5 саны » Қазақша білім сайты
Жарнама



5 саны

5 санын қосу және азайту тәсілдері
Кажей Зауреш
Сазды орта мектебі.

Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту тәсілдері
Сабақтың мақсаты: 5 санын қосу және азайту тәсілдері жайлы
білімдерін бекіту. 5 санының қасиетін ұғындыру.
Міндеттері:
А) білімділік: Бір таңбалы ауызша қосып азйтуды үйрету.
Ә) дамытушылық: Оқушының жан-жақты ойлауын,
ізденушілігін, ең негізгі ұғымды бөліп алуын, ойын
есептер арқылы шығармашылқ қабілеттерін дамыту.
Б) тәрбиелілік: Ұжымдық жұмыс істеуге, сауаттылыққа,
әдемі жазуға баулу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Көрнекіліктер: карточкалар, плакат, топ сілтемелері, кеспе цифрлар,
геометриялық фигуралар
Сабақтың барысы:
І Алғашқы ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Өзімді жақсы көремін,
Күн сайын өсіп келемін.
Жақсы оқып сабақты,
Үлкенге сәлем беремін.
ІІ Өткенді пысықтау
-Математика әлеміне саяхат жасау үшін біз тапсырмалар орындаймыз.
Оқушыларды екі топқа бөлу
1-топ – қызыл түс
2-топ – сары түс
1-тапсырма: «Кім көп біледі?»
1. Санды немен белгілейміз? (цифрмен)
2. Аптада неше күн бар! Бүгін аптаның қай күні?
3. Қосудың компоненттерін ата?
4. Азайтудың компоненттерін ата?
5. Санды біріктіргенде қандай амал қолданамыз?
6. Санды бөліп алғанда қандай амал қолданамыз?
7. Қандай геометриялық фигураларды білесің?
8. Гауһарда 5 алма,
Данада 2 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма?
9. 5 алманың екеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда қолында
Неше алма қалады?
10. Туысқан бес кісі,
Бірінен-бірі кіші.
Бәрінің аты бір,
Ең кішісі – шеткісі. (Бес саусақ)
(Жауап берген оқушыларға жұлдызшалар беріп отыру)
2-тапсырма: санды өрнектер жазылған карточкалармен жұмыс істеу.
3-тапсырма: Өрнектерден басқа салыстыру, есеп құрастыру, артық- кем, арзан-қымбат деген ұғымдарды білеміз.
І топ: Қоян 7, ал сәбіз 4. Қайсысы артық, қайсысы кем?
ІІ топ: Дәптер 9теңге
Қарындаш-5 теңге тұрады. Қанша арзан, қанша қымбат?

ІІІ Жаңа тақырып
- Бірінші кезеңнің тапсырмаларын дұрыс орындап, әйгілі «Математика еліне» келдік. Бұл елді ақылды, білімді Математика басқарыпты. Мұнда еріншектер мен жалқауларды кіргізбейді. Математика біздің білімімізді тексеру үшін тапсырмалар дайындап қойыпты.
Қазақ халқы 3,5,7,9, сандарын қасиетті сан деп есептейді. Ата-бабаларымыз бұл санға ерекше мән берген. Ендеше, осы сандар ішіндегі 5 саны туралы на білеміз?

Тапсырмалар орындау
1. 5-ке дейінгі санамақты айт:
1 дегенім – бірлік,
2 дегенім - еңбек,
3 дегенім-үміт,
4 дегенім – талап
5 дегенім – білім,
Білім жарық күнің.
2. Бес арыс: Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек, Мағжан.
3. 5дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.
4.5 асыл іс: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
5. 5қару: садақ, найза, қылыш, айбалта, шоқпар.
6. «5» баға: өте жақсы, үлгілі оқушыға қойылады. (жауап берген оқушыларға жұлдызшалар беріледі.)
IV Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырманы оқып беру. 2 топтан 2 оқушы шығып орындайды
2-тапсырма: ауызша
3-тапсырма: 4 сан аттай отырып, өсу және кему ретімен жазу.
5,10
10,5
V Сергіту сәті:
5 саусақ
Бас бармағым – әкем.
Сұқ саусағым – шешем.
Ортан терек –ағам,
Шылдыр шүмек – інім.
Кішкентай бөбек - мен.
-Бір үйде біз нешеуміз?
-Бір үйде біз Бесеуміз!
VI Өз бетімен жұмыс
4-тапсырма. Азайғышы 5 болатын айырмаларды жаз
VII Шығармашылық тапсырмалар
1. «Кім зерек?» ойыны.
- әр топтан бір бала келіп, геометриялық фигуралардың ішінен бірдей екі фигураны табады.
2. Сандар құрамы




VIIІ Сабақты қорытындылау
«Сөзді тап» ойыны арқылы қорытындылау.
Сөзді дұрыс тапсаңдар, бүгінгі сендерге қойылған бағаларын шығады.


4 5 6 5 3 1 2 7
Ж А Р А Й С Ы Ң

ІХ Үйге тапсырма беру
№4
Х Бағалау




Автор: Зауреш | 22-04-2015, 01:15
Қарау саны: 480
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :