сын есім

Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты: Сын есім туралы білімін тиянақтау; сөйлемнен, мәтіннен сын есімді табу дағдысын жетілдіру; сын есімнің зат есіммен байланысын анықтау; сөздік қорын молайту;лексикалық білім, білік, дағдыларын арттыру; ой - өрісін, танымын арттыру;
Күтілетін нәтиже: Сын есім туралы білімін тиянақтайды; сөйлемнен, мәтіннен сын есімді табу дағдысын жетілдіреді; сын есімнің зат есіммен байланысын анықтайды; сөздік қорын молайтады; лексикалық білім, білік, дағдылары артады; ой - өрісі, танымы артады;
Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: Қима қағаздар арқылы топқа бөлу, «көршіңе әңгімелеп бер » әдісі «құрастыр,одан кейін жауап бер» , «Шульер табақшасы», рефлексия
Жұмыс формасы: ұжымдық,топтық, жұптық, жеке
Көрнекіліктері: Суреттер, ереже, қима қағаздар,сызбалар
Пайдаланылатын әдебиеттер: қазақ тілі оқулығы 2-сынып, 2013ж Мұғалімдерге арналған қазақ тілінен әдістемелік құрал 2013ж Бастауыш сыныптарды оқыту журналдары. 45 минут kz, Bilimdiler сайты Мұғалімдерге арналған нұсқаулық ДБҰҰ 2012ж
Кезеңі Уақыты Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті мақсаты
Ұйымдастыру 5-10 Жаңа жылымыз көрісуден басталады. Ұлыс күнінде сәлемдесудің өз дәстүрі бар. Ер адамдар қос қолдап, төс түйістіреді. Ал әйелдер құшақтасып көріседі.Оқушыларға сәттіліктер тілей отырып,сабақты қима қағаздар арқылы топқа бөлуден бастаймын.
(ақ,қызыл, жасыл, көк, үлкен, кші,домалақ, сопақ, жақсы, жаман, әдепті ұқыпты)
-Балалар, осы сөздер нені білдіреді?
Топқа қалай бөлінуге болады?
Заттың пішініне, түсіне, қасиетіне қарай топтастыру.
-Бұл қай сөз табына тән?
-Бұдан басқа сын есім туралы не білдік?т.б
Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген жаттығуды талдау.оқушыларға әңгімені оқыту,қай мәтін түріне жататынын сұрау.
Уй тапсырмасын басбармақ арқылы бағалату. Жақсы қарым –қатынаста .топқа бөлінеді.




Оқушылар түрткі болатын сұрақтарға жауап береді









Алған білімдерін ортаға салады.



Тұлғааралық қарым-қатынас орнайды.




Оқушылардың сыни ойлауы, сөздік қоры молаяды.














Кіріспе кезең 10-15 Қызығушылығын ояту.
Үй тапсырмасын жаңа сабақпен байланыстыру.Ұжымдық жұмыс
Балалар,біз сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай анықтайтын едік?
Оқушылардың ойларын толықтырамын.бүгінгі сабақта орындалатын жұмыстар туралы мәлімет беремін. Оқушылар ойланып,бірігіп жұмыс жасайды,жас ерекшелігіне қарай өз ойларын ортаға салады, Сыни ойлануы, өз ойын ашық айтуы, қиялы дамиды,
Негізгі бөлім 15-20 Оқушыларға сын есім бойынша алған білімдерін молайту үшін «көршіңе әңгімелеп бер» әдісін пайдалана отырып 427-жаттығуды талдатамын. 1-топ сын есім туралы толық мәлімет береді.
2-топ
Өлеңнен сын есімді тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын таптыру.
3-топ
Өлеңдегі қошақан,ботақан,құлын сөздері қандай сұраққа жауап беретінін айту, бір сөзбен оларды қалай атайтынын айтқызу.Кретерий арқылы бағалау жүргізу.
Жұптық жұмыс «құрастыр,одан кейін жауап бер»
428-жаттығуды жұптаса отырып орындату.
Тал, кітап, шие, қоян, үй, көше
Оқушыларға бір –біріне сұрақтар қойдыру.
Жеке жұмыс.
429-жаттығуды тақтада орындату.
1.адасқан сөздерден сөйлем құрау;
2.Сұрақ қойып сөйлемдегі сөздің байланысын анықтаймыз.
430-жаттығуды өз бетінше орындайды.
1.ішінде сын есімі бар жұмбақ жазу;
2.Қай сөзбен байланысып тұрғанын табу.
Кеңейтілген тапсырма
Үлестірме тарату Топта бірігіп жұмыс жасайды




Жас ерекшелігіне қарай жұмыс жасайды. Сыни ойлауы, сөздік қоры дамиды
Қорытынды бөлім 5-10 «Шульман табақшасы» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
Білу, түсіну, қолдану.
Рефлексия
Бүгінгі сабақта не ұнады?
Не қиын болды?
Не білдің?
Үйге тапсырма
431-жаттыгу
Ойларын қорытады,өз-өздерін бағалайды. Өзін өзі бағалай алады.
Ілмек сөздер: сын есім, сын есім
Автор: Ләзиза | 27-04-2015, 10:00
Қарау саны: 2015
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :