Аяулы жан -Анашым » Қазақша білім сайты
Жарнама



Аяулы жан -Анашым

Қарқаралы ауданы Сарыобалы ауылы №34 негізгі орта мектебі

бастауыш сынып мұғалімі Садуакасова Ботакөз Серикбаевна

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Аяулы жан -Анашым»

Мақсаты: анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету; оқушылар бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту; адамгершілікке, ізгілікке, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер. шарлар. гүл макеттері

Мұғалім: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 Наурыз -Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.Құрметті аяулы аналар, ардақты әжелер, ұстаздар, қыздар мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Әрдайым мейірім шуағын төгіп жүре беріңіздер!

Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі тәрбие сағаты аналарға арналады.

«Аяулы жан- Анашым» атты мерекелік тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

 

1- жүргізуші Жебе:

-Жер Анаға тіршілік нәрін себер, көктеммен бірге барлығымыз үшін қымбатты мейрам келіп жетті. Барша аналарға, аруларға ілтипатымызды білдіре отырып осынау төл мерекелеріңіз шын жүректен құтты болсын.

 

2- жүргізуші Келбет:

-Ана! Осы жалғыз ауыз сөзде талай сыр, талай терең мағына жатыр. Ананың балаға деген шексіз махаббаты, адамдарға деген мейірімі, ақ тілегі.

 

1-оқушы Алдияр:

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

2-оқушы Ақжарқын:

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың.

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым!

 

3-оқушы Зейнеп:

Анам менің күн көзіндей шуақты,

Даладай кең, таулы өзендей қуатты.

Дүниедегі жақсылықтың барлығы,

Жан анадан тарап жатқан сияқты.

 

4-оқушы Асылбек:

Ана деген- өмірдің кәусәр бұлағы,

Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы,

Ана деген- теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

 

5-оқушы Жебе

Ана дейміз бәріміз деп аңқылдап,

Ана дейді жас сәби жарқылдап.

Ана деген - бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық, алтын бақ.

 

6-оқушы Келбет:

Ана деген- жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген- қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген- өмірдегі қамқорың,

Ана деген- сүйенерің, жан құрбың.

 

1-жүргізуші: Ән: «Анашым»

2-жүргізуші: -Ұлдардың дайындаған шағын көріністерін тамашалаңыздар.

( Бос дәптер, Менің де шашым ағара ма ? )

 

1-жүргізуші: -Жүзімізге қараңыз,

Біз бақытты баламыз.

Бізге қымбат құшағыңыз,

Бізге қымбат анамыз.

 

 

2-жүргізуші: -Бала, бала , бала деп

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

 

 

 

7- оқушы Зейнеп:

Мен өзіңмен қайда жүрсем біргемін,

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің.

Асыл сөзің жүрегімде жүр менің,

Қандай бақыт ортамызда жүргенің.

8-оқушы Ақжарқын:

Өзіңсің сүйікті анам құдіретім,

Жанымды жадыратып күлдіретін.

Сендегі маған деген мол мейірді,

Нұр толы қос жанарың білдіретін.

9- оқушы Асылбек:

Өзіңсің өмірдегі асылым да, ардағым да

Бір өзіңе ақтарып сыр, жыр арнадым.

Анашым айтарым көп тіл жетпейді,

Бір сендей асыл адам таба алмадым.

10 -оқушы Келбет:

Адалдыққа баулыған әуел бастан,

Сақтадың оттан, судан, тау мен тастан.

Ақ ботаңды демей гөр, жан анашым,

Үлкен өмір жолында аяқ басқан.

11 – оқушы Жебе:

Ақыл айтып баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Аялаған ұрпақтарын

Көп жасасын жақсы адам.

12 – оқушы Алдияр:

Кемеңгерсің, данасың,

Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтаймын,

Аман болшы, анашым.

Барлығы бірге:

Бақытты ғой шынында,

Анасымен балалар.

Құтты болсын мереке,

Аман болсын аналар.

 

1-жүргізуші: ән: «Аяулы анашым»

2 жүргізуші: - Ұлдардың шағын көріністері:

( Түс, Тілімді жеп көрші, Жұмыртқа қалады)

 

Ән: «Ақ мамам»ұлдар орындайды

1-жүргізуші Жебе: Биші қыздардың орындауында

«Жаяу» биі тамашалаңыздар.

 

1-жүргізуші Жебе:

Оқуды да ойлаймыз,

Бірге күліп ойнаймыз.

Қыздарды да аялап,

Мерекесін тойлаймыз.

Алдияр: Бәйгеде озған жүйріктей,

Аласың бестік іркілмей.

Ақжарқын біздің әдепті,

Даланың әсем гүліндей.

Жебе: Тазалықты сүйетін,

Сабағын да білетін.

Әдемі қыз Келбет

Ұзақ болсын өмірің.

Асылбек: Сыныптасым Зейнеп

Алғыр, зерек, білімді.

Көмектесіп ұстазға

Үнемі алда жүреді.

Қыздарға сыйлықтарын береді.

 

-Аналарымызға деген біздің көңіліміз, құрметіміз ұшан теңіз.Аналар, сіздерге арналған сыйлығымызды қабыл алыңыздар.

 

-Қош, сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор: dauke | 29-01-2016, 20:19
Қарау саны: 944
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :