Рахмет саған- Әліппе

«Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі:

Бимуханбетова Айгүл Ерсәлімқызы

Тақырыбы: «Рахмет саған- Әліппе!»

Мақсаты:а)Білімділік

Білімнің сара жолы әліппе екенін, әліппеден оқып үйренген білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

ә)Дамытушылық

Алғаш әріпті үйреніп, қолына қалам алып жаза білуін үйреткен әліппемен қоштасу. Отанын, елін сүюге дағдыландыру, ой-өрісін дамыту.

б)Тәрбиелік

Білім берер ордасы - мектепті, ұстазды құрметтеп, ата-аналарды сыйлай білуге және оқушылардың білімге құштарлығын арттыру.

Көрнекілігі:Қанатты сөздер мен тақырып.

Кіріспе сөз

Қайырлы күн аяулы ұстаздар,ардақты ата-аналар,қонақтар!«Рахмет саған,Әліппе!» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда, адасқанда

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда,-деп Міржақып ағамыз айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл-ойлары толысып, оң мен солды жақсы мен жаманды айыра білуді үйреткен - бұл, қолдарына алғаш рет ұстап,бетін ашып оқыған кітаптары «Әліппе» екені бәрімізге мәлім.

Әліппе кітабы білімге бастайтын алғашқы жол. Ендеше «Рахмет саған,Әліппе» ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер!

1 «Б» сынып оқушыларын ортаға шақырайық!

Елнұр:

Ассалауағалейкум,уа,халайық! Барлық ғылымның атасы,болашағымыздың негізі- әліппені бітіріп отырмыз!

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар ұстаз қауым қымбатты.

Меруерт:

Сәлеметсіздер ме ,құрметті ата-аналар! «Әліппе саған мың алғыс!» атты ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер!

Армысыздар әжелер мен аналар,

Ұрпағымыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар!

Д. Диас:

Армысыздар өр тұлғалы әкелер,

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне, әліппемен қоштасып,

Азамат болды, кешегі сәби-еркелер.

Назгүл:

Армысыңдар, аналар!

Бармысыздар балалар!

Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз!

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр әніміз.

Елнұр:

Өтті оқу сан сабақ,

Оқулық пен достассақ,

Бүгін үлкен салтанат

Әліппеміз қоштаспақ.

Өсті білім,бойымыз

Хормен: Құтты болсын тойымыз!

Аяла:

Балалар, естеріңде ме?! Алғаш мектеп табалдырығын аттап,сыңғырлаған қоңырау үнін естіген күндерің қай күн еді?

Хормен: 1-қыркүйек

Күмбір-күмбір қоңырау,

Соғылған ай қыркүйек.

Қалам ұстап қолыма ,

Жазылған ай қыркүйек.

Меруерт:

Балалар, бұдан соң қолымызға қызықтап алғаш ұстаған кітабымыз қайсы кітап?

Хормен: Әліппе кітабы

Мұғалім: Ал енді осы Әліппенің алғашқы бетінде кімнің суреті бар?

Хормен: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Мұғалім: Қымбатты балалар, өздерің алғаш қолға ұстаған аяулы Әліппе кітаптарыңды ортаға шақырайық!

Хормен: Сәлеметсіз бе, Әліппе!

Әліппе:

Армысыздар жас достар!

Армысыздар ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Менің атым - Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте

Мені оқып ержеткен

Апаң менен атаң да

Әкеңменен анаң да

Шопан , биші ұстаз да,

Ғарышкер де, аспаз да,

Барлық, барлық жақсы да,

Әріптерден басталған.

-Балалар, мен бұл мерекеге қуана, толғана келіп тұрмын.

Елнұр:

Ендеше балалар бүгін қонақтарға оқу сауатымызды көрсетейік (кітап оқу).

Елнұр:

Балалар, сендердің Әліппе кітабын осылай оқуларың мына отырған ата-аналарың мен ұстазымыз үшін үлкен қуаныш.

Меруерт:

Иә,бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ, өйткені біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.

Хормен: Рахмет саған,Әліппем!

Мұғалім: -Балалар енді Әліппемізге арналған тақпақтарымызды айтып берейік.

Қарақат:

Ыбырай Алтынсарин- тұңғыш қазақ мұғалімі. Ол алғаш әліппені жазды.

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдынан,

Іздемей-ақ табылар.

Аружан:

Абай-қазақ халқының ұлы ақыны. Біз Абай атамыздың «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба», деген өлеңдерін үйрендік.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан,

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

Али:

Әліппемен аштым өмір есігін,

Тербетемін білім бөбек бесігін.

Өмір деген өрлі өзеңге шомылып,

Жаттап өттім ұстазымның есімін.

Көрініс, мақал-мәтелдер т.б

Мұғалім:

-Ендеше біздің кішігірім концерттік бағдарламамызды тамашалаңыздар!

Елнұр:

Шашу, шашу шашайық!

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық.

Қыздарымыздың шашу биін қабыл алыңыздар! 1.Шашу биі (Аймекен, Гүлмарал)

Рахмет саған- Әліппе

 Мұғалім:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің,әр айың,

Тойларыңыз құтты болсын ата-ана,

Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын! -дей отырып осымен«Рахмет саған-Әліппе»-атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Ендеше сынбымыздағы Диас баламыздың батасын алайық!

Елнұр: Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет! Қош сау болыңыздар!

Қорытынды сөздер беріледі.

 

Автор: admin | 11-03-2016, 10:07
Қарау саны: 874
    
Жарнама

Пікір жазу
Сіздің есіміңіз: *
Эл.почта: *
Жартылай семіз Қисайған мәтін Сызылған мәтін Сызылған мәтін | Сол жаққа қою Ортаға қою Оң жаққа қою | Смайлик қою Сілтеме қоюҚорғалған сілтеме қою Выбор цвета | Жасырын мәтін Үзінді қою Таңдалған мәтінді транслитерден кирилицаға ауыстыру Вставка спойлера
Қауіпсіздік коды: Қауіпсіздік кодын көрсету үшін осы суретті қосыңыз
Жаңарту, егер код көріңбесе
Кодты енгіңіз: :