«Алматы» мәтіні.

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы

Жаңаталап орта мектебі

1 «Ә» сыныбы

Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: «Алматы» мәтіні.

Мақсаты:

1 Оқушылардың оқу- жазу дағдыларын жетілдіру, сөздерді дұрыс тасымалдауға жаттықтыру. Мәтін мазмұнын меңгерту.

2. Сөздік қорын , байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту;

3. Отансүйгіштікке, әсемдікке тәрбиелеу.

Түрі: дәстүрлі

Әдісі: түсіндіру, оқыту,сұрақ- жауап т.б.

Көрнекіліктер: Алматы тарихына слайд, қоян бейнесі,күн,Сәбіздің қимасы.

Сабақтың барысы:

1.Үйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.

-өз қаласын жақсы білемін деп жүрген қоян адасып кетіпті. сол қоянның көңіл күйі қандай назар аударайықшы?

/ Жабырқаулы қоян бейнесі/

-Қоян қай қалада тұратын мекенжайын білмейді екен. Ал, Балалар сендер өз мекенжайларыңды білесіңдер ме?

/ Өз мекен-жайларын айтқызу/.

Сол қоян адасқаннан жүре беріпті.Ешкім оған көмектесе алмапты.

Қоянның айтуынша әсем бір қалада тұрған екен.

-Кәне, қандай әсем қалаларды білеміз айтайықшы?

-Өткен сабақта қай қаланы өтіп едік, еске түсірейікші.

-Астана қаласы.

-Балалар, сендер қоянға көмектескелерін келе ме?

-Әрине

-Олай болса , біз қоянға көмектесу үшін біраз тапсырмалар орындауымыз керек екен.

ІІ Үй тапсырмасы: Біздің бірінші көмектесетін тапсырмамыз үй тапсырмасы. Үйге не берілді.

« Өз Астанам- өз Ордам» өлеңін мәнерлеп оқу.

ІІІ Білімдерін тексеру.

-Өлеңде Астана туралы не айтылған?

-Астана жайында білетініңді әңгімеле.

-Астана сөзін жазып келе жатқанда жолға сыймай қалса қалай жазасың?

-Осы жерде балалар ережені айтып еске түсіру.

ІY Мақсат қою.

Y Жаңа сабақ

 

-Ал енді біз қоянның көңіл күйіне назар аударайық.

-Қоянымыздың көңіл күйі әлі де қандай?

-Яғни ол Астана қаласында тұрады ма екен?

Жоқ.

Олай болса балалар мына ребусты шешіп көрейікші?

 

 

 

 

 

 

 


 


-қандай сөз шықты?

-Иә. Әсем қаламыз Алматыға келіппіз.

-Ал енді қоянның көңіл күйі қандай екен? / Көңілді күліп отыр/

-Неге? (Өзінің тұратын қаласын тапқаны үшін)

-Қоянға көмектестік пе?

-Біракта ол бізбен қалғысы келіп отыр.

Жаңа сабақ.

-Бүгін біз Әбдіраш Жәмішовтың (Алматы» мәтінімен танысамыз.

Автормен таныстыру.

1928 жылы Қызылорда облысы Тереңөзен ауданындағы Бесөзек ауылында дүниеге келген.

Әбдіраш Жәмішевтің(Жамаладдинов) туғанына 85 жыл (1928−1995)
Мәтінді мәнерлеп оқып беру, іштей оқытып, түсініксіз жерлерін түртіп алу, сөздік жұмыс жүргізу. тізбектеп оқыту.

ҮІ. Түсінігін тексеру.

- Мәтінін авторы кім?

-Мәтін не туралы?

- Алматының әсем жерлерін ата. (слайд көрсетіледі)

ҮІІ Дәптермен жұмыс. 93 жаттығу. Берілгенін оқытып, мақалды көшіру.

Алтын ұяң –Отанқымбат,

Құт- береке – атаң қымбат,

Туып өскен елің қымбат.

-Қарамен жазылған сөздің қалай жазылатынын айт.

-Отан сөзін буынға бөлу.

-О- тан, ал тасымалдағанда қалай жазамыз?

Бір әріпті жалғыз қалдырып кете аламыз ба?

Құт- береке – қос сөз бұны біз жоғары сыныптарда өтеміз.

ҮІІІ Сергіту сәті:

Қоян болып тұрамыз

Мойнымызды бұрамыз,

Былай- былай қараймыз,

Оқуға сонда жараймыз.

94 жаттығу. берілгенін оқыту. Таулардың аттарын бір бөлек, өзен аттарын бір бөлек тасымалдап жазу.

Үлгі ретінде бір оқушы тақтаға жазады.

Таулар: Ала- тау, Алтай, Қара –тау

Өзеңдер:Есіл, Іле, Ер- тіс

ҮІІІ Сабақты қорыту:

Балалар сендер енді қоянның көңіл күйіне қарайықшы.

Қандай көңіл күйде?

-Енді қоянымызбен қоштасатын сәт те жеткен секілді.

-Балалар осы сабақта қандай мәтінмен таныстық?

-Мәтін не туралы еді?

ІХ Оқушыларды бағалау.

Х. Үйге тапсырма: «Алматы» мәтінін оқу.

 

 

 

 

 

Автор: dauke | 12-01-2016, 20:08
Қарау саны: 1322
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :