Қазақ тілі "Сын есім"

Абенова Шолпан Қазақ тілі 2сынып
27.02.2015ж Сырдария ауданы
№35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейі
Сабақтың тақырыбы Сын есім. 407-411-жаттығу
Жалпы мақсаты
Жаңа сөз табының түрімен таныстыру, оның қазақ тіліндегі ролін түсіндіру.
Сын есімдерді өзге сөз таптарынан ажырата білу, зерттеу нәтижесін талдай білу, тұжырым жасау дағдыларын қалыптастыру. Сұраққа өз бетінше жауап іздеуге қызығушылығын ояту.
Күтілетін нәтиже Сын есімдерді анықтап, оны басқа сөз таптарынан ажырата біледі. Ережесі мен сұрақтарын меңгереді.
Қажетті құрал - жабдықтар Интер. тақта, кесте, үлестірме, стикер
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Топқа бөліну ,»Ретімен орналастыр» әдісі,жұппен, топпен, жеке жұмыс, «Гүл күлтелерін жина» ойыны, «Кластер» әдісі, кері байланыс.
Жүргізілетін жұмыс
Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
2 минут

5 минут

5 минут

5мин

5мин

5мин

3мин
5мин

5мин

5мин І.Ұйымдастыру кезеңі

1. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.
Біз жалғыз емеспіз,
Біз бәріміз біргеміз.
Қандай істе болса да,
Мықты біздің іргеміз.

2. Топқа бөліну
Оқушыларды «Қуырмаш» өлеңі арқылы бес топқа бөлу:
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Балапанға бидай шаш,
Тауықтарға тары шаш.
Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек

ІІ. Өткенді қайталау
«Ия-жоқ» әдісі бойынша өткен сабақты пысықтау.

Жаңа сабақ
Қызығушылығын ояту.
«Ретімен орналастыр» әдісі
Мына тақырыптарды өтілу ретімен қой:
Сөйлем, Мәтін, Сөз, Етістік, Зат есім,


Мақалды оқы, мәнін аш:
«Білмеген ұят емес,
Оқымаған ұят»

Сабақтың тақырыбын хабарлап, мақсатымен таныстыру:
Сын есім

Оқулықпен жұмыс
407-жаттығу
Мынау – сары қарындаш,
Мұнымен күнді бояймын.
Мынау – қоңыр қарындаш,
Мұнымен құмды бояймын.
Мынау – жасыл қарындаш,
Мұнымен гүлді бояймын.
Мынау – көк қарындаш,
Мұнымен суды бояймын.

Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, оның сын есім екенін ұғындыру,

Ережені түсіндіру:
Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім дейміз.
Сын есімдерге қандай? қай? деген сұрақтар қойылады.
Мысалы: көк, әдемі, тәтті, жақсы, үлкен.

ЖЕКЕ ЖҰМЫС

408-жаттығу
Мақалды жатқа жаз:
Жақсы жер – жанның тынысы
.Жақсы адам – елдің ырысы,

Жұптық жұмыс. Кестемен жұмыс.

Түсі көлемі дәмі қасиеті

Тапсырма "Белгілеріне қарай ажырат”:
Берілген сын есімдерді кестедегі белгілерге қарай ажыратып жаз:
1-жұп: тұщы, жасыл, үлкен, мейірімді.
2-жұп: адал, қоңыр, тәтті, қатал
3-жұп: жуас, қызыл, қалың, балдай.
«Бағдаршам» арқылы бағалау

СЕРГІТУ СӘТІ

Топтық жұмыс.
"Гүл күлтелерін жина” ойыны
«Басбармақ» арқылы бағалау

Жаңа сабақты бекіту 

"Кластер” әдісі

Кері байланыс. Оқушы - мұғалім 
Сабақ мәресіне жетті және ол бағалауды талап етеді.
Сабақ қалай өтті?.... Өте жақсы, көңілсіз, жақсы, әлде нашар,
мүлде керексіз, пайдасыз…. өмірлік мәні бар ма…? Қандай?
Сабаққа , өзіңе баға бер.
Карточкіні толтыр (5 балдық жүйемен):
1. Өзім сабаққа қалай қатыстым? 1 2 3 4 5
2. Мұқият тыңдадым ба? 1 2 3 4 5
3. Қызықты пікір қоса алдым ба? 1 2 3 4 5


Кейінгі тапсырма:
409-жаттығу
Ережені жаттау

Оқушылар өлеңді хормен айтады.


«Санамақ» өлеңі арқылы топқа бөлінеді.

Сұраққа толық жауап бере отырып, өткен сабақты қайталайды.
Жаңа сабақтың тақырыбын өздері ашып алады

Мақалды оқып, иәнін түсіндіреді.

Өлеңді мәнерлеп оқиды, қимылмен көрсетеді.


Сын есімдерді табады.

Ережені ұғынады.

Жұптаса отырып, кестені толтырады.

Сергіту сәтін жасайды.


Жаңа білімді талдайды, жинақтайды.

Өзін және өзгені шынайы бағалайды.


Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
Ілмек сөздер: Сын есім, сын, есім
Автор: Шолпан | 30-04-2015, 00:40
Қарау саны: 5786
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :