оқушылар: Сәлем ана тілі!
Ана тілі: Балалар енді сіздер менен көп қызықты әңгімелер мен өлең оқып, көп нәрселерді үйренесіңдер. Туған елдің тілімін
Ақылы мен таңымын
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін
Ана тілім ұраным
Ана тілім құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағың
Амина
Ана тілің біліп қой
Бостандығың теңдігің
Ана тілің біліп қой
Мақтанышың елдігің
Шынар
Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
Жұлдыз:Бәріміз ән сабақта тамашамыз
Үкілі бөрік киіп жарасамыз
Апайға ән үйреткен риза болып
Үйді-үйге өлең айтып тарасамыз
Мұғалім: Балалар, Ана тілі бізге бос келмепті. Ол: ата-аналарға арналған тапсырмаларым,- бар дейді.Құтыдағы мақалдың немесе өлеңнің жалғасын айтыңыз.
1.кітап білім азығы,білім ырыс қазығы
2.еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей
3.Әжеме тіс саламын, Көзіне әйнек тағамын сондықтанда өскенде Мен дәрігер боламын.
4.төртеуі түгел болса, төбедегі келеді. Алтауы ала болса ауыздағы кетеді.
5. оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
6.ақыл азбайды, білім тозбайды
7.бірлік болмай, тірлік болмас.
Рахмет! Міне қай ата-ана сабаққа баласымен бірге дайындалатынын білдік.
Балалар сендер әліппені жақсы меңгеріп, сауатты оқуларыңа ата-аналарың да елеулі үлес қосты. Қане бәріміз ана-анаға рахмет айтайық
Хор : Ата-анаға мың рахмет!
Келесі номеріміз ата-аналарға арналады. Қыздар биі
Қорытынды: Мұғалім: Бүгінгі күн әр үйде той басы боп саналар
Балалардың есімі әулеттерге таралар
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілегін баршаға айтар қонақтар,- дей келе сөз кезегін мектеп әкімшілігі мен ата-аналарға береміз.
Осымен қорытындылай келе, мен оқушыларыма «Әліппе курсын толық меңгергені үшін сертификат» тапсырамын.

Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістік пен дара және күрделі етістік туралы алған білімдерін тиянақтау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың етістік, дара және күрделі етістіктер жайлы алған білімдерін толықтыру.
Оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамыту, сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.
Экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Ананы, ондағы өсімдіктер дүниесіне, құстар тіршілігіне сүйіспеншілік сезімдерін ұялату, тазалыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Кубизм әдісі, Сұрақ-жауап, талдау, пысықтау.
Сабақ көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайдтар, ертегі кейіпкерлері, «Табиғат -өз үйім» атты сурет көрмесі.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, әдебиеттік оқу, бейнелеу
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Қызығушылығын ояту.
Балалар, ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдер ма?
Иә.
Олай болса ертегімді бастайын. ...Ерте,ерте,ертеде –деп бастап, ертегімді оқып беремін.
Балалар, көгершінге көмектесеміз бе?
Олай болса біз Аққудың тапсырмаларын орындайық.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау мақсатымен «Кубизм» әдісін пайдаланып, сұрақтарға жауап алу.(интерактивті тақтада)
Сұрақтар: 1. Етістік дегеніміз не?
2. Етістіктің дара және күрделі түрлеріне мысал келтір.
3. Зат есім дегеніміз не? Сұрақтары?
4. Мына сөйлемде етістік қайсы? Зада қаздарын іздеді.
5.Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап:
А. Сын-ып та
Ә. Қо-ңы-рау
Б. Ал-ға- шқы
6.Жұрнақ жалғанған сөзді тап:
А) оқу Ә) Оқуға Б) Оқушы
Жарайсыңдар, балалар, Аққудың 1-ші тапсырмасын орындадық. Енді «Блиц - турнир».
- Заттың атын білдіретін сөз табы(зат есім)
-Орындық, қалам, кітап сөздеріне қойылатын сұрақ.(не)
-Алға, Ақтөбе, Бестамақ – қандай зат есім? (жалқы)
-Заттың қимылын білдіретін сөз табы(етістік)
-Негізгі түбірден болған зат есім (негізгі з.е.)
-Түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған з:е.(туынды з.е.)
-Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымша(тәуелдік жалғау)
-Негізгі зат есімнен туынды з. е. жаса: Жылқы.(Жылқышы)
-Дара етістіктен күрделі етістік жаса: Оқыды (оқып отыр)
-Тәуелдік жалғауын жаса: Сенің (мектеп) (Мектебің).
Жарайсыңдар, балалар!2-ші тапсырманы да орындадық.
ІҮ.Жаңа тақырып: Күн жадын жазу.
Көркем жазу: Е е әрпін жазу.
-Етістік заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы. Етістікке не істеді? Неқылды? Қайтті? деген сұрақтар қойылады. Етістік 2-ге бөлінеді: дара және күрделі.
Қәне, балалар, жаттығулар орындап, алған білімімізді нығайтайық.
Ү. Оқулықпен жұмыс. 336- жаттығу.Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдыру.
337- жаттығу.Етістіктерді оқы.Мағынасы қарама-қарсы етістіктерді үлгі бойынша жаз.
Балалар, біз осымен Аққудың тапсырмаларын орындадық. Көгершін сіздерге рахмет айтып, Аққуға келеді. Аққу оған: -Сен орманға бар. Үйсіз-күйсіз жүрген Бір құс бар. Соған жағдайды айт. Сол саған көмектеседі,- дейді. Көгершін қуанып, орманға келеді. Әлгі құсты тауып, түсіндіреді. Ол көгершіннің тілегін орындап, теректі аман алып қалады. Ол құс қай құс деп ойлайсыңдар?
Тоқылдақ.
-Орман емшісі.
Балалар, ертегіден қандай қорытынды шығаруға болады?
Біздер де ағаштарды қамқорлыққа алып, олардың өсуіне өз үлесімізді қосуымыз керек.
Ағаш егіп, оны баптап, күтіп өсіріп қала көркеюіне, яғни жасыл желекке айналдыруға атсалысумыз керек.
Таза ауада дем алсақ денсаулығымыз нығаяды.
Осымен ертегіміз аяқталды.
ҮІ. Сергіту сәті. Қимыл-қозғалыс арқылы айту:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Биік болып өседі.
Интерактивті тақтада: Н. Ә. Назарбаевтың жолдауынан үзінді: «Қазақстан – ауасы таза, суы- мөлдір жасыл желек-
ке айналуы тиіс»,- деген болатын.
ҮІІ. Бекіту. 1. 3 топқа 3түрлі әріптен басталатын етістіктер жазу. 1) А 2) Ж 3) Т
2. Сақ бол, жаңылма! Мен бір сөз айтамын. Сол сөзді өз тобына қос. Зат есім. Етістік.
ҮІІІ. Бағалау.
ІХ. Қорытындылау. Сабақ ұнады ма? Біз бүгін қандай жақсылық жасадық?


Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Категориясы: Тәрбие сағаты.
Тақырыбы:Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін және сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Жаман әдеттен аулақ болуға, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: Жақсы, жаман туралы түсінік беру;
жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту;
жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу
Сабақтың барысы: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз бұрынғы тәрбие сағатынан өзгеше,себебі біздің, яғни сіздердің сабақтағы алғырлық, тапқырлықтарыңды байқау үшін сабағымызға апайлар мен ағайлар қатысып отыр.Қане,барлығымыз өз білгендерімізді қысылмай ортаға салайық.
Көрініс. Екі бала ойнап жүр.
Ербол:-Асқар екеуміз доспыз ғой,ия ?!
Асқар:- Ия доспыз.
Ербол:-Сен ешкімге айтпа,менде керемет нәрсе бар.
Асқар:-Ол не нәрсе ?
Ербол:-Мінекей көрсеңші(қалтасынан темекі көрсетеді).
Асқар:-Ол не болғаның?(шошынып) Қайдан алдың?
Ербол:-Папамнан көрсетпей алдым.
Асқар:- Папаңнан?Папаңнан неге аласың,темекі деген жаман нәрсе,денсаулыққа зиянды.
Ербол:-Болса ше? Менің папам неге тартады?
Асқар:-Ой,достым,сенің папаң жас күнінде темекіге әуестенген,сол қателігін қазір жөндей алмай жүр.
Ербол:-Ой, достым,дегенмен осыны тартып көрсек қайтеді?
Асқар:-Жоқ,мұндай жаман әдеттен аулақ болғанымыз абзал.Әйтпесе құримыз,онан да ойынымызды жалғастырайық.
Шаттық шеңбері.
- Балалар, шеңбер құрып, өлең жолдарын айтайық.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,Үлгі аламыз жақсыдан.

- Балалар, кәне, бір - бірімізге жақсы лебіздерімізді білдірейікші.
- Қайырлы күн,
- Сабағымызды жақсы оқиық
- Әрқашан күн сөнбесін,
- Аспанымыз ашық болсын.
- Аман болайық.
- Деніміз сау болсын.
- Бәріміз дос болайық. Тату болайық. т. б сөздер айтады.
- Балалар, бізде бүгін «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты тәрбие сағаты болмақ. Жақсы, жаман, әдептілік туралы мақал - мәтелдерімізді айтайықшы.
Миржан: Үлкенді сыйласаң, елге сыйлы боласың.
Азизбек: Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.
Жұлдыз: Үлкенге құрмет, кішіге ізет.
«Жақсы болу өзіңнен» өлеңін барлығы жатқа айтады.
- Жақсы болу өзіңнен
Жаман болу өзіңнен
Өзіңді өзің ая да,
Өзің үйрен өзіңнен.
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла.
Жақсылық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла!
- Жарайсыңдар, балалар. Балалар, бір - біріне лебіз білдіруі сәлемнен басталады. Сәлем - сөз анасы, сөздің қасиеті, сондықтан оның мағынасына мән беру әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы. Олай болса амандасудың қандай ережелерін білесіңдер?
Сабрина: - Таныс адам алыс жерден келсе, оған барып амандасқан жөн.
Исмайл: - Ассалаумағалейкум, деп амандасқанда қолғапты шешу керек.
- Дұрыс, ендеше балалар, барлығымыз бірге «Ізгі сөздер» өлеңін айтайық.
Ұл - қыз сәлем береміз
Өнегелі өренбіз.
Білер қазақ баласы:
«Сәлем - сөздің анасы».
- Балалар, қозғалмалы ойын ойнайық. (Онда үлкен көрнекілік автобус көлігі, оның ішінде жүргізуші, отыратын екі - үш бала және де әже рөлінде ойнайтын қыз бала).
Ойын: Қозғалмалы ойын. Автобус ішіндегі көрініс.
- Балалар, сендердің үйлеріңде әжелерің бар ма?. Ендеше, мынау біздің әжеміз, ол сендерге базардан алма сатып әкелмекші. Ол үшін қандай көлікке отыруы керек?
- Автобус көлігіне.
- Ендеше, аялдамадан автобус күтейік.(Әже аялдамада тұрады).
Автобус жүргізушісі аялдамаға келіп тоқтайды. Ішіне әжей кіреді. Сол кезде оған ешкім орын бермейді.
- Балалар, қараңдаршы осы көрініс дұрыс па?, әлде бұрыспа?
Балалар еркін түрде өздерінің ойларын айтуға тиіс.
- Жоқ дұрыс емес, үлкен кісіге орын беру керек. Біз үлкендерді сыйлауымыз керек. Амандасуымыз керек. Орнымыздан тұрып: «Сіз отырыңыз» деуіміз керек деп көптеген сөздер айтып, өз ойларын білдіреді.
- Дұрыс айтасыңдар балалар, біз үлкендерді сыйлауымыз керек, амандасып, орнымыздан тұрып орнымызды ұсынуымыз керек - деп тұрып тұрған әжейге орын беріп, отырғызу.
Автобусымыз баратын жеріне жетіп, әжеміз автобустан түсіп базарға келеді. Базардан алма сатып алады.
- Міне, балалар, сендерге әжелерің базардан алма сатып әперді. Енді барлығымыз бірге «Не деу керек?» өлеңін айтайық.
Апаң сенің базардан,
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, жақсысын,
Саған таңдап әперді,
Не деп барып, жеу керек?,- Рахмет, сізге деу керек.
- Өте жақсы. Енді бәріміз сергіту сәтін орындайық. ( Буфер арқылы ән).
Сергіту сәті.
- Кәне, балалар, орнымыздан тұрып, бой сергітіп алайық.
Бала, бала, балақан,
Қане, қайсы алақан?
Саусақтарың әйбәт,
Былай - былай ойнат.
Күндей жайнап алақан,
Қолымызда жалау бар,
Жалауымыз жайнап,
Би билейміз ойнап.
Сәлден соң есік қағылып, Әдемі қыз сыныпқа кіреді.(Бастауыш оқушысы).Бізге қонаққа әдемі қыз келіпті.
- Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің атым - Әдемі қыз. Мен сендерге құр қол келгенім жоқ. Тапсырмалар ала келдім.
- Балалар, бізге Әдемі қыз(бастауыш сыныбының оқушысы) суреттер алып келіпті. Сол суреттер бойынша сөйлесейік. Жаман әдеттерді қара қалтаға саламыз. Жақсы әдеттерді қызыл қалташаларға саламыз.( тақтаға ілдіру).
- Мына суретке қараймыз, не көріп тұрмыз? Қыз бала мен ұл бала ағаш отырғызып жатыр. Бұл балалар қандай балалар?
Жақсы, онда Азамат қай қалтаға салады екенін көрейік.

- Екінші суретке қарайық. Не көріп тұрмыз?
- Отырғызып қойған ағашты бала келіп сындырып жатыр. Бұл қандай бала?
Жаннұр қандай қалтаға салады екен.
- Ендігі суретте не көріп отырсыңдар?
- Бұл суретте бала ағашқа шығып, құстың ұясын бұзып жатыр. Бұл қандай бала? Жаман бала.
- Ал, мына суретте не көріп тұрсыңдар? Бала құстарға ұя жасап, талға іліп қойды. Қандай бала?
- Жақсы. Олжас қандай қалташаға салады екен.
Өте жақсы, енді екінші тапсырмам.
- Сендер мамаларың мен папаларыңа көмектесесіңдер ме?
- Кәне, қалай көмектеседі екенсіңдер көрейік.
Тәрбиеші: - Біз үлкенді қалай құрметтейміз, қалай сыйлаймыз?
Жарас: Үлкеннен бұрын сөйлемеу, алдын кеспей құрметтеу керек.
Айнұр:
Кім үлкенді сыйласа,
Кім үлкенді тыңдаса,
Үлкен болған кезінде,
Сыйлы болмақ өзі де.
Гүлжайна:
Апам үшін күнде мен,
Отын ағаш жарамын.
Су құямын гүлге де,
Дүкенге де барамын.
Амина:
Сыпырамын үй ішін,
Жуам ыдыс – табақты.
Апам бірақ мен үшін,
Оқымайды сабақты.
Әдемі қыз:- Балалар, сендер өте тәрбиелі, жақсы мен жаманды ажырата біледі екенсіңдер, үлкенді сыйлай білетін, құрмет көрсете білетін жақсы балалар екенсіңдер. Мен сендерге риза болдым. Сендерге рахмет - деп кластан шығып кетеді.
- Сонымен балалар, жақсы бала қандай болады?
Таза жүректі, әдепті, үлкенді тыңдайтын, кішіге қамқор болатын.
Үміт:
Жақсылыққа құштармыз,
Жақсы адам болып шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс.
- Көлік ішінде егде адамдарға не істейміз?
Үлкенге орын беру. Амандасу. Ұлдар аталарды көргенде «Ассалаумағалейкум» десе, апа, әже, апайларды көргенде «Сәлеметсіз бе?» деу керек.
Қорытынды:
- Әдемі қыздың әкелген тапсырмаларын орындады. Біздің балалар жамандық пен жақсылықты ажырата біледі. Көптеген тәрбиелі мол түсініктер алды. Сабағымды аяқтамас бұрын, Ұлы ақын Абай атамызд
өлеңін оқып берейін
(Абай атаның суреті) көрсету.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз,
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ.
Бес дұшпанын білсеңіз,
Талап, еңбек терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой.
- Балалар, сендер осы Абай аталарыңның нақыл өлеңін мәңгі естеріңде сақтап, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиреніп, әрқашанда білімді, еңбекқор, өтірік айтпай, мақтаншақ болмай, тәрбиелі азамат пен азаматшалар болып өсулеріңе тілектеспін.

Қыз өссе - елдің көркі
Сабақ мақсаты: Қазақ халқының салт – дәстүрі туралы жалпы білім беру;
Халықтың салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын, ауыз әдебиеті шығармаларын оқу арқылы рухани жан дүниесін байыту;
Қыздарымызды өзінің ата- тегін ұғынып білуге, бойына ұлттық сананы сіңіруге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Мақал- мәтелдер, шарлар, гүлдер,интерактивті тақта.
Барысы:
І- жүргізуші: Қайырлы күн қадірлі ұстаздар, оқушылар!
ІІ- жүргізуші: «Қыз өссе – елдің көркі» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
І-ж: Енді осы сайыстың талаптарымен таныстыру үшін және әділқазыларды сайлау үшін ұстазымызды ортаға шақырамыз.
Мұғалім шығып сөйлейді: Армысыздар, қадірлі қонақтар, оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымызды «Қыз өссе- елдің көркі» деп тегін атаған жоқпыз. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанда туған тілімізде сөйлеп, туған жерімізде еркін өмір сүріп жүргеніміз- үлкен бақыт. Ал осы еліміздің ертеңі - мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Сондықтан ұлтымыздың салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру -басты мақсатымыз. Бүгінгі сайыс төмендегі бағыт бойынша өтеді:
1.Өзін- өзі таныстыру.
2. «Өнерпаз болсаң арқалан». Өз өнерлерін көрсетеді, яғни би билеу, ән айту, мәнерлеп оқу.
3. Шебер қолдар. Үй тапсырмасы.
4.Мақал- мәтел айтып, жарысу, мақалды жалғастыру.
5. «Білгенге маржан». Сұрақтарға жауап.
Енді әділқазыларымызды сайлаймыз. Келген мұғалімдер мен ата-аналардан сайланады.
І-тур:
ІІ-ж: Ойлы қызы халқымның
Отаным деп туады.
Бос жібермей әр күнін
Ана жолын қуады.
!-ж: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келеді міне ортаға толқып – тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің
Көңілді қошаметпен қарсы алады.
!!-ж: Шығады мың бұралып Айнұр биші,
Өнерді Айнұр сүйген бәрің сүйші,
Қыздары бұл сыныптың бәрі өнерлі
Шығады арасынан әнші- күйші.
1-ару шығып, өзін таныстырады.
І-Ж: Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл- сана,
Көркіне ақылы да сай келетін
Мұндалап келе жатқан қыз- Аида.
2- ару шығады.
ІІ-Ж: Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі өнерлі жан- жақты.
Келе жатқан Сәндігүл қыз
Жарысты бүгін жалғапты.
3-ару шығып сөйлейді.
І-ж: Қуантады білімімен бізді Фариза қыз,
Қол соғып қарсы алайық енді оны біз.
Білімің серік болсын талабыңа,
Бүгінгі қабыл болып тілегіміз.
4-ару өзін таныстырады.
ІІ-ж: Құлпырған дала гүліндей,
Жүресің әр кез күлімдей.
Арманыңа аңсаған Гүлсая қыз
Ақниетпен жет, сүрінбей.
5-ару шығып өзін таныстырады.
ІІ-тур:І-ж:
Кедеймін деп қысылма
Өнерің болса қолыңда.
Өнерлінің ырысы
Жарқырап жатар жолында – деп кезекті «Өнер» сайысына берейік.
Қыздар өз өнерлерін көрсетеді.
ІІІ-тур: ІІ-ж:
Шеберлерім өнер тамып қолынан
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін
Біз айтайық төрелігін соңынан, - деп кезекті үй тапсырмасына береміз. Аруларымыз өздерінің құрақ-оюларын кезекпен әділқазылардың алдына әдеппен апарып береді.
ІҮ-тур: І- ж:
Шебер болсаң тіл байып
Шешендіктер бір ғайып
Мақал- мәтел үйреніп Тілімізді шыңдайық,-деп келесі сайысқа кезек берейік.Қыздар ИТ –да жазылған мақал-мәтелдерді жалғастырады.
Ү-тур: ІІ-ж:
Ендігі кезек «Білгенге маржан» деп аталады. Бұл сайыста қыздарымыз ИТ-да берілген сұрақтарға мүдірмей, шапшаң жауап берулері керек.
І-ж: Келді міне бүгін сынауға
Сыналып үлкендерден үлгі алуға
Салты бар өнерлі осы ортада
Берер деп әділқазы әділ баға,- деп Әділқазыларға сөз береміз.
Әр қызға лайықты атақ беріледі: Сынып аруы, Сүйкімді ару, Өнерлі ару, Шебер ару, Әдепті ару.
Мадақтамалармен марапаттап, сыйлықтарын беру.
Сандар әлеміне саяхат.
Сабақ мақсаты: Білімді, жан-жақты болуға, білуге деген қызығушылығын арттыру.
Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылдыру.
Ұлттық тәрбие бере отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Сайыс-сабақ.
Көрнекілігі: Слайдтар,мақал-мәтелдер, кеспе есептер, ғарыш кемелері.
Пәнаралық байланыс:Ана тілі, дүниетану.
Сайыстың барысы: 1. Мұғалім сөзі: Балалар, математикалық апталыққа арналған бүгін біз сайыс- сабақ өткіземіз. «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз» дегендей, математикадан алған білімдерімізді осы сайыста шыңдайтын боламыз. Енді ойын шарттарымен таныстырайын.
Топтастыру. Әр топ өз девиздерін айтады. Топбасшылары өздерін таныстырады.
«Қызықты шаршылар».Топбасшылар сайысы
Сандар сыры. Топаралық жарыс.
«Кім шапшаң?» Ғарыш кемелерімен тапсырмалар беріледі.
Мақал-мәтел сайысы. Кубизм әдісі.
Қорытындылау. Топбасшыларына сөз беріледі.
Шарт бойынша І кезең. Сыныпты 3 топқа бөлу.
1 топ: «Болашақ» тобы. Девизі: «Еліміздің болашағы біз боламыз!»
2 топ: «Білім» тобы. Девизі: «Білімді мыңды жығады».
3 топ: «Достық» тобы. Девизі: «Бәріміз біргеміз берік іргеміз!»
1-кезең: «Қызықты шаршылар». Топбасшылар сайысы:
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Сұрақтар: 1.Сабалақ деген атпен 7 жасында Абылайды қай би өз қамқорлығына алды?(Төле би)
2. 7 күндік аптаны енгізген мемлекет ? (Вавилондықтар)
3. Кубты қалай табамыз? ( Үш өлшеммен: енін,ұзындығын, биіктігін көбейту)
4. Ені мен ұзындығын көбейту арқылы нені табамыз? ( ауданды)
5. Ағайынды 5 жігіт келеді. Әрқайсысында бір- бірден қарындасы бар. Барлығы неше ағайынды? (6)
6. Мен 1 адаммен келемін. Ол әкем емес.Ол кім маған?(анам)
7. 7 ғаламды атаңыз.(Оңт.,Солт.,Батыс, Шығыс, Аспан, Жер,Жерасты)
8. Мына геом-қ фигуралардан не құрастыруға болады?(құс ұясын)
9.
ІІ кезең. Сандар сыры.
3 топқа үш санға байламдар айту тапсырылады.
І топ: 7 санының сырын ашу.
ІІ топ: 5 санының сырын ашу.
ІІІ топ. 3 санының сырын ашу.
ІІІ кезең. «Кім шапшаң?» Апталықтың ашылуы 12 сәуір –ғарышкерлер күнімен қатар келді . Ғарышқа қай топ алғаш боп ұшады?
Топтарға ғарышкерлер кемесіне жазылған тапсырмалар беріледі. Қай топ 1-ші болса, сол топ ұтады.
І топ тапсырмасы:1. Сөзжұмбақ шешу.
1. Жеті күннің бірі.
2. ___ ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
3.21:3 нешеге тең?
2. Ауызша сұраққа жауап беру.
ІІ топ тапсырмасы: Сөзжұмбақ шешу.
___ атасын білмеген жетесіздің белгісі
Үш жұрттың бірі.
99:33 нешеге тең?
2. Ауызша сұрақтарға жауап беру.
ІІІ топ тапсырмасы: Сөзжұмбақ шешу.
Бір елі ауызға ______ елі қақпақ.
Жұма нешінші күн?
25:5 нешеге тең?
2. Ауызша сұрақтарға жауап беру.
ІҮ кезең. Мақал-мәтел сайысы. Кубизм әдісі
1.___ аяқтыда бота тату,___ аяқтыда бөле тату.
2.___-лік болмай, тірлік болмас.
3.___ -еуі түгел болса, төбедегі келеді, ___-ауы ала болса, ауыздағы кетеді.
4.Білімді ______-ды жығады, білекті ____-ді жығады.
5.Ағайын ___ -ау , ана ___ -еу.
6. Жігіттің құны ______ жылқы, ары ______ жылқы.
Ү кезең. Қорытындылау. Топбасшылар сөз алады. Өз топтарының жинаған ұпай сандарын есептеу.

Интерактивті тақтада слайдпен сабақты қорытындылау.





Автор: dauke | 14-03-2015, 21:52
Қарау саны: 1042
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :