Ү дыбысы мен әрпі.

Кузнецкий жалпы білім беру орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Чоягийн С.

Пәні:Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Ү дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру. Жеке сөздерді оқуға, сөзді тұтас, сөз тізбектері мен сөйлемді тез оқуға дағдыландыру,сөздік қорын дамыту. Ұйымшылдыққа,бір-бірін тыңдай білуге,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріптер,плакаттар,

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

Қызығушылығын ояту:

Үй тапсырмасын тексеру

- Малдың төлдерін ата.Қандай мақалдармен таныстық?

1.Сөз атасы –мақал 2.Жақсы сөз-жарым ырыс.3.Өтірік айтпа,ұрлық жасама.

«Бөпешім» өлеңін жатқа айтқызу. Сөздерді дауыстап оқыту.

-Ө қандай дыбыс?

-Ө дауысты дыбыс.Мысалдар келтіру:Өзен,өлең, бөрік, көмір,өркеш т.б.

Шаттық шеңбері.Хормен «Әліппе өлеңін жатқа айту»

Топқа бөлу

І топ «Үкі»

ІІ топ «Үйрек»

ІІІ топ «Қарлығаш»

Жаңа сабақты түсіндіру

а) Суреттегі құстың аты не?

Үкі, үйрек сөздеріне буындық талдау жасату.

Бүгінгі танысатын әрпіміз Ү деп аталады.Ү дауысты дыбыс.Сөздің басында,ортасында келеді.

Үй құстарын атаңдар:тауық,әтеш,үйрек,қаз,күркетауық

Ү-ү-ү дыбыстату. ү қандай дыбыс екен?

Ү әріп таңбасымен таныстыру: Баспа түрі-Үү, Жазбаша түрімен таныстыру

Плакатпен жұмыс

Суретте не бейнеленген?Мынау –үтік.Мынау-үкі.Мынау-үстел.Мынау-үйрек.

Қай мезгіл бейнеленген?Бұл жаз мезгілі.Жайлауда киіз үй тұр.Есік алдында қыз бала тұр. Қыз баланың тақиясындағы үкі туралы түсінік беру.

Топтарға тапсырма. Сөздерді оқу және буынға бөлу.

І топ: үкі,үйрек,үйшік.

ІІ топ: күріш,күміс, күшік.

ІІІ топ: түлкі,күлкі,түйме

ә) Ү дыбысына берілген сөздерді оқытып, мағынасын ашу.

б) Ү-ні қай буыннан естіп тұрмыз? ү-кі кү-ріш түл-кі жү-рек үй-рек кү-міс күл-кі кү-рек үй-шік кү-шік түй-ме жү-зік

Дәптермен жұмыс.Ү әрпін жазу.

Сергіту сәтін өткізу. «Он саусақ»

Ой толғаныс: в) Жұмбақ шешу.

Шарлап келіп даланы,

Үйіме үйін салады. (қарлығаш.)

Қарлығаш –киелі құс. Ұясын бұзуға болмайды.Жұмыртқасын ұстауға

болмайды.

г) Тақтамен жұмыс: Жеке сөздер жазғызу:үкі,үй,үйрек,сүт,күт.

Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қай дыбыс және әріппен таныстық?Үйге тапсырма: Ү дыбысымен әрпін оқу және жазу.

Бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыны мадақтау

 

 Кузнецкий жалпы білім беру орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Чоягийн С.

Тақырыбы:Ел ағасы-ЕлбасыМақсаты: Оқушыларға еліміздің алғаш президентінің өмірі жайлы қысқаша мәлімет беру, ол кісінің халқы үшін жасап жатқан еңбектері жайлы түсінік беру.Патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының рәміздері, «Менің

Отаным-Қазақстан» оқулығы, суреттер

Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі.

Кірісп Біздің еліміз жыл сайын 1 желтоқсанда Қазақстан Республика-сының Тұңғыш Президенті күнін атап өтеді.Өйткені, 1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республика-

сының тұңғыш президенті болып сайланды.Бұл сайлауға бүкіл халық қатысты.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекшілігімен Қазақстан тәуелсіз ел болды.Халық оған «Елбасы» деген құрметті атақ берді.

Нұрсұлтан Әбішұлының өмірбаяны туған ел тағдырымен тығыз астасып жатыр. 1940жылдың 6 шілдесінде Алматы обылысындағы Қаскелең ауданына қарасты Шамалған ауылында өмірге келген.Әкесі Әбіш пен анасы Әлжан еңбекқор,өнерлі жандар болған.

Нұрсұлтан Әбішұлының мамандығы- металлург. Жалынды жастық шағын Теміртау мен Қарағандының заводтарында домна пештерінде болат балқытуға арнаған. Спортпен шұғылданған,ерте есейіп, басшылық қызметтерге ерте араласты.

Тұңғыш Президент күні-халықтың Елбасына деген сый-құрметі мен сенімін білдіреді.Президенттік биліктің рәміздері мен белгілері

Қазақстан Республикасы Президентінің рәміздері мен белгілері бар. Солардың бірі- Қазақстан Республикасы Президентінің төсбелгісі.Оны Елбасы мемлекеттік мейрамдарда,әскери шерулерде және шет мемлекеттердің елшілерін қабылдағанда тағады.Президенттің жеке туы-Президент байрағы бар.Ол белгі Елбасының Ақордасына және оның көлігіне бекітіліп қойылған. Елбасы –«Алтын Қыран» орденінің иегері.

Асылбек:

Айнымайтын аспаннан,

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды,

Асхат:

Көк аспанда қызыл күн,

Көк аспанда- жас қыран,

Естілгендей біздің үн,

Сол ғарыштың астынан.

Айжан:

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат ,әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

Дінмұхамбет:

Құт, береке- шаңырақ

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген.

Нұрлыбек:

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім –Елтаңба.

Қорытынды

Автор: dauke | 22-02-2016, 22:41
Қарау саны: 3913
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :