Ақ қоян

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
"№15 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ
Абдыкаримова Салтанат Каппановна

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 17.11.2014ж.
Білім беру саласы: «Шығармашылық».
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: Ақ қоян

Мақсаты:
• әр түрлі пішіндерді пайдалана отырып, қоянның суретін салуды үйрету;
• табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу;
• ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: қоянның үлгі суреті, альбомдар, акварель, қылқаламдар, қарындаштар, дидактикалық ойын, үнтаспа.
Билингвалды компонент: ақ-белый, ұзын-длинный, құлақ-ухо, дене-тело, құйрық-хвост.


Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивация-
лық қозғаушы-лық
Жұмбақ:
Ақ түсті, ұзын құлақты,
Сәбізді жақсы көреді.
Ол не?

«Сиқырлы пішіндер» ойыны
Пішіндерден қоян құрастыруды ұсынылады.

Жұмбақтың шешімінін қоян екенін айтады.



Пішіндерден бүтін сурет құрастырады.

Ұйымдастыру-іздестіру
Үлгі суретті көрсетіп, ретімен салғызу.
Қоянның суретін салу технологиясы:

• үлкен көлемді сопақша (денесін) салу;

• сопақшаның сол жағына орташа сопақшаны салу (қоянның басы);

• орташа сопақшаның жоғарғы жағына екі кішкентай сопақшалар (құлақтар) салынады;

«Қимылын келтір» ойыны:
Әуенмен жануарлардың жүрістерін келтіруді ұсынылады.

• үлкен сопақшаның төменгі жағында кішкентай дөңгелек (қоянның құйрығы) сыздыру.

Мақал:
«Жұмысы жоқтың ырысы жоқ».
Мақалдың мағынасын түсіндіру.
Үлгі суретті тамашалайды.


Қоянның денесін салады.

Сопақшаның сол жағына қоянның басын, жоғарғы жағына екі кішкентай сопақшалар-құлақтарын салады.

Жануарлардың жүрістерін әуенге сай көрсетеді.

Сопақшаның оң жағына қоянның құйрығын салады.


Мақалды тыңдап, мағынасын түсініп алады.

Рефлексивті - түзетушілік Көрме ұйымдастырылады.
Балалардың еңбектерін бағалап, мадақтау.
Жұмыстарын көрмеге қояды, тамашалайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: гуашь пен қылқаламды дұрыс қолдануды.
Нені игереді: сопақша, дөңгелек пішіндерді пайдалана отырып, қоянның суретін салуды.
Нені біледі: қоянның жабайы аң екенін.
Ілмек сөздер: ақ қоян, Ақ қоян
Автор: Жансая | 30-04-2015, 23:03
Қарау саны: 3467
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :