Еңбек - бәрін жеңбек

Пән: Өзін-өзі тану

Сабақтың тақырыбы:Еңбек - бәрін жеңбек

Еңбек - куаныш, жалқаулык - айырылмас азап.

Абай

Көрнекі құралдар: сюжетті суреттер, Оқушылардың қолөнер жұмыстары.

Шаттық шеңбері

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі. Гүл туралы білетіндерін айтады, және гүлдерді бір-біріне сыйлау арқылы жақсы тілектерін айтады.

Мұғалім: Балалар енді гүлдің сабақтарына мұқият қарасаңдар қызыл, сары, жасыл түсті қағаздан белгілері бар. Енді кімде жасыл бір топқа, кімде сары бір топқа, кімде қызыл бір топқа отырамыз. Балалар енді топқа бөлінген соң топтың аты болады. Енді тобымыздың атын табу үшін алдымызда жатқан шашылған әріптерді жинаймыз.

(соңында топтың аттары белгілі болады)

Балалар бүгін біз сабағымызды сендермен 3топ болып жарыс түрінде өткіземіз. Топпен жұмыстың қандай тәртібі бар кім айтады. Жақсы

Енді балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- еңбектің адам өміріңдегі мәні туралы түсінік беру;

- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;

- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Үй тапсырмасы: Балалар үйге қандай тапсырма берілді. 3топқа әртүрлі тапсырмалар берілген.

1-топқа (Көрініс көрсету)

2-топқа (Өлеңнің мағынасын ашу)

3-топқа (мақалдың мағынасын түсіндіру)

Әрбір топ бір-біріне сұрақтар қояды. Бірінің сұрақтарын толықтырады.

Мұғалім: Сонымен қатар үйге еңбек-бәрін жеңбек тақырыбында қолөнер заттарын жасап келу, сурет салу тапсырылған. Және де қыздарымыз үйде аналарына тамақ дайындап та көмектеседі екен оныңөзі үлкен еңбек. Бүгінгі сабағымызда Жанель анасымен бірге дайындаған тағамын ұсынбақ.

Әңгімелесу

·Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

·Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?

·Өздерің еңбектің қай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?

·Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?

·Еңбек туралы қандай мақал білесіңдер?

Балалардың жауаптары.

Тапсырма

Мұғалім суреттерге қарап, еңбектің түрлерін анықтау (3-топ сурет бойынша өз ойларын айтады)

Сахналау

Еңбектің адам өміріндегі мәнін рөлдік орындаулар арқылы түсіндіру үшін сахналау тәсілі қолданылады.

Үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ)рөлдерде өлеңді мәнерлеп оқиды.

Қайдан келдің, бауырсақ?

Ө. Тұрманжанов

Дастарқанда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап тұрып көзін сап:

- Қайдан келдің, бауырсақ?

- Деп сұрады қуыршақ.

- Дүкеннен келдім
Нан сатқан,

- Деді оған бауырсақ.

- Дүкенге келдің қай жақтан?

- Наубайдан келдім нан жапқан.

- Наубайға келдің қай жақтан?

- Диірменнен келдім ұн тартқан.

- Диірменге келдің қай жақтан?

- Даладан келдім кең жатқан.
Жер-анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.

 

Оқулықтағы суреттер бойынша (жаюлы дастарқан үстінде шашылып жатқан бауырсақтың, нан дүкені сөрелеріндегі неше түрлі нандардың, нан жауып тұрған наубайшының, диірменнің, егіс да-ласының) оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы«Нан дастарқанға қандай еңбекпен келеді?» - деген сұрақ аясында шығып сөйлейді.

Сергіту сәті:

Тапсырмалар: Балалар 3-топқа тапсырмалар беремін

1-топқа «Отбасына»

2-топқа «Өзіңнің білім ордаң мектебіңе»

3-топқа «Достарыңа» арналған жақсы тілектеріңді жазыңдар. (бірнешеуіне тез-тез оқыту)

Қорытынды:

Нақыл сөз: «Жастығымда еңбек бер, қартайғанда дәулет бер» Бауыржан Момышұлы

Нақыл сөз бойынша сұрақтар қою.

Білемін, білдім, білгім келеді.

Балалар бүгін барлықтарың сабаққа жақсы қатыстыңдар. Әрбір топ бір-бірлеріңнен қалыспадыңдар. Бүгінгі сабағымызда Достық жеңді.

Үйге тапсырма: Балалар күнделіктеріңді ашып үйге тапсырма жазып алыңдар

(Ата-анаңның еңбегі туралы әңгімелеу)

Жүректен жүрекке

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып, «Біз бақытты баламыз» әнін айтады.

Қарағанды облысы Абай ауданы

№1 қосымша білім беру

мектеп-орталығы

бастауыш сынып мұғалімі

Мәдениет Айнагуль

 

«Еңбек - бәрін жеңбек»

тақырыбында ашық сабақ

 

Автор: dauke | 17-02-2016, 21:38
Қарау саны: 3546
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :