«Күз-мереке,күз береке»

Кузнецкий жалпы білім беру орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Чоягийн С.

«Күз-мереке,күз береке»

Кештің мақсаты: оқушыларды ұйымшылдығын ,қызығушылығын арттыру,ой-өрісін кеңейту.Табиғат сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік:шаралар,әр түрлі жапырақтар,жеміс-жидектер мен тағамдар қойылған дастарқан,күзге байланысты нақыл сөздер.

Жүргізуші:

Қош келдіңіздер «Күз-мереке,күз береке» еліне. Бүгін 2-4 сыныптар арасында «Күз-мереке,күз береке»мерекесі тойланғалы жатыр. Мерекеге көп балалар дайындықпен келді. Мерекелі күз келгелі бәрімізді қуантады. Кел, жемісі мол алтын күз, халқымыз кемелдене берсін.

Жүргізуші:

Қуандырып біздерді,

Берекелі күз келді.

Мерекелі күз келді,

Көбейді құт береке –

Астық толы қоймамыз

Құтты болсын мереке

«Алтын күзді» тойлаймыз.

Жүргізуші:

Өрік, алма

Шие, алма

Жидек жүзім піседі.

Қауын – қарбыз

Қияр – сәбіз

Қоймаларға түседі.

Айтыңдаршы балалар

Бұл қай кезде болады? (Күзде)

Балалар білесіңдер ме? Неге біз «Алтын күз» деп атаймыз?

Жүргізуші:

Біз айтамыз Алтын күз деп

Көп піскен соң бау ішінде

Сары алтындай сары қауын

Қауын – қарбыз жемістермен

Толтырамыз қол себетті

Алтын күз деп атлды

Күз айы да сол себепті

Сонымен балалар мерекелік шара сайыс түрінде өтеді. Сайысты бастамас бұрын. Әділқазылар алқасымен таныстырайық:

Әділқазы,мына отырған ағалар,

Әр ғылымның иегері ,ұстаздар.

Сіздерсіздер сан алтындай салмақтап,

Ортамыздан нағыз жүйрік саралар.

Ал балалар мен сендерді бүгінгі сайыс шарттарымен таныстырайын.

1-ші сайыс: Таныстыру (Әр топ өздерін таныстырады)

2-ші сайыс: Жұмбақ шешу кезеңі

3-ші сайыс: Кім тез түсінеді?

4-ші сайыс: «Кім шебер?»

5-ші сайыс: «Сән үлгілері»

Сонымен балалар! 1-ші сайысымыз «Таныстыру»2-4 сыныптар өздерін таныстырып өту керек.

Жүргізуші: 2-ші сайыс: Жұмбақ шешу кезеңі

Мен сендерге жұмбақ жасырамын. Қай топ жауабын дұрыс айтса сол топ тапқыр екен?

1)Көктемде көгереді

Жазда ырысқа бөленеді.

Күзде пісіп, марқаяды,

Қыста бірден қартаяды. (Жер)

 2) Ол келсе орман шулайды

Толқын теңіз тулайды

Қуса өзін қуады

Ешкім оны қумайды. (Жер)

 3) Мінезі ашық данадай

Пейілі кең анадай

Оған барлық тіршілік

Еркелейді баладай.

 4)Тарсылдап түседі

Жер бетіне жетеді.

Жер бетіне жеткен соң

Ғайып болып кетеді. (Бұршақ)

 5) Жылт-жылт еткен

Жылғадан өткен (Су)

 6) Ақ сандығым ашылды

Ішінен жібек шашылды.

(Күннің көзі)

Әр командадан оқушылар шығып күз туралы жаттаған тақпақтарын мәнерлеп айтып берсін. Балалар мен қазір сендерге мақал – мәтел айтамын сендер соның жалғасын табыңдар. Қане, қай топ тапқыр және жылдам.

1)Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек

 2)Кесте тіккен зерлеп

Мұның аты – еңбек.

 3)Қырға шықсаң, өрлеп

Мұның аты – еңбек.

 4)Сабағыңды жөндеп

Әзірленсең – еңбек.

 5)Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

 6)Еңбек етіп ас ішесің

Балдан тәтті болады.

 7)Істегенің еліне жқсы,

Үйренгенің өзіңе жақсы.

 8)Еңбек еткен емеді,

Еңбексіз не өнеді?

 9)Еңбегің қатты болса,

Татқаның тәтті болар.

3-ші сайыс: Кім тез түсінеді? Мен сөздер берем сол сөздерді дұрыстап жазу .сәбіз-біәзс

4-ші сайыс: «Кім шебер?» Жапырақтан әр түрлі мүсіндер жасау Уақыт 3 минут

5-ші сайыс: «Сән үлгілері» Оқушылар әр түрлі киіп келген киімдерін таныстыру

6-шы сайыс: «Үй тапсырмасы» Әр түрлі тағам түрлерін жасап әкеліп таныстыру

Жүргізуші: Әр топты бағалап ,марапаттау.

Автор: dauke | 22-02-2016, 22:29
Қарау саны: 2208
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :