Г г дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: Г г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныстыру. Г дыбысы арқылы берілген сөздерді дұрыс оқу, жазуға, сөз ішіндегі г дыбысының ерекшелігін, дауыссыз дыбыс екендігін меңгерулеріне жағдай туғызу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
3. Тәрбиелік: таза, көркем жазуға, сауаттылыққа, Отанды сүюге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын,талдау.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптер, интерактифті тақта.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру
- Балалар, біз « Әліппе» әлеміне күннен- күнге терең бойлап келеміз. Әліппе бізге сан қырлы әріптер мен дыбыстардың құпиясын ашады. Ендеше сабағымызды «Әліппе» өлеңімен бастайық.
Мынау- әйбат Әліппе,
Іші толы әріпке.
Барлық ілім- білімнің
Әжесі осы Әліппе
- Балалар сендер өлеңді жақсы айттыңдар, сол үшін мен сендерге гүл берейін. Бұл жай ғана гүл емес сиқырлы гүл, оның артында әріптермен сандар жасырулы тұр. Сол әріптердің қандай дыбыс екенін айтайық.
А Т П Н Ғ Р Л У Ш Й О Қ Д М Б С Ы Ж Ұ Ң Е К І Ә И З Ө
- Балалар әріптерді жақсы меңгергендеріңді көрсеттіңдер.
- Енді өткен сабағымызды есімізге түсірейік
II. Өткен сабақты пысықтау
« Кім кінәлі» өлеңін жатқа айту.
а) Өлеңдегі балалардың аттарын атаңдар.
ә) Кінәлі кім? (Елемес)
б) Елеместің әрекеті дұрыспа?
III. Жаңа сабақ.
- Жарайсыңдар балалар. Сабақтың басында мен сендерге не беріп едім?
- Гүл.
- Дұрыс. Ал осы «гүл» деген сөз қай дыбыстан басталып тұр?
- Олай болса, біздер бүгін Г дыбысымен және әріпімен танысамыз
Г дыбысы- дауыссыз ұяң дыбыс. Г дыбысын айтқанда тіліміздің арты таңдайымызға тиеді. Созылып айтылмайды, кедергіге ұшырайды.
Гүл сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Гүл- 3 әріп, 3- дыбыс, 1 дауысты, 2 дауыссыз.
Бағандағы сөздерді буындап, мәнерлеп оқып беру.
Сөздік жұмыс.
Егін – бидай егілген алқап.
Егіз- бір сәтте, бір уақытта бірге туған екі бала.
Егеу- еңбек құралы
Кереге- киіз үйдің бөлшегі
Бетеге- шөптесін өсімдік
Шеңгел- тікенек тұқымдас өсімдік
Мезгіл- уақыт, жыл мезгілдері.
а) Өлеңді мәнерлеп оқу « Ақ көгершін» әні.
ә) Көгершін құсының ерекшелігіне тоқталу.
б) Әнін тыңдатып музыкамен айту.
4. Оқулықпен жұмыс
а) сөздерді іштей оқу.
ә )Тізбектеп оқу.
Сергіту сәті
IV. Шығармашылық тапсырма
1- топ «Шашылған әріптер»
2- топ « Қай буында жоғалттым»
3- « Сөзден сөйлем құра»
VII. Сабақты қорытындылау
- Біз не үйрендік?
- Қандай дыбыспен таныстық?
Рефлексия
- Бүгінгі сабақ ұнадыма?
- Қай тапсырма қызықты болады?
VII. Мадақтау
- Балалар бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар!


Автор: dauke | 4-04-2015, 19:57
Қарау саны: 2631
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :